ЕҰУ. Тарих факультеті

ЕҰУ. Тарих факультеті

Share

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің ресми парақшасы

04/05/2026

📌Жоғары оқу орындары студенттері арасында 6В02203 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.

✅Аталмыш шара - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналды.

✅Пәндік олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

✅Тарих факультетінің деканы Ө.Ж. Бекмағанбетов студент - жастардың шынайы білімді көрсетулеріне тілектестігін білдірді.

✅Аталған олимпиадаға Қазақстанның он төрт ЖОО-нан студенттер қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген қатысушы командалар білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті.

✅Команданы таныстыру, оның ұраны, логотипі, университет пен факультеттің жетістіктерін айқындайтын тур - сәлемдесу деп аталса, үй тапсырмасына арналған екінші турда - командалар «Ұлт тарихын зерделеудегі тарихи мұра және тұлғатану» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Тақырыбына сәйкес презентацияларын ұсынды. Сонымен қатар, тұлғалар өмірі мен

Photos from ЕҰУ. Тарих факультеті's post 24/04/2026

Бүгін 26.04.26 күні Л. Н. Гумилев атындағы ENU да "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" өтті. Аталмыш іс- шараға Тарих факультеті де қатысты. Факультеттің белді кафедраларының бірі Қазақстан тарихы кафедрасы және Археология және этнология кафедралары өндірістік тәжірибеде үнемі байланыста болатын жұмыс берушілерін арнайы шақырып шараның пайдалы әрі мәнді болуына ат салысты. Шақырылған жұмыс беруші мекемелер арасында ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана қаласынан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы және Ұлттық архив мамандары да келіп бітіруші түлектерді жұмыс орындарының талаптарымен таныстырып, құнды ақпараттарымен бөлісті. Іс шара соңында келген мамандарға Университетіміздің
Академиялық мәселелер жөніндегі
департамент директоры Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ректорының Алғыс хатын табыстады!

22/04/2026

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к. Бекмағанбетов Өмірбай Жолдыбекұлы және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Сейтказина Құралай Отаубаевна Қазақстан Республикасы Президент Архивінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президент архиві мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы меморандумға сәйкес “Тарих» білім беру бағдарламасы білім алушыларының архивте практикадан өтулері, жұмыс беруші тарап ретінде қызмет жасау т.б. мәселелер талқыланды.

Photos from ЕҰУ. Тарих факультеті's post 09/04/2026

📌2026 жылдың 3-сәуірі күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Ғылым декадасы аясында "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: жаңа көзқарастар мен тарихи жады" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

✅Аталмыш шараға кафедраның профессор оқытушылары, білім алушылары қатысты. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақ -
С. Сейфуллин атындағы Агро-техникалық зерттеу университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Б. Еңсепов тақырыпқа қатысты деректермен бөлісті.

✅Тарих ғылымдарының кандидаты, кафедрамыздың қауымдастырылған профессоры Қ.А. Еңсенов жаңа көзқарастарға негізделген баяндамасын жасады.

✅"Тарих" білім беру бағдарламасының білім алушылары - магистрант К. Сабиев, докторант Р. Жұманбай, студенттер Б. Аманбай, К. Ганятул, Г. Закир 1916 жылғы көтеріліске байланысты ғылыми-ізденулерін ортаға салды. Шараның модераторы - Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтказина дөңгелек үстелге қатысқандарға алғысын білдірді.

Photos from ЕҰУ. Тарих факультеті's post 09/04/2026

📌2026 жылы 19-наурызда Қазақстан тарихы кафедрасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай
тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Е.А. Әбілмен кездесу ұйымдастырды.

✅Еркін Аманжолұлы "Актуальные проблемы истории" тақырыбында "Тарих" білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттарына дәріс оқыды.

✅Шараға Тарих факультетінің деканы Ө.Ж. Бекмағанбетов және кафедраның профессор-оқытушылары қатысты. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Сейтказина Құралай Отаубаевна тарихшы-ғалым Әбіл Еркін Аманжолұлына ұжымның атынан рахметін айтты.

