Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК

Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК

Share

Читай и развивайся!

Photos from Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК's post 30/04/2026

Кітапхана қызметкерлері қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты
#тазақазақстан

23/04/2026

#Кітапханашыларкүні

23/04/2026

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Ұлттық кітап күнімен және Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітап мерекесі – кітапқа деген құрметтің, білімге деген ұмтылыстың, рухани байлықтың жарқын көрінісі. Кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес, ол – ой мен парасат тоғысқан, ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтетін маңызды мәдени кеңістік.
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз арқылы талай жас буын білім нәрімен сусындап, өз жолын табуда. Кітапқа деген қызығушылықты арттыру жолындағы ізденістеріңіз бен бастамаларыңыз әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Осы айтулы күнде сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер және жаңа идеялар мен жарқын жобалар тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!

23/04/2026

Қазіргі уақытта ақпараттың сан түрі бар. Бірақ кітаптың орны әрқашан бөлек. Кітап оқу – ойды тереңдетеді, тіл байлығын арттырады, дүниетанымды кеңейтеді. Кітап оқыған адам – өзін де, өмірді де жақсырақ түсінеді.
Оқырман мәдениеті – қоғамның зияткерлік деңгейінің айнасы. Кітапқа жақын ұрпақ – саналы, білімді, рухы биік ұрпақ. Сол себепті әрқайсымыз күнделікті өмірімізде кітап оқуға уақыт бөліп, осы игі әдетті қалыптастыруымыз қажет деп есептеймін.
Ұлттық кітап күні құтты болсын! Кітапқа деген сүйіспеншілігіміз арта берсін, оқырмандарымыз көбейе түссін!
Библиотека сегодня — это не просто хранилище бумажных томов, а динамичное пространство для саморазвития и живого общения. Значение книги и чтения в новой реальности неоспоримо. Все знают, что в современном пространстве - Библиотека как «третье место»: Помимо дома и работы, учебы, это точка притяжения, где можно получить бесплатный доступ к знаниям, технологиям и культурным событиям. Это центр интеллектуального досуга и социализации. А роль Чтения в цифровой среде, подразумевает в современном формате мультимедийность. Мы не разделяем «бумагу» и «экран» — важно качество контента. Аудиокниги, лонгриды и электронные издания дополняют традиционное чтение, делая его доступным в любом месте. Чтение остается лучшим инструментом развития критического мышления, эмпатии и воображения. В эпоху избытка информации умение анализировать текст — это база для личной эффективности. Чтобы быть интересными подростка, юношеству и молодежи, мы говорим на их языке. Библиотека становится коворкингом, площадкой для мастер-классов и встреч с авторами. Мы помогаем превратить чтение из «обязанности» в стильный элемент образа жизни.
Книга — это фундамент, а библиотека — навигатор, который помогает ориентироваться в океане смыслов.

Photos from Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК's post 23/04/2026

Библиотеки сегодня трансформируются в современные центры доступа к знаниям, а чтение остаётся ключевым инструментом формирования критического мышления и интеллектуального потенциала общества. В эпоху цифровизации книги обеспечивают интеллектуальное и духовное развитие, выступая фундаментом социального капитала и гражданской ответственности. В свой юбилейный год наша библиотека полна сил и новых идей, предложений, направленных на сохранение традиций и создание инновационного пространства для каждого читателя.

Photos from Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК's post 21/04/2026

Форумда төрт алаңқай жұмыс жасады.
1 алаң - Кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңы.
2 алаң - Кітапхана ісіндегі заманауи трендтер мен цифрлық технологияларды (AI, электронды ресурстар).
3 алаң - Оқырман сұранысына бейімделген жаңа қызмет түрлерін дамыту жолдарын қарастыру.
4 алаң - Жас мамандарды қолдау және кітапхананың имиджін көтеру.

Photos from Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК's post 21/04/2026

Форумда әр қатысушы кітапханашы өз жобасы бойынша Постер дайындап, Elevator Pitch форматында таныстырды. Постерді ұсынған мамандар кітапты насихаттайтын қызықты жобаларды іске асырудың кәсіби идеяларымен және тәжірибесімен бөлісіп, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған өз жұмыстарын ұсынып, жарнамалады. Үздіктер дауыс беру арқылы айқындалып, үздік деп танылған мамандар дипломдармен марапатталды.
Бұл форум тәжірибе алмасудың және жас мамандар арасындағы ынтымақтастықтың маңызды алаңы болды.

Photos from Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК's post 21/04/2026

21 сәуір күні Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 65 жылдығына, кітапхана жанындағы Америка бұрышының құрылғанына 20 жылдығына, Кітапханашылар күні және де «Ұлттық кітап» күніне орай «Болашақ кітапхана: Адам+Технология+Кітап» жас кітапхана мамандарына арналған облыстық форум ұйымдастырылды.
Форум жұмысына облыстық, қалалық, аудандық кітапхана мамандары, жас кітапханашылар, мектеп кітапханашылары, мәдениет және білім беру саласының мамандарымен жалпы 140-тан астам адам қатысты.
Жас мамандарға форум ой алмасуға, қызықты жобаларды іске асырудың кәсіби идеялары мен тәжірибесімен бөлісуге тамаша мүмкіндік берді.

20/04/2026

#ұлттықкітапкүні

Want your school to be the top-listed School/college in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


пр. Н. Назарбаева 166/2
Oral

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 10:00 - 17:00