Kaftppib

Kaftppib

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Kaftppib, Education, Semey.

Photos from Kaftppib's post 16/04/2022

Тағы бір сенбілік #тазалық өзімізден басталады

Photos from Kaftppib's post 09/04/2022

09.04.22ж. Кафедрамыздың студенттері мен оқытушылар құрамы бүкіл қалалық сенбілікке қатысты
Сенбілік-тазалық кепілі.
Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, топпен ұжымдық жұмыс істеуге келешек ұрпаққа үлгі - өнеге көрсету біздің міндетіміз!

02/04/2022

01.04.2022жылы Шәкәрім шаңырағында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, профессор Елемес Төлеуұлы Төлеуовтың туғанына 80-жыл толуына арналған үлкен іс шаралар өткізілді.

✨Бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, профессор Елемес Төлеуұлы Төлеуовтың құрметіне ғылыми мектеп кітапханасы ашылды.
Рәсімге университет басшылығы, профессор –оқытушылар құрамы мен марқұмның туыстары, ҚР отандық және шетелдік ғалымдары қатысты.

Ғылыми кітапхананың қорына кафедрада 1993ж бастап жұмыс істеген диссертациялық кеңесте қорғалған 10 докторлық және 85 кандитаттық диссертациялардың авторефераттары, 11 PhD диссертациялары кірді. Сонымен қоса, Елемес Төлеуұлына арнап шығарылған естелік кітабы мен өмірінің негізгі кезеңдері, ғылыми еңбектері бар библиографиясы қойылды.

✨Екінші кезекте, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, профессор Елемес Төлеуұлы Төлеуовтың құрметіне арналған «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін әлемдік азық-түлік хабына түрлендіру: алғы шарттары және болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

💫Іс –шара ШҚО, Павлодар, Семей қаласының тауар өндірушілерінің азық түлік өнімдерін сату көрмесімен басталды.

💫Конференция жұмысына ЖОО ғалымдары, шетелдік ғалымдар,Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығының өкілдері,агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері, тамақ және қайта өңдеу саласының мамандары қатысты.

Аталған халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференцияда:
💫Азық-түлік өнімдерінің өндірісі мен технологияларын дамытудың заманауи үрдістері
💫Тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық үрдістері мен құрал-жабдықтарын жетілдіру
💫Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері 💫Қазақстан экономикасын дамытудың инновациялық бағыттары
💫Аөк салалары үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мәселелері
бағыттарында 200 –ге жуық баяндамалар тыңдалынды.

Photos from Kaftppib's post 31/03/2022

31.03.2022жылы Инженерлік-технологиялық факультетте Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент- мүшесі, профессор, КСРО спорт шебері Елемес Төлеуұлы Төлеуовты еске алуға арналған шахмат турнирі өтті.

Турнирге әр факультеттен екі білімалушыдан қатысты. Турнир өте қызықты және әділ өтті.

Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша:
жүлделі 🥇орынды- Баймусин Манас, ФК-903 тобы, ЖМФ,
🥈орынды -Протасов Андрей, ИС-004, ИТФ,
🥉орынды -Тоқтағали Аркен, ЭМ-101, ГЭФ иеленді.

Турнирге қатысқан барлық шахматшылар алғыс хатпен және ақшалай сыйақымен марапатталды.🎉1 – орын алған жеңіпаз шахматшыға ақшалай ұтыспен қоса профессор Елемес Төлеуұлының ұрпақтары атынан арнайы сыйлық табысталды.

31/03/2022

Білім беру бағдарламасы :

В068 Тамақ өнімдерінің өндірісі

31/03/2022
Photos from Kaftppib's post 25/03/2022

25 марта 2022 года в НАО "Университет имени Шакарима города Семей" состоялся фестиваль для выпускников школ "I go to Shakarim". Профессорско- преподавательский состав и магистранты кафедры
"Технологии пищевых производств и биотехнологии" Инженерно-технологического факультета в рамках профориентационной работы с абитуриентами провели встречу с учащимися выпускных классов средних образовательных школ города Семей. В ходе встречи абитуриенты были проконсультированы по широкому спектру вопросов, включающих выбор будущей специальности и учебного заведения.
Также учащимся была предоставлена подробная информация об образовательных программах кафедры, программах академической мобильности студентов, студенческой жизни в стенах университета.

Photos from Kaftppib's post 18/03/2022

"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" демекші Шәкәрім университетінде көктем мерекесі карсаңында "MISS SHAKARIM" байқауы өтті👸🏻.
Байқауға кафедрамыздан "Стандарттау және сертификаттау" оқу бағдарламасының 1 курс студенті Сайлаугазыева Айдана . қатысып, жүлделі III-ші🥉орынға ие болды. Факультет пен кафедра намысын қорғаған Айдана аруымызды құттықтаймыз! 💐
Шығармашылық табыс, оқуда үздік болып, тек биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз!!!

Photos from Kaftppib's post 17/03/2022

Наурыз қарсаңында қаламыздағы «Немере» балабақшасында өткен «Бауырсақтар жәрмеңкесіне» Шәкәрім университеті, «Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының ПП-901 тобының студенттері кафедра оқытушылары Қамбарова А.С., Муслимова Н.Р. жетекшілігімен «Жұлдыздар» бауырсағының рецептурасын құрастырып, жәрмеңкеге қатысты. Абай облысының құрылуына орай, Семейімнің жұлдызы жарық болсын деген мақсатпен жаңа өнім осылай аталды. Жәрмеңке өте жоғары деңгейде өтті. Жаңа «Жұлдыздар» бауырсақтары тұтынушылардың сұранысына ие болып, сатудан түскен ақша балалардың жан-жақты дамуына қажетті құралдар сатып алу үшін, балабақша қорына аударылды.

17/03/2022

"Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология" кафедрасы,
6В07202 -«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»білім беру бағдарламасының
ПП-901 тобына
«Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы» пәні бойынша “Сүттің сапасын бағалау және қышқылдығын есептеу “ тақырыбында оқытушы Тулеубекова Г.К зертханалық сабақ өткізді.

Photos from Kaftppib's post 14/03/2022

14 наурыз – қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Көрісу күні құтты болсын!Еліміз аман, ұлыс оң, ақ мол болсын!

Want your school to be the top-listed School/college in Semey?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Semey