🚀 Командаңызбен өтетін жиналыстарды қалай нәтижелі етуді іздеп жүрсіз бе?
Біз қатысушылардың белсенділігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін квиздер мен интерактивтерге арналған 9 сервисті жинақтадық.
Интерактивтер тек көңіл көтеру үшін емес. Олар ақпараттың жақсырақ игерілуіне септігін тигізеді, пікірталастарды жандандырады және команданы нығайтады. Белсенділікке инвестиция салыңыз — сонда нәтижеге қол жеткізесіз.
💾 Тізімді сақтап қойыңыз! Әріптестеріңізбен бөлісіңіз.
#Тренинги #Фасилитация #Интерактив
Samruk Business Academy
Мы готовим руководителей мирового уровня и предоставляем качественные HR–решения, увеличивающие стоимость группы компаний Фонда «Самрук-Казына»
🔹 20+ лет на рынке Казахстана
🔹 150 000+ подготовленных специалистов
🔹 Корпоративное обучение | Рекрутинг | Аутстаффинг | HR-консалтинг
Помогаем компаниям расти, а лидерам раскрывать потенциал!
27/04/2026
🎙️ Корпоративтік функцияларды дамыту департаментінің директоры Самал Онайбаевамен сарапшылық сұхбат.
📊 Оқыту тәсілдері, басқарушылық шешімдер және нақты нәтижелер туралы.
💡 Оқыту қай кезде шын мәнінде жұмыс істейді және дамуға жол ашады, ал қай кезде жай ғана формальдылық болып қала береді? Оқыту бизнеске шынайы әсер етуі үшін не өзгеруі керек?
🚀 Біздің бағдарламалар бизнестің мақсаттарына жетуге бағытталған: бұл — практика, енгізу және өлшенетін нәтиже.
👉🏻 Басты идеялар мен тәсілдерді карусельді жылжытып оқыңыз.
📌 Пайдалы болса, сақтап алып, әріптестеріңізге жіберіңіз
🏢 Компаниялар оқытуға қомақты инвестиция салады —
алайда жұмыс процесіндегі нақты өзгерістер әрдайым бірден көріне бермейді.
⛓️💥 Бұның негізгі себебі — оқыту мазмұны мен күнделікті жұмыс міндеттері арасындағы алшақтық.
⚙️ Біз оқытуды жұмыс процесімен тікелей байланысты форматта құрастырамыз.
Әрбір модуль нақты практикалық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
🚀 Пікірге ФОРМАТ деп жазыңыз — командаңыздың қажеттілігіне сай шешімді ұсынамыз.
💾 Бұл видеоны сақтап қойыңыз немесе өз әріптестеріңізбен бөлісіңіз — олар үшін де өзекті болуы мүмкін.
22/04/2026
👇 Samruk Business Academy оқу әкімшілендіру департаменті директорының сараптамалық сұхбаты — оқыту процесіне жауапты мамандар үшін маңызды материал.
«Табысты тренинг» дегеніміз не және оның артында қандай жүйелі жұмыс жатыр?
Карусельде → ауқымды корпоративтік жобаларды іске асырудағы нақты тәжірибемен бөлісеміз.
📌 Сақтап қойыңыз — оқыту бойынша серіктес таңдауда қолдануға болатын чек-лист.
📍 Samruk Business Academy оқытуды әкімшілендірудің толық циклін қамтамасыз етеді:
провайдерді таңдаудан бастап, құжат айналымы мен аналитикаға дейін.
450+ провайдер бір платформада. Бір келісімшарт. Сұранысқа сай жедел іріктеу.
⬆️ Өтінімге сілтеме — профиль сипаттамасында
21/04/2026
✨ Сіздің әрбір қадамыңыз біреудің өмірін өзгерте алады
🏃 3 мамырда Астанада «Samruk-Kazyna Trust» қорының 10 жылдығына арналған IV Charity Samruk Marathon қайырымдылық жарысы өтеді.
💫 Қатысушылардың қолдауымен еліміз бойынша 15 инклюзия орталығы ашылып, ерекше балаларға кәсіби көмек көрсетіліп келеді. Олар үлкен мүмкіндіктерге нық қадам жасап жатыр.
📍 Ботаникалық бақ, Астана
📋 Тіркелу 25 сәуірге дейін ашық!
Өзгеріске өз үлесіңізді қосыңыз — балалардың болашағына бірге қолдау көрсетейік 🧡
20/04/2026
7 сәуірде ҚР Президенті еңбек қауіпсіздігі, еңбек құқықтары және әлеуметтік қамсыздандыру салаларына қатысты ауқымды өзгерістерге қол қойды. Айыппұлдар көбейді, бақылау күшейді, ал бейімделу уақыты өте шектеулі.
