11/04/2022
Ұрыс даласында жеңіліп көрмеген Қанжығалы Бөгенбай батыр
айдарының келесі батыры 103 ұрысқа қатысып, ерлігімен танылған орта жүздің арғын руынан шыққан батыр - Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы.
Әрі батыр әрі шешен, атақты қолбасшы туралы фактілерді карусельден оқи аласыз 👉🏻
#бөгенбайбатыр
#бөгенбайбатырескерткіші
31/03/2022
Оқушылар нарықтағы бәсекелестікке қалай дес бермек?
Qazaq Batyrs мектебінің бірден-бір мақсаты білім алушыларға тек тәлім-тәрбие мен білім ғана беру емес, маңыздысы, оларды осы әлемнің, өмірдің болашағына дайындау☝🏻
Білім алушылар әлеуметтік және білім саласындағы мәселелерге тап бергенде, саналы, рационалды түрде ойлануға, анализ жасауға және дұрыс шешім қабылдауға дайын болулары керек.
Ол қабілеттерге ие болу, 21 ғасырда, көп еңбекті, уақытты, ынтаны талап етеді.
Біздің мектеп өз тарапынан, бұл қабілеттерді арнайы эксперттермен дайындалған курсттар 📚арқылы жүзеге асырмақ. Аутентикалық бағалау мен «7️⃣ қазына» тұжырымдамасына негізделген курстарымыз болашақта нарықта бәсекелестікке шыдап бере алатын тұлғалар дайындайды.
Қандай курстарды дайындап жатыр деп ойлайсыз?
Егер сізге мүмкіндік берсе, өзіңіз қандай курс өтер едіңіз?✍🏻👇🏻
17/03/2022
Экспедицияға шығамыз
Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.
– Ахмет Байтұрсынұлы
Qazaq Batyrs мектебінің ерекшеліктерінің бірі оқушылармен экспедиция 🏕ұйымдастыру.
Бұл жолдың басты мақсаты:
1. ер-жігіттердің бойында дала рухын ояту
3. еліміздің тарихына тереңінен бойлату
4. кедергілер арқылы шыдамдылыққа үйрету
5. психологиялық және физикалық тұрғыдан дамыту
6. табиғатпен тығыз байланыс арқылы рухани дамуға жол ашу.
Экпедиция тек сол мекен жайлы ақпарат беру үшін ғана емес, сонымен қатар, командалық жұмыстар арқылы оқушылар арасында ұйымшылдықты арттыру.
Бірге қиындықты, кедергілерді енсере отырып, оқушылар бір-бірін жақсырақ тануға, қолдауға, көмектесуге мүмкіндіктері болады.
Адами құндылықтарды дамытып, жігіттердің сол өңірдегі халықтың хал-ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіну үшін де экспедиция маңызды рөл атқарады.
Ал енді бізге көмектеріңіз қажет, сол үшін де төмендегі сұрақтарға жауап беріп өтсеңіздер👇🏻
1. Араларыңызда экспедицияға шыққандар бар ма?
2. Өз тәжірибелеріңізбен бөлісе отырыңыздар
3. Қандай мекендерді көруге кеңес бересіздер?
4. Қандай қиындықтарға ұшырадыңыздар?
#қазақбатырлармектебі
#ұлдармектебі
#экспедицияказахстан
#походывгоры
#тарихиқұндылық
#тарихқазақстан
12/03/2022
Логотипте бір мән бар
Qazaq Batyrs мектебінің логотипіндегі жұлдыздың 7 бұрышты болуы, біздің мектептің 7 қазынасын білдіреді.
Ол туралы алдыңғы посттарда жария еткен болатынбыз👆🏻
Маңыздысы, оқушыларымыз 7 қазынаға ие бола отырып, тәкаппарланып, даңдайсып кетеді деп ойламаңыздар. Өткір ұштар оқушылардың қоғамдағы мәселелер мен қиындықтарды қатты сезетінін, оған атсалысатынын білдіреді.
Ол деген, біздің мектептің «қамқорлық көрсете отырып, мейірімділікке баулу» қадамымен пара-пар.
Білім алушылардың жұлдызы жарқын болып, әрқайсысы қоғамда өз орнын табулары үшін қолдау көрсету, көмек беру, дайындау арқылы әрекет ететін боламыз🙌🏻
22/11/2021
Сонымен QBS оқыту бағдарламасының ерекшелігі неде?
✅«7 Qazyna» тұжырымдамасынан бастайық!
Өздеріңізге белгілі, қазақ халқының дүниетанымында «Жеті қазына» ұғымы ерекше орын алады. Бұл дегеніміз – нағыз ер адам өміріне қажетті 7 құрамдас: ер жігіт, сұлу, ақыл әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық, білім. Аңыз бойынша, жігітте осы жеті қазынаның бәрі болса, оның өмірі толы және бақытты болады.
