Petropavl BILIM School

Petropavl BILIM School

Share

Petropavl BILIM Innovation School

15/07/2019

Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған эстафетаны лицейіміздің директоры Жақсымбетов Ерден Жанатұлы Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы
Гүлмира Раинбекқызы және Білім-Инновация xалықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте мырзадан қабылдап, лицейіміздің ұстаздарына, оқушыларына және ата-аналарына жолдайды!
#абайқұнанбайұлы #175жылдық #мерейтой #абайөлеңдеріненүзінді #эстафета

Photos from Petropavl BILIM School's post 12/07/2019

12 сәуір -Петропавл қаласының туылған күніне орай ұйымдастырылған "Что? Где?Когда?" интеллектуалды сайысында топ жарған оқушыларымыз үздік деп танылды.
Топ бастаған Алиxан Кушербаевқа
Жарова Данаға
Нутпаев Асаналиге және Аканов Даниалға зор алғыс білдіреміз!

Жастар жылының аясында жастарды қолдау үшін ұйымдастырылған бұл шараның қатысушыларға тигізер пайдасы мол деп білеміз!
@ Kazakhstan

Photos from Petropavl BILIM School's post 30/03/2019

Республикалық олимпиада өз жеңімпаздарын анықтады.

Сыр елінде өткен пәндік Республикалық олимпиаданың қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы сынақ өз мәресіне жетті.
Лицей намысын қорғауға аттанған екі қызымыз да лицей қоржынына өз олжаларымен оралды. 🤗
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша - СЕКСЕМБАЕВА ДАРИНА
1-ОРЫН 🙌🏻💐 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ВИЗИГИНА АЛИНА
2-ОРЫН 🙌🏻💐 #олимпиада #респа #қызылорда #кызылорда @ Kyzylorda

Photos from Petropavl BILIM School's post 27/03/2019

КИЕЛІ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ

Тарихқа толы мәдени өлкеге саяxат жасау не себепті маңызды?
Дәл осы сұрақтың жауабын білу үшін "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасының аясында ,
9-сынып оқушылары оңтүстікке өңіріне саяxатқа аттанған болатын.

Бұл экскурсияның ерекшелігі - балалар өздері бұрын-соңды көрмеген киелі жерлерді тамашалауға мүмкіндік алады.
Қазақ жерінде аңыз болып айтылатын мекендер көп-ақ, бірақ сол жерлерге барып көзбен көріп, қолмен ұстап, шырақшылардың аузынан тарихын есту тіптен бөлек әсер қалдырады.

Қожа Ахмет кесесенесіне одан әрі, Ясауидің ұстазы болған «Арыстан баб» кесенесіне барып, кітапхананы көріп, Отырар төбедегі ата-бабаларымыздың қанымен сақталған жерді аралап, рухани азық алды.

Ұлысымыздың ұйытқысы болған аймақтар- да естелік суреттерге түсіп келді.

Ең бастысы - бұл саяхаттан оқушылар өмірлік сабақ алды, таным көкжиегі кеңейді деп есептейміз! @ Türkistan, Kazakhstan

22/03/2019

Құрметті қазақ елі!
Құрметті оқырмандар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан еліміздің ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек.

Бұл мерекеде сіздерге дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылараңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

#22наурыз #Наурыз #спраздником #Наурызқұттыболсын #мерекелеріңізбен

Photos from Petropavl BILIM School's post 19/03/2019

YESSENOV UNIVERSITY

________________________________ Өткен аптада 11сынып оқушылары БАТЫС ӨҢІРІНІҢ тынысын барлау және университеттермен танысу мақсатында #АҚТАУ қаласына аттанған болатын.

Бүгін сол өңірдің беделді ЖОО-ның бірі Yessenov University ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ.
университетімізде қонақта болды. Оқу- ғимаратын және кәсіпкерлікті дамыту орталығын сондай-ақ, заманауи жабдықталған аудиторияларды аралап керемет әсер алды.

