Жаһанша Колледжі

Жаһанша Колледжі

Share

ЖАҺАНША КОЛЛЕДЖІ

15/06/2026

«Табиғат пен туған өлке тарихы» экскурсиясы өткізілді
2026 жылғы 10 маусым күні жазғы лагерь тәрбиеленушілері үшін «Табиғат пен туған өлке тарихы» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған өлкенің табиғаты мен тарихы туралы білімдерін кеңейту, патриоттық тәрбие беру.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер алдымен Биологиялық-экологиялық орталыққа барып, орталықтың қызметімен танысты. Экология саласындағы мамандардың ақпараттық әңгімесін тыңдап, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатысты экспозицияларды тамашалады. Викториналық тапсырмаларға қатысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы білімдерін толықтырды.

Экскурсияның келесі кезеңі Өлкетану мұражайында жалғасты. Балалар мұражайдың археологиялық және этнографиялық бөлімдерін аралап, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы құнды мәліметтер алды. Тарихи жәдігерлермен танысып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлері жөнінде білімдерін кеңейтті.

Photos from Жаһанша Колледжі's post 15/06/2026

2025–2026 оқу жылының 12 маусым күні «Жаһанша балғындары» жазғы мектебінің жоспарына сәйкес «Жаһанша қырандары» тақырыбында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Думан Русланұлы өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бойында жауапкершілік, тәртіп пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі спорттық жарыстарға, әскери-спорттық эстафеталарға қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар патриоттық тақырыпта әңгіме жүргізіліп, жастарға ел қорғаудың маңыздылығы мен азаматтық борыш туралы түсініктер берілді.
«Жаһанша қырандары» іс-шарасы қатысушылардың белсенділігін арттырып, олардың патриоттық рухын нығайтуға және ұжымдық бірлікті қалыптастыруға ықпал етті.

Photos from Жаһанша Колледжі's post 15/06/2026

2026 жылдың 12 маусым күні колледжіміздің Студенттер үйінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Серікұлы Орынбек қатысып, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет алаяқтық, дропперлік әрекеттердің зардаптары және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту болып табылады. Кездесу студенттер үшін танымдық әрі пайдалы форматта өтті.

10/06/2026
Photos from Жаһанша Колледжі's post 09/06/2026

Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Жаһанша балғыны» жазғы мектеп бағдарламасы бойынша 09.06.2026 күні “Риторика” пәні бойынша танымдық іс-шара өткізілді. Мақсаты: қатысушылардың шешендік өнерге қызығушылығын арттыра отырып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.Танымдық іс-шара өзара байланысқан бірнеше тәрбиелік сабақтар мен белсенді ойындар желісінен құралды. Алғашқы кезеңде балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында арнайы сергіту сәті ұйымдастырылып, оқушылар жаңылтпаштарды мәнерлеп айтудан жарысып, түрлі жұмбақтардың шешуін тапты. Әсіресе, LearningApps цифрлық платформасы арқылы жануарлар туралы жұмбақтарды шешу балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Одан әрі топтық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар өз беттерінше жұмбақ құрастыру, мақал айту тапсырмаларын орындады, сонымен қатар «Зымыран» ойыны арқылы жаңылтпаштарды жатқа айтып, есте сақтау қабілеттерін арттырды. Топтық жұмыстар барысында туған жер, еңбек, батырлық, достық, өнер және оқу-білім тақырыптарында мақал-мәтелдер жинақталып, «Сәйкестендіру» және «Кім тапқыр?» ойындары арқылы ашылды. Бұл кезеңде де Wordwall және LearningApps платформаларындағы интерактивті тапсырмалар тиімді қолданылды. Сабақ барысында шешендік өнердің қоғамдағы маңызы түсіндіріліп, қазақтың атақты Майқы би, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би секілді ұлы тұлғаларының нақыл сөздеріне талдау жасалды. Оқушылар «Хан мен би», «Шешендік сөздерді тап», «Құпия сандықша» және «Сиқырлы микрофон» ойындары арқылы өз ойларын еркін әрі ашық жеткізуге машықтанды. Сабақтар арасында балалардың шаршауын басып, белсенділігін арттыру үшін көңілді үзілістер жарияланып, түрлі қозғалыс ойындары ойналды, тәттілер үлестірілді.

Want your school to be the top-listed School/college in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


достык-дружба, 173
Oral
090000

Opening Hours

Monday 08:00 - 20:00
Tuesday 08:00 - 20:00
Wednesday 08:00 - 20:00
Thursday 08:00 - 20:00
Friday 08:00 - 20:00