КГУ "СОШ 32" город Семей

КГУ "СОШ 32" город Семей

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from КГУ "СОШ 32" город Семей, School, Докучаева 57, Semey.

Photos from КГУ "СОШ 32" город Семей's post 18/06/2026
17/06/2026

№32 ЖОББМ КММ-де үлкен өмір есігін ашқалы тұрған 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн — шәкірттердің үлкен өмірге жасаған алғашқы нық қадамы. Көздерінен қуаныш пен толқыныс байқалған түлектеріміз мектеп қабырғасындағы 11 жылдық белесті артқа тастап, қолдарына арманға жетелейтін құжаттарын алды. Мектеп директоры А.Е.Сулейменова түлектерге ақ жол тілеп, білім туралы аттестаттарын салтанатты түрде табыстады. Оқуда озық болып, мектеп мақтанышына айналған «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері ерекше құрметке бөленді. Аяулы сынып жетекшілер мен қимастықпен көздеріне жас алған ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектер мен әндерін арнады. Ал шәкірттер өз кезегінде алтын ұя мектебіне зор алғыстарын білдірді.
Құрметті 2026 жылғы түлектер! Алда сіздерді үлкен белестер, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр. Таңдаған мамандықтарыңыздың нағыз шебері болып, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті азамат атануларыңызға тілектеспіз!

15/06/2026

Бүгін, 15 маусым күні, 11-сынып білім алушылары қорытынды аттестаттау аясындағы соңғы мемлекеттік емтихандарын тапсырды. Қазақ тілінде білім алатын сыныптар орыс тілі мен әдебиеті, ал орыс тілінде білім алатын сыныптар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен емтихан тапсырды.

Емтихан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Білім алушылар емтихан барысында академиялық адалдық қағидаларын сақтап, өз білімдері мен тілдік құзыреттіліктерін көрсетті.

Осылайша, 2025–2026 оқу жылының 11-сынып түлектері қорытынды аттестаттаудың барлық кезеңдерін толық аяқтады. Алдағы уақытта түлектерді аттестат тапсыру салтанаты күтіп тұр.

Мектеп әкімшілігі барлық түлектерге емтихандарды сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы өмір жолында толағай табыс, жоғары оқу орындарына сәтті түсу және жарқын болашақ тілейді. 🎓✨

Photos from КГУ "СОШ 32" город Семей's post 12/06/2026

12 маусым күні мектебімізде 9 жыл бойы білім алып, алғашқы үлкен сынақтан өткен түлектерімізге негізгі орта білім туралы аттестаттары салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл күн — шәкірттеріміздің еңбегінің, ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының ортақ жемісі. Салтанатты жиында сөз алған мектеп директоры Сулейменова А.Е. түлектердің, ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен еңбегін жоғары бағалап, балалардың болашағына сәттілік тіледі. 9 жыл бірге оқыған сыныптастар үшін бұл — қимастық пен қуаныш қатар ұялаған сәт.
Қымбатты түлектер!
Қай жолды таңдасаңыз да, қадамдарыңызға нұр жаусын! Еліміздің мақтанышы, білімді де саналы азаматы болыңыздар!👏👏

12/06/2026

2026 жылғы 12 маусым күні N32 ЖОББМ КММ жанындағы «Достық» балалардың демалыс орталығында «Балдәурен» тобында «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар қызықты әрі көңілді «Босс-молокосос» мультфильмін тамашалады. Мультфильм кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылап, олардың достық, мейірімділік, жауапкершілік сияқты жақсы қасиеттері туралы ой бөлісті. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Іс-шара балалар үшін танымға толы, әсерлі әрі қызықты өтті. Олар жаңа әсер алып, уақыттарын көңілді өткізді. Көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

11/06/2026

📚 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы жалғасуда

Бүгін 9-сынып оқушылары үшін маңызды күндердің бірі болды. Бітірушілер мемлекеттік қорытынды аттестаттау аясында орыс тілі пәнінен соңғы емтиханын тапсырды. Екі сағатқа созылған емтихан барысында оқушылар өз білімдерін, сауаттылықтарын және дайындық деңгейлерін көрсетті.

Биылғы түлектеріміздің арасында үздік аттестатқа үміткер оқушылар да бар. Оларға алдағы нәтижелерде сәттілік тілейміз және еңбектерінің жемісін көрулеріне тілектеспіз!

Құрметті түлектер, емтихандарды сәтті аяқтауларыңызбен құттықтаймыз! Алда жарқын болашақ пен үлкен жетістіктер күтіп тұр!

#ҚорытындыАттестаттау2026 #9Сынып #МемлекеттікЕмтихан #ОрысТілі #Түлектер2026 ҮздікАттестат МектепЖаңалықтары 🎓✨

11/06/2026

2026 жылғы 11 маусым күні N32 ЖОББМ КММ жанындағы «Достық» балалардың демалыс орталығында «Балдәурен» тобында «Кино әлемі күні» ұйымдастырылды.

«Кино әлемі күні» аясында балалар қызықты әрі танымдық мультфильм тамашалады. Мультфильм кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылап, олардың бойындағы жақсы қасиеттер туралы ой бөлісті. Бұл шара балалардың қиялын дамытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Want your school to be the top-listed School/college in Semey?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Докучаева 57
Semey