Pavlodar Bilim Innovation School

Pavlodar Bilim Innovation School

Share

Павлодар қ. "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-Иннов

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Лицей-интернат «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» для одаренных юношей» управления образования Павлодарской области, акимата Павлодарской области

06/06/2026

Лицеймізіде сәні мен салтанаты жарасқан “Жұлдыздар шеруі” өтті✨

Қызығы мен шыжығы қатар жүрген оқу жылын сәтті тәмәмдап, оқушыларымызды марапаттадық. Ата-аналар мен ұстаздарымыз да ыстық ықыласпен марапатталды. Білім шыңын бағындыратын өрендеріміздің өркені кеңге жайылсын!🙌

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 04/06/2026

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесіп, өңірдің абыройын білім додаларында асқақтатқан жас зияткерлерге құрмет көрсетті.

Салтанатты кездесуде өңір басшысы оқушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың табандылығы, еңбекқорлығы мен білімге деген құштарлығы зор нәтижелерге жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ жас дарындардың жеңістері бүкіл Павлодар өңірінің мақтанышы екенін айтып, олардың жетістіктері өскелең ұрпақтың зор әлеуетін айқын көрсететінін жеткізді.

Облыс құрамасының республикалық олимпиададағы жетістігі ерекше мақтанышқа айналды. Білім сайысының қорытындысы бойынша команда 9 алтын, 17 күміс және 19 қола медаль иеленіп, еліміздегі «Үздік олимпиадалық команда – 2026» атағына лайық деп танылды.

Оның ішінде, лицейіміздің оқушылары республикалық олимпиадада 8 орын, халықаралық олимпиадаларда 10 орын иеленді.

Іс-шара барысында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары мен ақшалай сыйақы сертификаттары табысталды.

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 25/05/2026

Керемет нәтиже, тамаша көңіл-күй! 😎 IELTS-тан жоғары балл алған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Сендер үздік екендеріңді тағы да дәлелдедіңдер. Осылай алға баса беріңдер! 🚀

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 23/05/2026

🏆 Лицейіміздің оқушылары халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізді!

2026 жылғы 15–22 мамыр аралығында Ресей Федерациясындағы «Сириус» федералды аумағында өткен Open International Biology Olympiad (OIBO–2026) халықаралық ашық биология олимпиадасында білім мен біліктіліктің биік деңгейін көрсеткен шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды.

Алтын медаль иегері:
🥇 Қайркен Ерсұлтан — 11-сынып оқушысы

Күміс медаль иегері:
🥈 Билялов Нурали — 10-сынып оқушысы

🌍 Әлемнің 17 елінен 100-ден астам қатысушы жиналған беделді білім додасында Қазақстан құрамасы 6 оқушымен қатысып, толық құраммен жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль түсті.

Оқушыларымыздың жетістігі — лицейіміздің ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Жас дарындарды жеңістерімен құттықтап, алдағы білім додаларында жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! 🇰🇿✨

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 04/05/2026

18-19 сәуір күндері Түркістан төрінде өткен BILympic
Games нағыз эмоция, тартыс және жеңіске деген жігерге
толы болды.

32 мектептен жиналған қатысушылар арасынан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды 🏆

🎯 9-11 сынптар арасы Тоғызқұмалақ:
Бағдат Мират I орын 🥇

♟️ 7-8 сыныптар арасы Шахмат:
Шампатов Карим III орын 🥉
Қожан Арлан III орын 🥉
Алиев Қалыс III орын 🥉

Құттықтаймыз 🎉

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 29/04/2026

2026 жылы 10–12 наурыз аралығында өткен “VISUAI Conference” Film Fest барысында біздің лицей құрамасы “Алтын кадр” — ең үздік фильм номинациясына ие болды 🏅🎬

Фильмді парақшамыздағы белгіленген сілтеме арқылы өтіп, тамашалай аласыздар 😉⬆️

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 23/04/2026

🏆 Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада нәтижелері

🥇2 Алтын
🥈2 Күміс
🥉4 Қола

Барлық жеңімпаздарды, ата-аналар мен жетекшілерді осынау үлкен мақтанышпен құттықтаймыз!

18/04/2026

Павлодар қаласының Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі мен «Білім-Инновация» лицей-интернаттарының ұйымдастыруымен 17 сәуір күні «Адал азамат: идеядан әрекетке дейін – сапалы білімге бағытталған тәжірибелер» атты облыстық форум өтті.

Іс-шара барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, педагогтер өз тәжірибелерімен алмасып, өздерінің тиімді әдістері мен жаңа идеяларымен бөлісті. Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен сапалы білім беру бағытындағы тиімді тәжірибелер ұсынылды. Мұндай кездесулер білім сапасын арттыруға және тәрбиелік жұмыстың мазмұнын байытуға үлкен мүмкіндік береді.

Photos from Pavlodar Bilim Innovation School's post 16/04/2026

2025-2026 оқу жылында оқушыларымыздың Халықаралық білім додасында қол жеткізген нәтижелері.

Барлық оқушыларды, ата-аналар мен жетекшіледі құттықтаймыз!

Want your school to be the top-listed School/college in Pavlodar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Улица Ак. Чокина, 146
Pavlodar
140000