Mektep257

Mektep257

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Mektep257, High School, Сапарбаев, Qyzylorda.

Photos from Mektep257's post 05/12/2019

«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» байқауында Бас жүлдені жеңіп алған
Өтепберген Нұркелді
Қызылорда қаласы №257 орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Көпберген Нұргүл
Нұркелді – мектеп мақтанышы. Дарынды оқушы көркем сөз оқуда шеберлігімен талайларды таң қалдырып жүр. Жас таланттың осы уақыттың осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері де бірталай. Әдебиетті жанына жақын тұтқан өнерпаз поэзия әлеміне терең бойлай отырып, өлеңді ерекше нақышпен мәнерлеп оқып, талай байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Нұркелді өзінің сөз өнерін меңгергендігімен, өлеңді нақышына келтіре оқу шеберлігімен көрермендерді тәнті етті.
Дарынды оқушы бүгінде №257 орта мектептің оқушысы, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі, «Таланттар академиясы» оратор және лидерлік қабілетін арттыру мектебіне қабылданған.
Нұркелді- ата-әжесінің тұңғыш немересі. Баласы сайысқа түскенде тақымын қысып отыратын жандардың бірі- ата-әжесі. Әр байқаудан жеңіспен оралған сайын баласы үшін шын жүректен қуанып, төбелері көкке екі елі жетпей қалады.
Нұркелдінің жетістіктеріне тоқталсақ:
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» байқауында көркем сөз оқудан Бас жүлде
Алматы қаласында өткен Ресупубликалық «Күз береке» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ән-байқауыннда «Көркем сөз» номинациясымен Бас жүлде
Абай Құнанбавтың 175 жылдығына арналған «Әлем таныған- Абай» қалалық байқауда үздік өнер көрсеткені үшін І дәрежелі Диплом
Сыр елі бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған ХХІ облыстық «Бозторғай» конкурсына қатысып, өнер көрсеткені үшін Диплом
«Мәңгі ел- Қазақстаным!» оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде «көркем сөз жанрында» айрықша өнер, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Бас жүлде
Біріккен Араб Әмірлігі, Дубайда өткен «Бейбітшілік әлемі» атты Халықаралық Достық фестиваліне қатысып, жүлделі І орын
Нұркелдіге «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 7-8 мамырында Алматы қаласында өтетін Халықаралық «Біз бакытты баламыз» байқауына жеңілдікпен қатысуға шақыру берді.
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Халықаралық «Ыстықкөлдегі көңілді жаз-20» байқау –фестиваліне байқау жарнасын төлемей қатыса алады.
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ташкент қаласында 2020 жылдың наурыз айында өтетін дарынды балаларға арналған Халықаралық «Біз бақытты баламыз» атты өнер додасына шақырту алды.
Осының бәрі де аяулы, ардақты ұстаздардың жемісі. Оқушы жеңісі- ұстаз мерейі.Солардың күн демей, түн демей дамылсыз еңбек етуінің арқасында жеткен табыс.
Мектеп директоры Сүлейменова Гүлмира Камалқызы Нұркелдіні құттықтап, «Нұркелді, осылай толағай табыстарға жетіп, биік шыңдарды бағындыра бер» деген ізгі тілегін білдірді.
Өтепберген Нұркелдінің бойындағы ерекше дарынын, білімге құштарлығын, тәрбиелілігін, мейірімділігін өзі оқитын мектебі мақтаныш етеді және болашағынан үлкен үміт күтеді.

Photos from Mektep257's post 29/11/2019

2019 жылдың 29 қараша күні 257 орта мектебінде Қ.Р - ң Тұңғыш Президенті күніне орай " Қазіргі заманғы Қазақстан" , "Елбасының көшбасшылық сабақтары" деген тақырыптарда ашық сабақтар ұйымдастырылды.Əр сыныпта ашық тəрбие сағаттары өткізіліп, Қ.Р - ң Тұнғыш Президенті- Елбасы кітапханасының қоры ұсынған "Өзгерістер қуаты", "Қазақстан патриоты" деректі фильмдері көрсетілді.Елбасының өмір жолына арналған 8 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар сайысы, кітапханашылардың ұйымдастыруымен " Менің Президентім" тақырыбында мəнерлеп оқу сайысы , " Менің елім - Қазақстан " тақырыбында патриоттық əндер байқауы , 9 сынып оқушылары арасында " Президенттілік - мемлекет болғанның белгісі"конферециясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің Тұнғыш Президенті Н.Ә Назарбаевтың өмір жолы , туып- өскен, қызмет еткен жерлері жайлы мол мағлұмат алды.

Photos from Mektep257's post 06/11/2019

2019 жылдың 6 қараша күні №257 орта мектебінде өскелең ұрпақтың бойына адалдықпен парасатталықты , отансүйгіштік құндылықтарды сіңіру мақсатында 8-11 сынып оқушыларын қатыстыра отырып, мектебімізде "Адалдық сағаты" ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Басқожаев, мектеп психологы Т.Қапақова, мектеп инспекторы А.Жайсанбаев және сынып жетекшілер қатысты. Іс – шараны Е.Басқожаев ашып, бүгінгі «Адалдық сағаты» туралы түсіндіріп, оқушыларға адалдықпен парасаттылық құндылықтары , әділдікпен сенімділік жайлы және еліміздің жеткен жетістіктері туралы мәліметтер келтірді. Біріңғай «Адалдық сағаты» сабақтары барлық сыныптарда да өткізіліп, сынып жетекшілер мен сыныптар белсенділік көрсетті. Оқушыларға арнайы дайындалған слайдтар көрсетіліп, мағлұмат берілді. Бұндай маңызды іс – шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Photos from Mektep257's post 15/10/2019

2019 жылдың 12 қазан күні N°257 орта мектептің мәжіліс залында 9"ә" сыныбының ұйымдастыруымен "Мамандық таңдау-келешекке бастау" тақырыбы аясында мамандық таңдауға байланысты сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатын өтудегі негізгі мақсат:
-оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
- жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту;
-оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Жұмыс барысында "Миға шабуыл", психологиялық тест, дидактикалық ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды. Сынып оқушылары белсенділік танытып, тәрбие сағатының тақырыбын аша білді. Мамандық дегеніміз не? Деген сұраққа жан-жақты жауаптар қарастырылды.
Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатынын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететіні және еңбек қызметінің маңызды бөлігі екенін түсіндірді. Сынып сағатында мектеп директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары Усманова Гүлжан мамандық таңдауға байланысты мағлұматтар айтып оқушылармен ой бөлісті.

Photos from Mektep257's post 11/10/2019

257 орта мектепте Білім мазмұнын жаңарту аясында оқу жетістіктерін критериалды бағалау тақырыбында коучинг өткізілді.Коучинг мақсаты :бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу.Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне,пән мазмұнына қарай ерекшеленетіндігін түсіндірді.

11/10/2019

Жеңісің құтты болсын Нұркелді!

Photos from Mektep257's post 11/10/2019

257 орта мектептің 9-сынып оқушысы Өтепберген Нүркелді Республикалық Күз береке балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ән-би байқауының Көркем сөз оқу номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.Пән мұғалімі Көпберген Нұргүл Құрмет грамотасымен марапатталды! Жеңіс құтты болсын Нұркелді!

Want your school to be the top-listed School/college in Qyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Сапарбаев
Qyzylorda
№42

Opening Hours

Monday 08:00 - 19:00
Tuesday 08:00 - 19:00
Wednesday 08:00 - 19:00
Thursday 08:00 - 19:00
Friday 08:00 - 19:30
Saturday 08:00 - 13:00