Павлодар"БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ"

Павлодар"БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ"

Share

Павлодар «Білім-Инновация» қыздар лицейі

19/05/2026

Құрметті Павлодар облысының 14 мамандандырылған мектептерінің ата-аналары!

2026 жылғы 20 мамыр күні өтетін кездесуге шақырамын. Кездесу Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия базасында ұйымдастырылады.

Мұндай кездесулер — ата-аналармен ашық әрі сындарлы пікір алмасуға, білім беру мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды бірге қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дарынды және талантты оқушыларды қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылады.

Кездесу аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаймын.

Өткізу уақыты: жеке қабылдау — 17.00–18.30; ата-аналар жиналысы — 18.30.

Кездесуде жүздесуге қуанышты боламын. Отбасы мен мектептің өзара тығыз байланысы арқылы ғана балаларымыздың жарқын болашағына берік негіз қалыптастыра аламыз деп сенемін.

Құрметпен, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова

Photos from Павлодар"БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ"'s post 17/05/2026
26/04/2026

2026 жылдың 22 сәуір күні Екібастұз қаласында осы қаладан келіп оқитын оқушыларымыздың ата-аналарына “Brain Rain” зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Тартысты ойында
1-орын 8 “В” сыныбы
2-орын 10-11 сыныптар
3-орын 8 “Б” сыныбы жеңіп алды.
Ойын соңында ата-аналармен кеңес жасалып, жылдың басты шаралары талқыланды

23/04/2026

23 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: «READX» ЖОБАСЫ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ!
Кітап - адамзаттың ең ұлы қазынасы. Осы айтулы мереке аясында лицейімізде «ReadX» жобасы ерекше форматта өтіп, кітапсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырды. Бүгінгі кеште спикерлеріміз өздерінің дүниетанымын өзгерткен шығармаларымен бөлісіп, тыңдарманға ой салды.
Мұсабаева Еңлік – «Уақыттың қадірі» Брайн Моранның «12 недель в году» кітабын таныстырған Еңлік уақытты басқарудың жаңа қырларын ашты. ​​​​ Омельницкая Анастасия Александровна – «Өмірлік жол» Ұстазымыздың толғанысы көптің көкейінен шықты. «Біздің басымыздан өтіп жатқан әрбір оқиға - бұл біз жүріп өтуіміз тиіс қажетті белес», - деген Анастасия Александровна кез келген қиындықтың мәні мен маңызына тоқталды.​​​​​​​Махмет Байсал Маратұлы – «Әрекет пен тәжірибе» Шабан Айдоғдудың «Оқы! Ойлан! Орында!» және «Өзіңнен баста, әлем өзгерсін» кітаптары арқылы Байсал Маратұлы нағыз мотивация сыйлады. Ол қателесуден қорықпауға, әрекет жасау арқылы өмірлік үлкен «багаж» жинауға болатынын айтып, жастарды іске көшуге шақырды.​​ Жеңісбек Бақдана (11 «А» сыныбы) – «Шүкіршілік пен мотивация» Бақдана қазақ әдебиетінің жауһары — Дулат Исабековтың «Сүйекші» шығармасын презентациялады. Бұл туындының терең мағынасы, адамды шүкіршілікке тәрбиелейтіні және кез келген жағдайда алға қарай нық қадам басуға жігер беретіні туралы әсерлі жеткізді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл кеш бізге тек білім беріп қана қоймай, болашақ даму бағытымызды айқындауға көмектесті.
Кітап оқу — трендте! «ReadX»-пен бірге дамыңыз!

#ҰлттықКітапКүні #ЛицейБілімі #КітапЖанАзығы

09/04/2026

“Be Genius” облыстық көптілді сайысы қорытындысы

2026 жылдың 8 сәуір күні «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ-нің ұйымдастыруымен, 6 - сынып оқушылары арасында орыс тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы Газизова Роза Мамаевнаның құрметіне “Be Genius” облыстық көптілді сайысы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) өтті. Сайысқа Павлодар қаласының және Аққулы ауданының мемлекеттік тілде оқытатын орта білім беру ұйымдарынан 14 команда, 42 қатысушысы білімдерін сынады. Нәтижесінде жеңімпаз анықталды:
«Тіл білгірлері» бағыты:
І орын- «Smart Ushtik» командасы (Павлодар қ., М.Жүсіп атындағы ЖОББМ)
ІІ орын- «Әлихан жұлдыздары» командасы (Павлодар қ., Ә.Бөкейхан атындағы ЖОББМ)
ІІІ орын – «Тіл шеберлері» командасы (Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ)
«Зажги словом» бағыты:
І орын -Жоламан Нурсултан (Павлодар қ., Ә.Бөкейхан атындағы ЖОББМ)
ІІ орын-Болат Сырымбек (Аққулы ауданы, Ямышев ЖОББМ)
ІІІ орын- Жаксылыкова Аида (Павлодар қ., №27 ЖОББМ)

«Spelling Bee» бағыты:
І орын- Жанатай Арыстан (Павлодар қ., Қ.Бекхожин атындағы ЖОББМ);
ІІ орын-Туғанбай Ахметжан (Павлодар қ., Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ);
ІІІ орын-Аубакиров Алихан (Аққулы ауданы, Аққулы ЖОББМ)
«Creative Writing» бағыты:
І орын-Айтбай Айя (Павлодар қ., Ә.Бөкейхан атындағы ЖОББМ);
ІІ орын -Жазенов Ансар (Павлодар қ., Ж.Ташенев атындағы ЖОББМ);
ІІІ орын-Мұратәлі Кәусар, (Павлодар қ., қ.Бекхожин атындағы ЖОББМ);

“Triple G” бағыты:
І орын- «Әлихан жұлдыздары» командасы (Павлодар қ., Ә.Бөкейхан атындағы ЖОББМ);
ІІ орын- «Тіл шеберлері» командасы (Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ)
ІІІ орын- «Pro-English» командасы (Павлодар қ., Ж.Ташенев атындағы ЖОББМ);

Командалық есепте орын иеленген:
І орын мен сайыс кубогының жеңімпазы «Әлихан жұлдыздары» командасы (Павлодар қ., Ә.Бөкейхан атындағы ЖОББМ);
ІІ орын- «Тіл шеберлері» командасы (Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ);
ІІІ орын- «Pro-English» командасы (Павлодар қ., Ж.Ташенев атындағы ЖОББМ);.
Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге Алғыс хат табысталды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Келесі сайыстарда жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз!

Want your school to be the top-listed School/college in Pavlodar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Камзина, 69
Pavlodar
140000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 13:00