«Өрлеу» БҚО

«Өрлеу» БҚО

Share

«Өрлеу» Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты
Abai dangyly, 238/1
Oral, Kazakhstan 09000

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 02/02/2026

Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының алғашқы күні аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры Софья Салахиденқызы Измуханбетова­мен кездесті.

Кездесу барысында Ерұлан Кенжебекұлы жобаның стратегиялық маңыздылығына тоқталып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық алаяқтықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол өңірде курстың мазмұнды әрі жүйелі түрде ұйымдастырылып отырғанына оң бағасын берді.

Өз кезегінде Софья Салахиденқызы курс барысы, педагогтерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау тетіктері жөнінде ақпарат беріп, жобаның өңірде тиімді жүзеге асырылып жатқанын баяндады.

Кездесу екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жобаны өңірлік деңгейде табысты іске асыруға серпін берді.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 02/02/2026

2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп ауқымды жобаны жүзеге асырды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 6 мыңға жуық педагог заманауи оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Биыл да өңірлерде «Қаржылық сауаттылық» курсы жалғасуда. Бүгіннен бастап Батыс Қазақстан облысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкінің бірлескен жобасы шеңберінде «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Курстың алғашқы күні облысқа арнайы іс сапармен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев келді. Ол курс тыңдаушыларымен кездесіп, педагогтерге жобаның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қоғамда азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне ерекше тоқталды. Ерұлан Кенжебекұлы Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Қаржылық сауаттылық» курсының ұйымдастырылуына оң баға берді.

Кездесу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры Софья Салахиденқызы Измуханбетова курс барысы, педагогтерді курстан кейінгі әдістемелік қолдау, сондай-ақ тренерлердің біліктілігі жөнінде тоқталды.

Курс аясында педагогтер бюджет жоспарлау, инвестициялау, цифрлық активтер, несие және зейнетақы жүйесі, сондай-ақ интернет-алаяқтықтан қорғану дағдылары бойынша білім алды. Алынған білімді оқу процесіне енгізу арқылы олар оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етпек.

Сабақтар барысында анимациялық сериалдар, интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажерлері қолданылып, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылуда.

Биыл республика бойынша тағы 4 мыңға жуық педагог біліктілігін арттырудан өтеді.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 27/01/2026

26 қаңтар күні Оралдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында ұжымдық жиналыс өтті. Күн тәртібіне сәйкес институт басшысы Софья Измұханбетова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтқан негізгі бастамалары мен басым бағыттарына тоқталды. Президент көтерген қоғамдағы жауапкершілік, білім беру сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарды нығайту мәселелері ұжым мүшелері тарапынан талқыланып, оларды кәсіби қызметте іске асыру жолдары сөз болды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында институттың ішкі жұмыстары, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, оқу-әдістемелік қызметті жетілдіру және еңбек үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Жиын қорытындысында алдағы кезеңге қойылған міндеттерді жүйелі іске асыру және бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 27/01/2026

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының 2025–2029 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жоба білім беру ұйымдарындағы педагогикалық сабақтастықты нығайтуға және жас мамандардың кәсіби қалыптасуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Осыған орай, аудандарда тәжірибе алмасуға бағытталған семинарлар өткізілуде. Тәлімгерлер Оралдағы «Өрлеу» филиалының «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы аясында ұйымдастырылған облыстық семинардан алған білімдерін аудандардағы әріптестеріне бөлісіп, тәжірибесін таратуға ат салысуда.

22 қаңтар күні Казталов мектеп-лицейінің базасында жас мамандар мен тәлімгер-ұстаздарға арналған «Тәлімгер және жас маман: тиімді қарым-қатынас формуласы» тақырыбындағы аудандық семинар өтті. Семинарда Оралдағы «Өрлеу» тренерлерінің облыстық семинарда ұсынған әдістемелік ресурстары басшылыққа алынып, бағдарламасына коучинг-сессиялар, пікір алмасу, топтық жұмыстар енгізілді. Тәлімгер-педагогтер мен жас мамандар бірлесе отырып кәсіби қарым-қатынасты дамыту, өзара қолдау көрсету және тәжірибе алмасу бағытында белсенді жұмыс жасады.

Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданында да білім беру ұйымдарының педагог-тәлімгерлеріне арналған «Тағылымды тәлімгер – жас маманның айнасы» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты – жас мамандармен жұмыс істеуде тәлімгерлердің педагогикалық шеберлігін арттыру, коучингтік құзыреттілігін дамыту және заманауи коучинг құралдарын тәлімгерлік тәжірибеге енгізу болды.

