05/06/2024
«Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды
Құрметті облыс тұрғындары!
Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту,
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейінгі аралықта Орал қаласының және аудандық әкімдіктердің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
.bqo.official
.girls
04/06/2024
Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурмуханова Динара Төлегенқызының бастамасымен «Жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам міндеті» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоя отырып, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру маңызды екендігі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылатындығы айтылды.
.bqo.official
.girls
03/06/2024
ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУДАН ӨЗ БЕТІНШЕ ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫРЫЛДЫ
Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - ТСМ) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп ҚР азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөніндегі қызметті автоматтандыру бойынша жұмысты аяқтады.
Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады.
Бұл рәсім «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-1 бабында көзделген және автоматтандыруға дейін тиісті тұлғаларды өзін-өзі шектегендер тізіміне қосу 8 жұмыс күні ішінде қағаз форматта жүзеге асырылды.
Жаңа қызмет өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматтарға, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
.bqo.official
.girls
31/05/2024
Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
.bqo.official
.girls
27/05/2024
а.ж. 30 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 10:00 мен 17:00 аралығында “Халық заңгері” жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Азаматтар адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, сот орындаушылары, мемлекеттің органдардың басшыларынан тегін қажетті консультация ала алады.
Өтетін орны:Орал қаласы, Д.Нурпеисова көшесі, А.Н.Островский атындағы драма театры.
.bqo.official
.girls
20/05/2024
🇰🇿🇰🇿🇰🇿2024 жылдың 17-19мамыр күндері Алматы облысы, Талғар ауданында жасөспірімдер арасында теңге ілуден Қазақстан Республикасының XVIII чемпионаты оздырылды. Аталған жарыста Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ спортшысы Асылбек Әли жүлделі ІІ орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 💐💐💐
.bqo.official
.girls
15/05/2024
⚜️⚜️⚜️2024 жылдың 10-13 мамыр күндері Алматы облысы, Талғар ауданында аударыспақтан Қазақстан Республикасының XVIII чемпионаты оздырылды. Аталған жарыста батысқазақстандық Теңізбай Нұрқанат 95 келі салмақ дәрежесіне жүлделі І орынға ие болса, +95 келі салмақ дәрежесінде Сайман Мирлан ІІ орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 💐💐💐
.bqo.official
.girls