24/07/2026
Республикалық жазғы сессия аясында педагогтерге арналған воркшоптар өтті
«Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» республикалық жазғы сессиясы аясында еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге жуық педагог практикалық воркшоптарға қатысты.
Алғашқы воркшопта қатысушылар 14 пәндік топқа бөлініп, 2026-2027 оқу жылындағы негізгі және жалпы орта білім берудегі өзгерістерді талқылады. Педагогтер жетілдірілген үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін, оқу мақсаттарындағы өзгерістерді, оқу процесін жоспарлау мен әдістемелік ұсынымдарды қолдану жолдарын қарастырды.
Екінші воркшоп 16 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Оның барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру тетіктері, тиімді оқыту тәсілдері, қалыптастырушы бағалау құралдары және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру процесінде пайдалану мәселелері бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Пәндік топтармен қатар мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтерге арналған арнайы алаңдар жұмыс істеді. Олар инклюзивті білім беру, «Адал азамат» бағдарламасының жаңа оқу жылындағы басымдықтары және «Жеке қауіпсіздік» курсы аясындағы нақты кейстерді талқылады.
Воркшоптар педагогтерге оқу бағдарламаларын әзірлеушілермен, тәжірибелі мұғалімдермен және сала сарапшыларымен тікелей пікір алмасып, жаңа оқу жылындағы өзгерістерді мектеп тәжірибесіне енгізудің нақты жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
24/07/2026
🏀 Мемлекеттік колледждердің спорт нысандары енді тұрғындар үшін қолжетімді!
«Білім туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік колледждер оқу процесінен тыс уақытта спорт залдарын, бассейндерін, стадиондарын және өзге де спорт нысандарын жалға бере алады.
🔹 Түскен қаражат спорт нысандарын жөндеуге, күтіп-ұстауға, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсалады.
✅ Бұл жаңашылдық спорт инфрақұрылымын тиімді пайдалануға, бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
17/07/2026
Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Гүлзада Сейлханқызы Сейтказина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мен лицензиялау бағытындағы кәсіби қызметі, жауапкершілігі, жоғары біліктілігі және білім сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз!
Марапат құтты болсын!
17/07/2026
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын өткізуге белсенді қатысып, олардың сапалы жүзеге асырылуына үлес қосқан сарапшылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Департамент сарапшылардың кәсібилігі мен жауапкершілігін жоғары бағалайды және олардың білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесіне алғыс білдіреді.
👏 Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт пен кәсіби табыстар тілейміз!
Сапаны қамтамасыз ету Комитеті
17/07/2026
Абай облысы мектептерінің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстың білім басқармасы және аудандық, қалалық білім бөлімдерімен бірлесіп мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты – білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылын уақтылы әрі сапалы бастауға дайындығын бағалау және білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз, қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету.
Мониторинг барысында ерекше назар келесі бағыттарға аударылуда:
✅ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі мен олардың белгіленген мерзімде аяқталуы;
✅ инженерлік инфрақұрылымның, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалар мен санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың жаңа оқу жылына дайындығы;
✅ мектеп аумақтарының абаттандырылуы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы;
✅ білім беру ұйымдарының басшыларымен және мердігер ұйымдармен бірлесіп анықталған мәселелерді жедел шешу.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты ұсынымдар беріліп, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
Сапаны қамтамасыз ету Комитеті
17/07/2026
2026–2027 оқу жылына дайындық: оқушылар сапалы оқулықтармен қамтамасыз етіледі
Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бекіту және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
✅ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық оқулықтарға қосымша сараптама жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою жұмыстары аяқталғаннан кейін оқулықтар кезең-кезеңімен білім беру ұйымдарына жеткізіледі.
📖 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3-сыныптың бірқатар пәндері және 7-сыныптың «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жаңартылған оқулықтар сатып алынады. Сонымен қатар өңірлерде оқушылар санының өсуі мен кітапхана қорын толықтыру қажеттілігіне байланысты қосымша сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және баспалармен бірлесіп, оқушыларды жаңа оқу жылына сапалы әрі заманауи оқулықтармен уақытылы қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
07/07/2026
📚 Мемлекетшілдік мектептен басталады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында білім беру саласын дамытудағы негізгі басымдықтар айтылды.
Сұхбатта мемлекеттік мектептердің сапасын арттыру, білім мазмұнын жаңарту, мұғалімдерді қолдау, жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, оқу мәдениетін қалыптастыру және мектеп кітапханаларының рөлін күшейту мәселелері қамтылған.
Министрдің айтуынша, мектептің басты міндеті – сапалы біліммен қатар, заңды құрметтейтін, кітап оқитын, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін әрі мемлекетшіл азамат тәрбиелеу.
Толық сұхбат: [https://anatili.kazgazeta.kz/news/65482](https://anatili.kazgazeta.kz/news/65482)
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
25/06/2026
Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау қызметі толық автоматтандырылды. Өтінімді elicense.kz порталы арқылы онлайн түрде береді.
Электронды формат:
✅ құжат рәсімдеу процесін жеңілдетеді;
✅ уақыт пен әкімшілік шығындарды азайтады;
✅ лицензиялау рәсімінің ашықтығын арттырады.
2026 жылдан бастап балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметі міндетті лицензиялауға көшті.
Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес «балалар сауықтыру лагері» ұғымы «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» терминімен алмастырылды. Бұл ұйымдардың тек сауықтыру емес, сонымен қатар білім беру бағытындағы қызметін де қамтитынын көрсетеді.
Лицензия алу үшін:
▫️ elicense.kz порталына кіру;
▫️ «Білім беру» бөлімінен тиісті қызмет түрін таңдау;
▫️ қажетті мәліметтерді енгізу;
▫️ мемлекеттік баж салығын төлеу;
▫️ өтінімді ЭЦҚ арқылы растау қажет.
Лицензия 5 жыл мерзімге беріледі. Өтінімді қарау мерзімі – 30 жұмыс күніне дейін.
Лицензиялық талаптар балалардың қауіпсіздігін, медициналық қызметтің болуын, санитариялық нормалардың сақталуын, білім беру-сауықтыру бағдарламаларын және қолайлы инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК Сапаны қамтамасыз ету Комитеті
19/06/2026
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 19 маусым күні 2026 жылғы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» №114-НҚ бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында өткізілетін мемлекеттік аттестаттаудың өткізу тәртібі бойынша биылғы мемлекеттік аттестаттаумен қамтылатын білім беру ұйымдарының әкімшілік құрамына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.