Photos from ЕҰУ. Тарих факультеті's post 09/04/2026

📌Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасында Ғылыми семинар жұмысын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың
5-наурызында "Тарихи демографияның өзекті мәселелері" тақырыбы талқыланды.

✅Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Сейтказина Құралай Отаубаевна кафедраның қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.
Қ.А. Еңсеновтің аталмыш тақырыпқа сәйкес баяндама жасайтынын айтты.

✅Қанат Алексейұлы өзінің зерттеулері негізінде тарихи демографияның өзекті мәселелерінен тың деректерді білім алушылар мен әріптестерінің назарына ұсынды.



Photos from ЕҰУ. Тарих факультеті's post 08/04/2026

6 сәуір күні ENU Тарих факультетінде 1- курс студенттері Астана қаласы қылмыстық полиция депортаментінің қызметкерлері,
полиция мойоры Аубакиров Саят Ерболович және
полиция подполковнигі Камалиев Бауыржан Аманжоловичтармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің университет қабырғасында ұйымдастырылуыны қазіргі таңдағы қоғамдағы жастар арасында белең алып отырған түрлі алаяқтың істерден жастарды сақтандырудың алдын алу мақсаты болатын. Мәселен банк карталары бойынша алаяқтық қылмыстардың көбеюі, жемқорлық, діни экстремизм, тероризм, есірткі сияқты жат әдеттерді ұйымдастырушылардың студент жастарды қылмысқа тарту фактілерінің көптеп тіркелуі. Бүгінде мұндай қылмыстарды әсіресе жастарды діни экстремизмге тарту, алаяқтардың алдауына ұрыну сияқты аяғы өкінішке ұрындыр жағдайларды мамандар түсіндіріп қылмыстың алдын алу көп көмек болары сөзсіз. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан ақыл кеңес алды.
.nugymanov

10/12/2025

Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Мектеп бітіруші түлектерге арналған өңірлік олимпиада өтті.
Аталмыш шараға
Павлодар қаласы, Степногорск, Қосшы, Қоянды, Астана мектептерінен 202 оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі- Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Б. Бейсенбай, Кәсіби бағдар беру бөлімінің бастығы-Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Б. Егеубаева қатысты.
Сайыс қорытындысында оқушылар І, ІІ,ІІІ Дәрежелі дипломдармен марапатталды!

Сонымен қатар, олимпиада барысында мектептердегі тарих пәнінің мұғалімдерімен өткен әдістемелік семинар жұмысында тарих пәнін оқыту мәселелері талқыланды.

02/12/2025

Еркебұлан Еркінұлы Нұғымановпен кездесуден естелік видео.

Photos from ЕҰУ. Тарих факультеті's post 02/12/2025

Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тарих факультетінде университетіміздің қағидатының жүзеге асырылуын бақылауға алып, жүйелі түрде жұмыс жүргізу үшін жоспарланған жобалардың аясында факультетіміздің 1-курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге департамент өкілі, заңгер Еркебұлан Еркінұлы Нұғыманов қонаққа келді.
Сонымен қатар Тарих факультетінің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары Мұхамеджанова Нұргүл Ахметжанқызы және тәрбие ісіне жауапты Ерденбекова Жанар Сейітқалиқызы да іс шараға қатысты.
Е. Е. Нұғыманов студенттерге қоғамдағы өзекті мәселерді
түсіндіріп, солардың ең маңыздысы:
✅Алаяқтық
✅Заңсыз деп танылатын есірткіні таратудан сақ болу
✅ Көшедегі төбелестерден сақ болу
✅Қоғамдық жерде өз-өзін дұрыс ұстау
жөнінде ең маңызды ақпараттармен бөлісті.
Студенттер де өз кезегінде маңызды сұрақтар қойып мамандардан толыққанды жауаптарын ала алды.

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


г. Астана, Улица Пушкина 11, корпус №2
Nur-Sultan