Тамаша экскурсия ұйымдастырған -ға алғысымызды білдіреміз!
@ Aktau, Mangghystaū, Kazakhstan

Photos 18/03/2019

Құрметті оқырмандар және қала тұрғындары! "ХАРЕКЕТ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖӘНЕ "ПЕТРОПАВЛ БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ" ЛИЦЕЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 20.03.2019 КҮНІ АУҚЫМДЫ АУКЦИОН ӨТКІЗІЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

АУКЦИОНДА ҚОЙЫЛАТЫН БАҒАЛЫ ЗАТТАР: | | 🔥 супер және тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2017), тұжырымы бойынша #Европа чемпионы (2014-2015) атанған ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ ӘЛЕМДІК РИНГТЕ ЖЕҢІС СЫЙЛАҒАН КИІМІ💪🏻 |
| 🔥СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ҒАНА ЕМЕС ҚАЗАҚСТАНҒА ТАНЫМАЛ БОЛҒАН - АЛМАС ЖАПАБАЕВТЫҢ кружкасы 🤙🏻 . |
| 🔥ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕТІН - ның дәмді тәттілері.

КЕЛІҢІЗДЕР , КӨРІҢІЗДЕР!🤗 ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ БОЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!😉 ӨТЕТІН ОРНЫ:
ПЕТРОПАВЛ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ АКТ ЗАЛЫ
.edu.kz #ско #петропавловск #бокс #ярмарка

Photos 18/03/2019

Құрметті оқырмандар және қала тұрғындары!

"ХАРЕКЕТ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖӘНЕ "ПЕТРОПАВЛ БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ" ЛИЦЕЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 20.03.2019 КҮНІ АУҚЫМДЫ АУКЦИОН ӨТКІЗІЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

АУКЦИОНДА ҚОЙЫЛАТЫН БАҒАЛЫ ЗАТТАР:

супер және тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2017), тұжырымы бойынша #Европа чемпионы (2014-2015) атанған ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ ӘЛЕМДІК РИНГТЕ ЖЕҢІС СЫЙЛАҒАН КИІМІ💪🏻

Сондай-ақ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ҒАНА ЕМЕС ҚАЗАҚСТАНҒА ТАНЫМАЛ БОЛҒАН - АЛМАС ЖАПАБАЕВТЫҢ кружкасы 🤙🏻

ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕТІН - ның тәттілері.

КЕЛІҢІЗДЕР , КӨРІҢІЗДЕР!

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ БОЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!

ӘЛЕМНІҢ Харекет қорының ұйымдастырған қайырымдылық акциясын қолдау және мұқтаж жандарға қол ұшын созу мақсатында Досмағамбетов мектебінің жолдаған эстафетасын қабыл аламыз!

Photos from Petropavl BILIM School's post 15/03/2019

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА (жаратылыстану-математикалық бағыт)
_______________________________•АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ( АШЫЛУ САЛТАНАТЫ)

Лицейдің абыройын қорғайтын қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!🙌🏻

________________________________
@ Petropavl

Photos from Petropavl BILIM School's post 15/03/2019

•Республикалық олимпиада
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
____________________________________
•Ақтөбе қаласы
•Ашылу салтанаты

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ! @ Казахстан Актобе

Photos 13/03/2019

ҚҰРМЕТТІ 6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР!
2019-2020 оқу жылына ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне құжаттарды қабылдау басталғанын xабарлаймыз!
Егер Сіз заман талабына сай біліммен қарулануды мақсат тұтсаңыз, болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыз, замандастарыңыздың алды болып, іскер азамат ретінде өзіңізді қалыптастыруды армандасаңыз, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне келіңіз.
Мұнда оқыту ТЕГІН, мемлекетіміздің тегін білім беру мүмкіндігін дұрыс пайдаланып, еліміздің алдыңғы қатарында тұрған білім ордасының оқушысы атаныңыз.
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
1. Төмендегі пәндер ағылшын тілінде оқытылады: алгебра, геометрия, физика, биология, химия, информатика;
2. Мұнда Сіз 4 тілді: қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін, түрік тілін бірдей меңгерген азаматқа айналасыз;
3. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте білім аласыз, теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік аласыз.
4. Білім олимпидаларында, ғылыми жобалар жарысында халықаралық дәрежеде қатысып, өз біліміңізді шыңдай аласыз;
5. Сіз белсенді азаматқа айналасыз.

ЛИЦЕЙГЕ ТҮСУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Лицейге түсуге арнайы дайындықты күшейтіңіз!
1. Ата-анаңызбен бірге туу туралы куәлігіңізді, 3х4 екі дана фотосуретіңізді, 6-сынып табелінің көшірмесін алып келуді ұмытпаңыз.

Want your school to be the top-listed School/college in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Шоқан Уалиханов, 18
Petropavl
150000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 13:00