Dosmuhambetov mektebi

Dosmuhambetov mektebi

Share

school

11/06/2026

8–11 маусым аралығында мектебімізде «10 экологиялық әдет» облыстық экологиялық науқаны ұйымдастырылды.

Науқанның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және табиғатты қорғаудың маңыздылығын насихаттау.

Іс-шара барысында оқушыларға экологиялық әдеттердің пайдасы түсіндіріліп, қоршаған ортаны таза ұстау, қалдықтарды сұрыптау, су мен электр қуатын үнемдеу, ағаш отырғызу және табиғатты аялау тақырыптарында танымдық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ экологиялық бағыттағы акциялар мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.

Науқанға қатысушылар табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті екенін түсініп, экологиялық өмір салтын ұстануға шақырылды.

🌱 Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық!

26/05/2026

Мектебімізде «Соңғы қоңырау – жаңа өмір бастауы» атты салтанатты іс-шарамыз өтті 🎓✨

Мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Соңғы қоңырау – жаңа өмір бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті 🎓✨

Жас түлектер мектеппен қоштасып, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, болашаққа үлкен үмітпен қадам басты. Мектеп қабырғасында өткен әрбір сәт жүректерінде мәңгі естелік болып сақталады 🤍

Мектебіміздің мақтаныштары💐
Жыл жобасы номинациясы:

Канатова Балнұр, Танакулов Амирхан (ағылшын тілі пәні бойынша республикалық кезеңнің III орын иеленушілері)

Мустафина Жания (физика пәні бойынша облыстық кезеңнің I орын иегері)

Тургунбай Дильназ, Якубова Қият (өлкетану бағыты бойынша облыстық кезеңнің IІ орын иеленушілері)

Жаудина Мерей, Мағжан Аяулым (қолданбалы математика бойынша облыстық кезеңнің IІІ орын иеленушілері).

Жыл оқушысы: Қанатова Балнұр

Жыл спортшысы: Қасым Ерасыл

Үздік IELTS:
1. Амангелді Алдияр 7 балл
2. Қуатжанов Диас 7 балл

22/05/2026

🔔 22 мамыр күні мектебімізде 1–9 сынып оқушылары арасында “Соңғы қоңырау” салтанатты шарасы өтті.

📚 Оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік жиында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға алғыстарын білдірді. Мектеп өміріндегі жарқын сәттер еске алынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі кеш өтті.

🏆 Жыл бойы білімде, өнерде, спортта және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар арнайы жетістіктері бойынша марапатталды.

👏 Барша оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Жазғы демалыстарыңыз көңілді әрі пайдалы өтсін!

22/05/2026

🎉✨ 21 мамыр күні мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған ерекше “Bye Bye Party” кеші жоғары көңіл-күйде өтті!

💿 Кештің басты ерекшелігі — “90’s” стиліндегі dress code болды. Қатысушылар сол дәуірдің сәнін жаңғыртып, ерекше образдарымен кештің сәнін келтірді.

🎶 Әуенге толы би кеші, қызықты ойындар, естелік сәттер мен көтеріңкі көңіл-күй — бәрі де бітіруші түлектер үшін ұмытылмас атмосфера сыйлады.

📸 Кеш барысында оқушылар бірге уақыт өткізіп, мектептегі ең жарқын сәттерін еске алып, естелік суреттерге түсті.

💫 Алда үлкен өмір күтіп тұр! Барша түлектерге сәттілік, асқақ арман және жарқын болашақ тілейміз!

22/05/2026

🔬✨ Мектебімізде “Жас ғалым” ғылыми жоба байқауы жоғары деңгейде өтті!

Бүгін оқушыларымыз өздерінің ғылыми ізденістері мен тың идеяларын ұсынып, білім мен шығармашылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір жұмыс бағалау критерийлері бойынша әділ сараланып, үздік жобалар анықталды.

🏆 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

🌿 Жаратылыстану бағыты:
🥇 1 орын — Қайрат Әдия
🥈 2 орын — Кәрім Самира
🥉 3 орын — Орайхан Әсем, Турсунбаева Арайлым

📚 Тарих-өлке-қоғам бағыты:
🥇 1 орын — Мейрамова Айзере, Нығметжан Асия
🥈 2 орын — Сатвалдина Інжу, Сәкен Айсезім
🥉 3 орын — Маратқызы Нұрдана, Рамазан Арина

👏 Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, ғылыми ізденіске деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен талпыныстарыңыз — болашақ жетістіктің бастауы.

20/05/2026

.edu.kz

16/05/2026

2026 жылдың 15 мамыр күні «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандырылған гимназия-интернаты» КММ басшылығы, мұғалімдер, қызметкерлер және оқушылармен терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық пен практикалық жаттығулар толық эвакуация жүргізумен өткізілді. Шараларды өткізуге СҚО полиция Департаменті мен Петропавл қаласының төтенше жағдай Басқармасының өкілдері қатысып, практикалық көмек көрсетті.

Want your school to be the top-listed School/college in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Улица Семашко 2
Petropavl
150000

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00
Saturday 08:30 - 14:00