04/09/2022
“Санжар” мектебі чемпион!
Батыс Қазақстан облысының жастар арасындағы командалық чемпионатында Санжар интеллектуалы спорт мектебінің спортшылары жүлделі 1🥇 орынға ие болды.
Құрама мүшелері Жакияев Еділ ,Серік Бекнұр ,Галлемов Нұрдәулет,Қылышқожа Нұрәділ,Оразмұханбет Самира ,Беркін Гүлсезім,Мұғал Назерке,Сәлімғали Қарақат.
Санжар мектебінің спортшыларын екінші мәрте чемпион болуларымен құттықтаймыз👏👏
02/09/2022
5- ші қыркүйектен бастап оқушыларды қабылдаймыз. Орын шектеулі!
02/09/2021
Үйірмеге оқушыларды қабылдау басталды.
24/06/2021
"Санжар" спорт мектебінің спортшылары Ақсайда. 24.06.2021.
16/02/2021
ҚҰТТЫҚТАУ!
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай
14 ақпан күні тоғызқұмалақтан Қызылорда облысының ашық онлайн біріншілігі өтті.
Мақсаты:
- ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау, дамыту, бұқаралық сипатын арттыру;
- спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру,
- жастарды тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетті дамыту;
- үздіктерді анықтау.
Жарыс www.playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында 8807024serikaktayev турнирінде швейцар жүйесімен 11 турдан өтті. Барлығы 144 спортшылар қатысып, жарысқа еліміздің өңірлерінен спортшылар бақтарымен баптарын сынаған болатын. Нәтижесінде мектебіміздің жаттықтырушысы ХДСШ Сагинбаев Жарасхан спортшымыз жүлделі 1-ші орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!