20/05/2026
🏆 Лицейіміздің дарынды оқушылары — 7 “Б” сынып оқушысы Теміржан Айлин мен 8 “А” сынып оқушысы Молдахметова Нұрай би өнерінде жоғары жетістіктерге жетіп, халықаралық және республикалық жарыстарда жеңіс тұғырларынан көрінді! ✨
🥇 Халықаралық “Blaze” би чемпионаты — І орын
📍Астана қаласы, мамыр 2026 жыл
🥇 Халықаралық “BestChamps” би чемпионаты — VI орын
📍Омбы, Ресей, сәуір 2026 жыл
🏆 Республикалық “Dance Heroes” би байқауы — Гран-при
📍Сәуір 2026 жыл
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Шығармашылық шабыттарың таусылмай, алар асуларың биік болсын! 🌟
16/05/2026
Қайырлы күн, құрметті ата-ана! ☀️
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатына қабылдау емтиханы 17 мамыр 📅 күні өтетінін еске саламыз!
🕙 Уақыты:
Емтихан сағат 10:00-де басталады.
Сағат 09:00-ден бастап сыныптарға кіргізу басталады ⏳
📌 Міндетті түрде:
Өзіңізбен бірге рұқсатнама (басып шығарылған түрі) , туу туралы куәлік және қара немесе көк сиялы қалам алып келуді ұмытпаңыз!
Рұқсат етіледі:
Өзімен бірге су (0.5 л) және шоколад алып келуге болады
📍 Мекенжайымыз:
Петропавл қ., Уалиханов к-сі 18
🏫 №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, Саумалкөл ауылы, Микрорайон 20Б
🏫 Новоишим қазақ орта мектебі, Новоишим селосы, Ауельбекова даңғылы 2А
🏫 Қожаберген жырау атындағы орта мектебі, Преснов ауылы
🏫 Е. Шайкин к-сі 29
🏫 Есім Шайкин атындағы мектеп-лицей, Сергеевка қаласы, С. Мұқанов к-сі 42
🏫 №2 Кішкенекөл орта мектебі, Кішкенекөл ауылы, Мира к-сі 11
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! ✨
12/05/2026
Қуанышты жаңалық! 🎉
Астана қаласында өткен “Тілі бірдің - жүрегі бір” атты “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасында лицейіміздің 10-сынып оқушысы Аягөз Арманқызы жүлделі ll орын иеленді. “Білгірлер бәйгесі” бағыты бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін терең білетінін білім сынағында дәлелдеді. Білім мен шығармашылық сынға түскен додада облыстың, лицейдің намысын қорғады.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз. 💐
07/05/2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Ел іргесі берік,қарулы күштеріміз қуатты болуын тілейміз! Кең байтақ, ұлан асыр жерімізде бейбіт елдің ұландары сап түзесін. Жігіттеріміз айбынды, азаматтарымыз еңселі болсын!
01/05/2026
Татулықты ту еткен еліміз Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» – дейді халықтың әпсанасы. Ұлттың тұтастығы мен тұрақтылығы бірлігі бекем, тірлігі жарасымды елдің дамуы Сіз бен бізге берілген байлық. Көк байрағымыз көкте желбіресін! Бейбіт құсы зеңгір көкте мәңгі қалықтасын! 🇰🇿
29/04/2026
Жоғары ұпай. Жоғары нәтиже. Жоғары мақсат. 🔥
Біздің мақтаныштарымыз! 💙
29/04/2026
Петропавл қ. ПБ бірінші ҚПБ жедел уәкілі Елеусизов Мадияр Асхатович «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, қажетті ақпараттармен бөлісті.