Центр

Центр

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Центр, Nur-Sultan.

Photos from Центр's post 12/05/2026

Емтиханнан кейін айтылған сөздер баланың жадында ұзақ сақталып, нәтижеден де қатты әсер етуі мүмкін.
Балаға ата-ананың қолдауы бәрі жақсы болғанда ғана емес, әсіресе, қиын сәтте аса қажет.
Стресс кезінде салыстыру мен қысым емес, қолдау және оның баға жетпес қазына екенін сезіндіру маңызды.
Мықты тұлғаны нәтиже емес, тұрақты қолдау қалыптастырады.
Балаға бақылау емес – жанынан табылатын ересек адам қажет.
☘️☘️☘️☘️☘️☘️☘️☘️☘️☘️☘️
Слова, сказанные после экзамена, могут остаться с ребёнком надолго – и повлиять сильнее, чем сам результат.
Ребёнку нужен любящий родитель не только тогда, когда всё получается, но особенно – когда что-то не получилось.
В моменты стресса важны не сравнения и давление, а поддержка и ощущение собственной ценности – независимо от оценок.
Сильную личность формирует не результат, а стабильная поддержка рядом.
Ребёнку нужен не контроль, а взрослый, который будет рядом.

Photos from Центр's post 17/04/2026

🌱NIS-тің Каникулярлық мектебіне қалай тегін келуге болады?

5-сыныпты бітірушілерге арналған Каникулярлық мектеп маусым айында барлық NIS мектептерінде өтеді ( қоспағанда).

📚NIS педагогтерімен дайындық аясында балалар математика, жаратылыстану, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша 5-сыныптың күрделі тақырыптарын қайталайды.

Қалай қатысуға болады?

⏰2026 жылғы 1 және 12 мамыр аралығында (тестілеу тек осы аралықта қолжетімді) vs.nis.edu.kz сайтындағы Виртуалды мектептің қорытынды тестілеуін жақсы тапсырып, кемінде 50% дұрыс жауап беру қажет.

Виртуалды мектеп сайтында қорытынды тестілеуге енген тақырыптар бойынша бейнесабақтар орналастырылған.

Сәттілік тілейміз!



🌱Как бесплатно попасть в Каникулярную школу NIS?

Каникулярная школа для выпускников 5 классов пройдёт в июне во всех школах NIS (за исключением ).

📚В рамках подготовки с педагогами NIS дети повторят сложные темы 5 класса по математике, естествознанию, а также казахскому, русскому и английскому языкам.

Как принять участие?

⏰Необходимо успешно пройти итоговое тестирование в Виртуальной школе и набрать не менее 50% правильных ответов на сайте vs.nis.edu.kz с 1 по 12 мая 2026 (позже тест будет недоступен).

На сайте Виртуальной школы уже размещены видеоуроки по темам, включённым в итоговое тестирование.

Желаем всем удачи!

07/04/2026

📌Егер сіз конкурстық іріктеуден кейін рұқсатнаманы жоғалтып алған болсаңыз, көшірмесін рәсімдеу үшін өз қалаңыздағы NIS мектебіне жүгіну қажет. Назар аударыңыз: рұқсатнамада ТСК (тестіленушінің сәйкестендіру коды) көрсетілген, онсыз сіз емтихан нәтижесімен таныса алмайсыз.

📆Мектептердің жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағ. 8:30-дан 16:30-ға дейін (түскі үзіліс 12:30–13:30).

😉Ата-аналарға арналған кеңес: рұқсатнаманы суретке түсіріп, WhatsApp арқылы өзіңізге, балаңызға немесе жақындарыңызға жіберіп қойыңыз (кейбір ата-аналар рұқсатнаманың суретін сақтау үшін Инстаграмдағы біздің парақшамыздағы директке жіберіп қойды).

Егер сіз құжаттарды egov.kz арқылы тапсырсаңыз, рұқсат қағазын жеке кабинеттен немесе порталға байланған электронды пошта арқылы қайтадан басып шығаруға болады.

📌Если вы потеряли пропуск после конкурсного отбора, необходимо обратиться в школу NIS вашего города для оформления копии. Обращаем внимание: на пропуске указан ИКТ (идентификационный код тестируемого), без которого вы не сможете ознакомиться с результатами экзамена.

📆График работы школ: в будние дни с 8:30 до 16:30 (обед с 12:30 до 13:30).

😉Лайфхак от родителей: сделать фотографию пропуска и отправить себе, ребёнку или близким в WhatsApp (некоторые родители отправили фотографию пропуска в директ нашей страницы в Инстаграм для сохранения).

Если вы подавали документы через egov.kz, пропуск можно повторно распечатать с личного кабинета или электронной почты, привязанной к порталу.

Photos from Центр's post 19/03/2026

5️⃣📚Тек 5-сынып оқушыларының ата-аналары үшін!
Келесі жылы конкурстық іріктеуге қатысуды жоспарлап отырған балаларға арналған Виртуалды мектепке тіркеу жалғасып жатыр.