Әрине, жаңа ұрпақтың заманауи шындығында жігіттің қазынасы жаңаша түсінікке ие болады. Авторлық QBS бағдарламасында ХХІ ғасырда батырларды тәрбиелеу үшін ұлттық тәрбие мен тәрбиенің даналығын, болмысын озық тәлім-тәрбие тәжірибесімен ұштастырып, ұлттық ұғым сабақтастығын сақтадық:
1️⃣Отбасың, жарың мен ұрпағың > Heart Qazyna > Көңіл бөл
2️⃣Жақын адамдар мен айналаң > Social Qazyna > Берік қарым-қатынас құр
3️⃣Атың, қылышың мен садағың > Physical Qazyna > Күш-қуат сал
4️⃣Жаңа адамдар мен айналаң > Emotional Qazyna > Жаныңмен үйлес
5️⃣Ақылың мен ойларың > Intellectual Qazyna > Ғылыми жаңалықтар аш
6️⃣Арманың мен таңдауларың > Creativity Qazyna > Жарқын болашағыңды ойла
7️⃣Елің мен жерің > Leadership Qazyna > Тұра жолға бағытта
«7 Qazyna» біздің оқушының бойындағы 7 қасиетті тәрбиелеуге бағытталған оқу бағдарламасының өзегі.
______________________________
Так в чем уникальность программы обучения QBS?
✅Начнём с концепции “7 Qazyna”!
Как вы уже знаете, в мировоззрении казахского народа особое место занимает понятие "Жеті қазына" (7 сокровищ). Это значит - 7 необходимых составляющих жизни настоящего мужчины: ер жігіт, сұлу, ақыл әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық, білім (мужественность джигита, красивая, умная жена, быстроногий скакун, охотничий беркут, преданный пес породы тазы, хорошее оружие, всесторонние знания). Так, согласно преданию, если у джигита есть все эти семь сокровищ, то его жизнь полна и счастлива.
Конечно, в современных реалиях нового поколения сокровища джигита обретают новое понимание. В авторской программе QBS мы сохранили преемственность национальной концепции, объединив мудрость, идентичность национального воспитания и обучения с передовым опытом образования, для воспитания батыров XXI века:
⬇️⬇️⬇️
17/11/2021
❓Qazaq Batyrs School оқушысы, ол кім?
Мектебімізбен, оқу бағдарламасымен және тәрбие әдістемесімен таныстыруды бастамас бұрын, сіздерге болашақ батыр және QBS оқушысы қандай болатынын түсіндірейік.
QBS студенті болашақта өз әлеуетін толық іске асыруға көмектесетін келесі қасиеттерге ие болады:
1️⃣Жылы жүрек
2️⃣Әділ қарым-қатынас
3️⃣Темір жұдырық
4️⃣Дала рухы
5️⃣Нұрлы ақыл
6️⃣Дара жол
7️⃣Ыстық қайрат
🤔Неліктен бұл қасиеттерді және оларды қалай оқушының бойына сіңіретініміз қызық болды ма? Комментарийге "Иә" деп жазыңыз, сонымен әрі қарай жалғастырамыз😉
_________________________________
❓Какой он, будущий ученик Qazaq Batyrs School?
Прежде чем познакомим вас с нашей школой, программой обучения и методикой воспитания, мы расскажем вам, каким видим ученика Qazaq Batyrs School, будущего батыра.
Ученик QBS будет сочетать в себе качества, которые помогут ему реализовать свой потенциал в будущем:
1️⃣Доброе сердце
2️⃣Степная душа
3️⃣Стальная хватка
4️⃣Острый ум
5️⃣Справедливое отношение
6️⃣Тонкий вкус
7️⃣Энергичное дыхание
Вам стало интересно, почему именно эти качества и как их будем развивать? Пишите в комментариях «Да», и мы продолжим😉…
16/11/2021
⁉️Неге біз?
QBS бірегейлігі біздің «7 Qazyq» авторлық оқыту жүйесі студенттердің келесі бағыттардың БАРЛЫҒЫ бойынша жан-жақты дамуына бағытталғаны:
1️⃣Ғылыми-математикалық бейімділік
2️⃣Тілдер үйренуге бағыт
3️⃣Гуманитарлық бейімділік
4️⃣Секция-спорттық бағыт
5️⃣Әлемнің үздік университеттеріне дайындық
6️⃣Жоба мененджменті
7️⃣Пансионатта амандық және демалыс
▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️▪️
⁉️Почему мы?
Уникальность QBS в том, что наша авторская система обучения «7 Qazyq» направлена на разностороннее развитие учащихся по ВСЕМ следующим направлениям:
1️⃣Научно-математический уклон
2️⃣Языковой уклон
3️⃣Гуманитарный уклон
4️⃣Секционно-спортивный уклон
5️⃣Подготовка в лучшие вузы мира
6️⃣Проектный менеджмент
7️⃣Благополучие и отдых в пансионате