22/06/2026
📚 2026 жылғы 22–24 маусым аралығында Астана қаласындағы №115 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруға арналған республикалық оқыту семинары өтуде.
⚜️Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы қатысып, тәрбие жұмысының басым бағыттары, «Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау, конституциялық құндылықтарды дәріптеу және зияткер ұлт қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
⚜️Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысынан облыстық әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысына жауапты әдіскері мен «Келешек мектептері» директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысуда.
⚜️Семинар барысында тәрбие жүйесін жетілдірудің заманауи тәсілдері талқыланып, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу алаңы қалыптасуда. Мұндай маңызды кездесулер білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының сапасын арттыруға және жас ұрпақтың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
12/06/2026
📌«Отанға қызмет қарапайым дүниелерден басталады. Тал егу, айналаны таза ұстау арқылы елге пайдалы болуға, яғни ұлтқа қызмет етуге болады».
Қасым-Жомарт Тоқаев
⚜️Экологиялық білім беруді дамытудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде 2026 жылғы 11 маусымда «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы «Жасыл мектеп» жобасы аясындағы жұмыс тобының кеңейтілген отырысына қатысты. UNICEF Kazakhstan және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдерімен өткен кездесу барысында 2026–2027 оқу жылына арналған мектептердің өзін-өзі бағалау жүйесіне енгізілетін негізгі компоненттер мен көрсеткіштер талқыланып, өзара келісілді.
⚜️«Жасыл мектеп» жобасы – бұл жай ғана экологиялық бастама емес. Бұл – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың, экологиялық ойлау қабілетін дамытудың, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды және тұрақты даму құндылықтарын дәріптеудің маңызды құралы.
⚜️Іс-шараға сондай-ақ Жамбыл ауданының білім бөлім басшысы Мусабаев Б.Б. Уәлиханов ауданының «Ақтүесай орта мектебі» КММ директоры Жетібаева С.К. және Петропавл қаласының «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Сачкова А.Г.
⚜️Осындай маңызды бастаманы жүзеге асыруға қатысу – үлкен жауапкершілік әрі заманауи экологиялық білім беру жүйесін дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік.
19/05/2026
«Қамқор» — туған жерге жанашырлық танытып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, қоғам игілігі үшін қайырымды іс жасауға мүмкіндік беретін маңызды бастама.
2026 жылғы 19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық «Қамқор» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін, экологиялық мәдениетін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру және еріктілік қозғалысын дамыту.
Акцияға қатысу оқушылар үшін қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосып, туған өлкеге қамқорлық танытып, қоғамға пайдалы игі істер жасауға мүмкіндік болды.
Акция барысында білім алушылар:
🔹 экологиялық сенбіліктерге қатысты;
🔹 аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді;
🔹 қарттар мен ардагерлерге волонтерлік көмек көрсетті;
🔹 ескерткіш орындарды тазалау жұмыстарына атсалысты.
Осындай бастамалар оқушылардың табиғатқа деген құрметін арттырып, әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
19/05/2026
2026 жылдың 19 мамырында өңірімізде Гүлмира Раинбекқызы Кәрімованың рухына арналған «Ұстаз есімі – ұлық, өшпесін ұстаз есімі» атты облыстық байқау өтті.
Шара Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия және «№7 орта мектеп» КММ базасында ұйымдастырылды. Іс-шараға педагогика саласының ардагерлері қатысып, Гүлмира Раинбекқызының анасы Айман Қабидоллақызы құрметті қонақ болды.
Байқауға бастауыш сыныптың 14 мұғалімі қатысып, өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін, терең педагогикалық білімін және оқытудағы шығармашылық көзқарасын көрсетті.
Қатысушылардың жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалады.
Байқау ұстаз мамандығының болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Байқау қорытындысы бойынша:
I орын — Сайбанова Бану Саяновна, «№ 29 жалпы білім беретін мектебі» КММ Петропавл қаласы, II орын — Алексеенко Людмила Анатольевна, «Новоишимка орта мектебі» КММ Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Курмашева Айзада Кайырлыевна, «Бескөль мектеп-колледж» ЖШС Қызылжар ауданы, III орын — Мадениетов Мадияр Семетаевич, «Ақтас негізгі мектебі» КММ Есіл ауданы, Пирущая Жазира Жанатовна, «Чехов орта мектебі» КММ Уәлиханов ауданы.
Гүлмира Раинбекқызының жарқын бейнесі мен еңбегі әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Осындай тағылымды шаралар Гүлмира Раинбекқызының білім саласының дамуына қосқан зор үлесін айқындай түседі.
30/04/2026
📊 2026 жылғы 30 сәуір мен 20 мамыр аралығында ББЖМ – 2026 зерттеуі өтуде
Биыл зерттеуге 106 мектеп қатысады:
🏫 89 ауылдық мектеп (оның ішінде 74-і — шағын жинақты мектептер, ШЖМ)
🏙 17 қалалық мектеп
👩🎓 Барлығы 3145 оқушы қамтылған:
— 1549 оқушы 4-сыныптан
— 1596 оқушы 9-сыныптан
ББЖМ – 2026 білім алушылардың дайындық деңгейін бағалауға және білім сапасын арттыруға бағытталған.
Барлық қатысушыларға сәттілік, сенімділік және жоғары нәтижелер тілейміз! 💪📚
📊 С 30 апреля по 20 мая 2026 года проходит исследование МОДО – 2026
В этом году в исследовании участвуют 106 школ:
🏫 89 сельских (из них 74 — малокомплектные школы, МКШ)
🏙 17 городских школ
👩🎓 Всего задействовано 3145 учащихся:
— 1549 учеников 4-х классов
— 1596 учеников 9-х классов
МОДО – 2026 направлено на оценку качества образования и уровня подготовки обучающихся.
Желаем всем участникам уверенности, успехов и высоких результатов! 💪📚
17/04/2026
📢 2026 жылдың 17 сәуірінде “Үздік мектеп парламенті” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Бұл байқауда белсенділік пен көшбасшылықтың үлгісін көрсеткен қатысушылар өзара бақ сынасты. Нәтижесінде үздік деп танылған "Ұрпақ" командасы «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды! 🌟
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде де биік белестерді бағындырады деп сенеміз! 🚀