Виртуалды мектеп – бейнесабақтар мен әр бөлімнен кейінгі онлайн тестілер жиынтығы. Бұл – NIS мектебіне түсуге дайындалуға көмектесетін тегін жоба.

Виртуалды мектепте оқу келесі кесте бойынша өтеді.

📌Тіркеу: 2026 жылғы 25 наурыздан 12 мамырға дейін
💻Оқыту: 2026 жылғы 1 сәуірден 12 мамырға дейін
💡Қорытынды тестілеу: 2026 жылғы 2–12 мамыр аралығы

Виртуалды мектеп сайты: https://vs.nis.edu.kz

5️⃣📚Только для родителей учащихся 5 классов!
Продолжается регистрация в Виртуальную школу для детей, которые планируют в будущем году принять участие в конкурсном отборе.

Виртуальная школа – это видеоуроки и онлайн-тесты после каждого раздела. Это бесплатный проект для помощи в подготовке к поступлению в NIS.

Обучение в Виртуальной школе проходит по следующему графику.

📌Регистрация: с 25 марта по 12 мая 2026 года
💻Обучение: с 1 апреля по 12 мая 2026 года
💡Итоговое тестирование: со 2 по 12 мая 2026 года

Сайт Виртуальной школы: https://vs.nis.edu.kz

19/03/2026

📣📣📣Назар аударыңыз! Конкурстық іріктеу қатысушыларына арналған онлайн байқау тесті!

Тіркеу: onlinetest.nis.edu.kz

Бағасы: 12 000 теңге

📣📣📣Внимание! Онлайн пробный тест для участников конкурсного отбора!

Регистрация: onlinetest.nis.edu.kz

Цена: 12 000 тенге

18/03/2026

💡Бұл видеода 2026 жылғы конкурстық іріктеуге қатысты жиі қойылатын маңызды сұрақтарды жинақтадық.

📌20 наурызға дейін сұрақтарыңызды пікірде немесе директке жазсаңыз, міндетті түрде жауап береміз.

Сондай-ақ парақшамыздың лентасынан конкурстық іріктеуге дайындық бойынша негізгі ережелер мен лайфхактарға қатысты пайдалы видеолар мен жазбаларды көре аласыз.

📜Ата-аналарға арналған ақпараттық буклет пен емтиханда қолданылатын жауап парақтарының бланкілері trialtest.nis.edu.kz сайтындағы «Тегін материалдар» бөлімінде ұсынылған (тіркелген пайдаланушылар ғана жүктей алады).

💡В этом видео мы собрали самые популярные и важные вопросы о конкурсном отборе 2026 года.

📌До 20 марта у вас есть возможность написать и получить ответ на свой вопрос в комментариях или директе.

Также обратите внимание, что в ленте нашей страницы размещены полезные видео и посты по правилам и лайфхакам по подготовке к конкурсному отбору.

📜Информационный буклет для родителей, а также бланки листов ответов, которые будут использоваться на экзамене, размещены на сайте trialtest.nis.edu.kz в разделе «Бесплатные материалы» (только для зарегистрированных пользователей).

17/03/2026

📌Конкурстық іріктеуге 10 күн қалды!

Құрметті ата-аналар! Қазақстан бойынша NIS мектептеріндегі конкурстық іріктеуді ұйымдастыру мен өткізуге қызметкерлер толық қатысатынына байланысты, 2026 жылғы 20–30 наурыз аралығында Instagram және WhatsApp арқылы берілетін консультация уақытша тоқтатылады.
Көрсетілген мерзімге дейін және одан кейін сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз.

Конкурстық іріктеуде бәріңізге сәттілік тілейміз!

📌Всего 10 дней до конкурсного отбора!

Уважаемые родители! С 20 по 30 марта 2026 года консультации в Instagram и по WhatsApp временно не будут проводиться ввиду участия всех сотрудников в подготовке и проведении конкурсного отбора в школах NIS по всему Казахстану.
Мы будем рады ответить на ваши вопросы до и после указанного периода.

Желаем всем удачи на конкурсном отборе!

16/03/2026

❌Басып шығарылған рұқсат қағазы жоқ қатысушы конкурстық іріктеуге жіберілмейді (тіпті тестілеудің бірінші күніне қатысқан болса да). Рұқсат қағазын шимай парақ ретінде пайдалануға, бетіне жазуға, бүктеуге, ластауға, жыртуға немесе жоғалтуға болмайды!

1. Рұқсат қағазы мектептен алынған болса:
Рұқсат қағазын сақтаңыз және балаңызға тестілеудің бірінші күнінен кейін оны өзімен бірге міндетті түрде алып кетуі керектігін ескертіңіз (аудиторияда қалдырмауы керек).

📌Мектептен алған рұқсат қағазын таба алмасаңыз, оның телнұсқасын алу үшін 21 наурызға дейінгі жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17:00-ге дейін мектепке хабарласыңыз.

2. Рұқсат қағазы egov.kz-тен алынған болса:
Рұқсат қағазын міндетті түрде түрлі түсті принтерден басып шығарып, мектепке кірер кезде қағаз түрінде көрсету қажет. Электрондық үкімет сайтынан алынған рұқсат қағазы egov.kz сайтына тіркеген электрондық поштада немесе порталдағы «Қызметтер тарихы» бөлімінде болады.