Оралдағы «Өрлеу» филиалының авторлық зерттеу жобасы облыстың тәлімгерлік мектебін жүйелі дамытуға, тәлімгерлер мен жас мамандар арасындағы кәсіби өзара әрекеттестікті нығайтуға негіз болып отыр. Сонымен қатар, атқарылған іс-шаралар өңірдегі тәлімгерлік мәдениетті жаңа сапалық деңгейге көтеріп, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды диалог алаңына айналды. «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 22/01/2026

Сегодня, 22 января 2026 года, состоялся второй установочный вебинар согласно Плана организации совместной деятельности ФГБОУ ВО «Самарский государственный социально-педагогический университет» и АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» «Институт профессионального развития по ЗКО» по реализации проекта «Эффективные практики специального и инклюзивного образования на основе искусственного интеллекта» в рамках договора о сотрудничестве между СГСПУ и ФАО «НЦПК «Өрлеу ИПР по ЗКО».

Научным руководителем проекта от СГСПУ является Ремезова Лариса Асхатовна, кандидат педагогических наук, доцент, директор ресурсного учебно-методического центра по обучению инвалидов и лиц с ограниченными возможностями здоровья, доцент кафедры логопедии, специальной педагогики и специальной психологии, руководитель центра «Психолого-педагогическое сопровождение лиц с инвалидностью и ОВЗ» ФГБОУ ВО «Самарский государственный социально-педагогический университет».

Научным руководителем от ФАО «НЦПК «Өрлеу ИПР по ЗКО» является Измуханбетова Софья Салахиденовна, директор филиала, кандидат педагогических наук. Администратором проекта является Байкатова Кумыс Ильясовна, заместитель директора, магистр педагогических наук.

Цель вебинара: подготовка участников команды проекта к его реализации, выбор темы и цели исследования по созданию модели интеграции технологий искусственного интеллекта в систему специального и инклюзивного образования. Были даны конкретные рекомендации по выбору названия практики, краткому описанию практики, определению ключевой проблемы и сути практики. Даны четкие инструкции по определению целевой группы: конкретное описание обучающихся (нозологическая группа, возраст, ключевые образовательные потребности, уровень развития).

В рамках проекта в 2026 году планируется проведение постоянно-действующих семинаров и курсов по использованию нейросетей по разным направлениям профессиональной деятельности педагогических работников в образовательной практике специального и инклюзивного образования.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 16/01/2026

Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық курс өтуде

2026 жылдың 12–24 қаңтар аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша КДИ филиалы мен Ресей Федерациясының Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында филиал тренерлері 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Курс «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісін ұйымдастыру және жобалау» тақырыбында ұйымдастырылып, дәрістерді Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.А. Ремезова жүргізуде.

Бағдарлама аясында заманауи педагогтің ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚБ) білім алушылармен жұмыс істеудегі инклюзивті кәсіби құзыреттері, интерактивті оқыту тәжірибелерін инклюзивті білім беру үдерісіне әзірлеу, құрастыру және жоспарлау барысында пайдалану жолдары, ЕББҚБ білім алушылармен білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға арналған жаңа практикалық құралдар, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері қамтылған.

Аталған курс педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, инклюзивті білім беру сапасын жақсартуға және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 16/01/2026

«Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы аясында облыстық семинар өтті

2025–2029 жылдарға арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалының стратегиялық даму бағдарламасы аясында педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жоба жоспарына сәйкес 2026 жылдың 16 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы Батыс Қазақстан облысының тәлімгерлеріне арналған кезекті семинар өткізді. Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы тәлімгерлікті ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, жас педагогтерді кәсіби қолдау жолдарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында тәжірибелі педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді тәлімгерлік әдіс-тәсілдерге талдау жасады, практикалық ұсыныстар әзірленді. Семинар тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәлімгерлік мәдениетті дамытуға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды алаң болды.

Photos from «Өрлеу» БҚО's post 14/01/2026

Национальный центр повышения квалификации "Өрлеу"

👩🏻‍🏫Педагогтер, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының басшыларын «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздарымен өтетін вебинарлар сериясына шақырамыз.
🎙️Байқау жүлдегерлері функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған заманауи педагогикалық идеяларымен бөліседі.
📍Вебинарлар онлайн форматта Zoom платформасында және «Өрлеу» орталығының ресми YouTube арнасында қатар өтеді.
🕹️Әріптестердің практикалық тәжірибесімен танысу мүмкіндігі және жаңа педагогикалық идеялардан қапы қалмаңыз!

————————————————————————

👩🏻‍🏫 Приглашаем педагогов, методистов и руководителей организаций образования на серию вебинаров с победителями республиканского конкурса «Панорама педагогических идей – 2025».
🎙️ Победители конкурса поделятся современными педагогическими идеями, направленными на развитие функциональной грамотности.
📍 Вебинары пройдут в онлайн-формате на платформе Zoom, а также будут транслироваться на официальном YouTube-канале центра «Өрлеу».
🕹️ Не упустите возможность познакомиться с практическим опытом коллег и быть в курсе актуальных педагогических идей!

Want your school to be the top-listed School/college in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


пр. Евразия
Oral
090000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00