Рұқсат қағазын мамыр айында конкурстық іріктеу нәтижелері шыққанға дейін сақтау қажет. Нәтижелер nis.edu.kz сайтындағы «Оқуға түсу» – «Конкурстық іріктеу нәтижелері» бөлімінде жарияланады.

❌Без бумажного пропуска участник не допускается на конкурсный отбор (даже если он участвовал в первый день тестирования). Пропуск нельзя использовать в качестве черновика, делать на нём записи, мять, пачкать, рвать и терять!

1. Если пропуск был получен в школе:
Сохраните пропуск и напомните ребёнку, что он должен обязательно забрать его с собой после первого дня тестирования (не оставлять в аудитории).

📌Если пропуск, полученный в школе, не можете найти - срочно обратитесь в школу за получением дубликата в рабочие дни до 21 марта с 8:30 до 17:00ч

2. Если пропуск был получен через egov.kz:
Пропуск необходимо распечатать обязательно на цветном принтере и предъявить в бумажном виде при входе в школу. Пропуск с сайта электронного правительства находится либо на почте, привязанной к сайту egov.kz, либо на самом портале в истории услуг.

Пропуск нужно сохранить до выхода результатов конкурсного отбора в мае. Результаты будут опубликованы на сайте nis.edu.kz в разделе «Поступление в NIS» - «Результаты конкурсного отбора».

12/03/2026

📣📣📣Назар аударыңыз! 7.03.2026 ж. байқау тесті бойынша Жеке есеп дайын!

Балалары байқау тестіне қатысқан барлық ата-ана есепті https://trialtest.nis.edu.kz сайтындағы «Жеке кабинеттен» («Нәтижелер» бөлімі) жүктеп ала алады.

Ұсынымдар мен қате жіберілген тақырыптар тізімін баламен қосымша дайындық жүргізу үшін пайдаланыңыз.

💻Байқау тестіне тіркеу: https://trialtest.nis.edu.kz
📱Консультация және көмек: +7 775 63 723 66 (WA)

📣📣📣Внимание! Индивидуальный отчёт по пробному тестированию 7.03.2026 готов!

Все родители, чьи дети приняли участие в пробном тесте могут скачать отчет в «Личном кабинете» (раздел «Результаты») на сайте: https://trialtest.nis.edu.kz

Используйте рекомендации и перечень тем, где были допущены ошибки, для дополнительных занятий, чтобы устранить пробелы.

💻Регистрация на пробное тестирование: https://trialtest.nis.edu.kz
📱Консультация и помощь: +7 775 63 723 66 (WA)

11/03/2026

📆2026 жылғы 25 наурыз күні 5-сынып оқушылары үшін NIS Виртуалды мектебіне тіркелу басталады.

👉💻Платформада келесі жылы NIS-ке түсуді жоспарлаған оқушылар математика, жаратылыстану және тілдер (қазақ, орыс, ағылшын) бойынша онлайн сабақтарды тегін оқып, әр бөлімнен кейін бақылау тестілерін тапсыра алады.

Виртуалды мектепке баланы ата-анасы немесе заңды өкілі өз бетінше тіркейді.

Оқу онлайн форматта жүргізіледі, жеке консультациялар берілмейді және үй тапсырмалары тексерілмейді.

📌Оқу мерзімі: 2026 жылғы 1 сәуірден 12 мамырға дейін (осы мерзім аяқталған соң ресурс жабылады).

📌Қорытынды тестілеу: 2 мамырдан 12 мамырға дейін қоса алғанда (осы мерзім аяқталған соң ресурс жабылады).

Қорытынды тест нәтижесі бойынша 50% және одан жоғары балл жинаған оқушылар маусым айында NIS мектебі базасында өтетін Каникулярлық мектепке шақырылады.

💻Тіркелу: vs.nis.edu.kz

📱Техникалық маман: +7 7172 23 57 90 (дүйсенбі–жұма, 8:30–17:30)

📆С 25 марта 2026 года открывается регистрация в Виртуальную школу для учащихся 5 классов.

👉💻На платформе учащиеся, планирующие поступление в NIS в следующем году, могут бесплатно пройти онлайн-уроки по математике, естествознанию, языкам (казахский, русский, английский) и сдать проверочные тесты после каждого раздела.

Регистрацию в Виртуальную школу родитель или законный представитель ребёнка проходит самостоятельно.

Обучение осуществляется в онлайн-формате, без индивидуальных консультаций и проверки домашних заданий.

📌Сроки обучения: с 1 апреля по 12 мая 2026 года (далее доступ к ресурсу будет закрыт).

📌Итоговое тестирование: со 2 по 12 мая включительно (далее доступ к ресурсу будет закрыт).

Учащиеся, набравшие 50% и более по итоговому тесту, будут приглашены в июне в Каникулярную школу на базе школы NIS.

💻Регистрация: vs.nis.edu.kz

📱Технический специалист: +7 7172 23 57 90 (пн-пт с 8:30 до 17:30)

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00