Пікірге «КОДЕКС» деп жазыңыз — барлық өзгерістердің толық талдауын және жаңа талаптарға дайындалу үшін чек-листті жібереміз.
📊 Көптеген компанияларда оқытуға қатысты негізгі шектеу қаржы тапшылығынан емес, процестердің дұрыс жолға қойылмауынан туындайды.
👥 Жыл сайын қайталанатын таныс жағдай:
бюджет бекітіледі, бірақ жүздеген қызметкердің оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау толықтай HR бөліміне жүктеледі.
📋 Қатысушылар тізімі · 🏢 Өтетін орындар · 🎓 Тренерлерді таңдау
💬 Ішкі коммуникациялар · 📑 Есептілік жүргізу
📉 Соның салдарынан басқару тиімділігі төмендейді, ал оқыту бизнес нәтижелеріне нақты әсер етпей қалады.
🔄 Мұндай жағдайда тиімді шешім — функцияларды дұрыс бөлу:
стратегиялық жоспарлау — компания ішінде қалады,
ал әкімшілік ұйымдастыру — сыртқы серіктестерге беріледі.
✅ Бұл тәсіл HR командасының жүктемесін азайтып қана қоймай, процестердің ашықтығын арттырады және бақылауды күшейтеді.
💻 Біз бұл модельді «Оқытуды әкімшілендіру» қызметі арқылы жүзеге асырамыз:
оқытудың толық циклін қамтып, барлық процесті нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік береміз.
📌 Толығырақ ақпарат — профильдегі сілтемеде.
Жазбаны сақтап қойыңыз және әріптестеріңізбен бөлісіңіз.
Samruk Business Academy-де «Комплаенс Эксперт» бағдарламасының 1-модулі өтті.
📍 7–10 сәуір / Астана / 32 академиялық сағат
📚 4 күн теория мен практика, нақты бизнес жағдайларды талдаумен.
Модульдің негізгі бағыты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және бизнестің тұрақтылығының негізі ретінде ішкі бақылау жүйесі.
Қатысушылар тәуекелдерді бағалау, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығысын басқару және тергеулер жүргізу құралдарын тәжірибеде қолданды.
👥 Модуль комплаенс, ішкі бақылау және аудит мамандарына, заңгерлерге және корпоративтік басқару менеджерлеріне пайдалы болды.
🎯 Нәтиже — комплаенс бойынша жүйелі түсінік және бақылау мен тәуекелдерді басқаруды жолға қоюға арналған практикалық құралдар.
📊 Бизнес үшін құндылығы — реттеуші және беделдік тәуекелдерді төмендету, басқарылуды арттыру.
➡️ Алда — келесі модуль.
Қатысушыларға бағдарламаны сәтті жалғастыруды және алынған шешімдерді жұмыста тиімді енгізуді тілейміз.
15/04/2026
🌿 Сіздің мамандарыңыз 2026 жылы ҚР Экологиялық кодексі бойынша тексерістерге дайын ба?
Айыппұлдар өсіп жатыр. Талаптар күшейіп келеді.
Көптеген кәсіпорындар әлі де ескірген рәсімдермен жұмыс істейді.
21–22 мамыр · Астана қ. — «Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану. Экологиялық бақылау және басқару жүйесі» атты ашық семинар басталады.
Бағдарлама:
✔ Қалдықтарды басқару, паспортизация және ӨЭБ
✔ Кешенді экологиялық рұқсат (КЭР)
✔ Заңнамадағы өзекті өзгерістер
✔ Айыппұлдар, тексерістер, сот тәжірибесі
Семинарға арналған:
— экологиялық қауіпсіздікке жауапты басшыларға
— экология және қоршаған ортаны қорғау мамандарына
— заңгерлерге (экологиялық құқық және тексерістер)
— комплаенс және тәуекелдерді басқару мамандарына
— экологиялық рұқсаттармен және мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін қызметкерлерге
Нәтиже:
— ҚР Экологиялық кодексі талаптарын түсіну
— кәсіпорында ӨЭБ жүйесін ретке келтіру
— КЭР мен экологиялық есептілікті дайындау
Лекторлар — ҚР Экология министрлігінің өкілдері. Теориясыз — тек тәжірибе.
📍 Астана қ. · 💰 260 000 теңге · 🗓️ 21–22 мамыр · ⏱ 16 академиялық сағат
Соңғы өзгерістерді ескере отырып, білімдеріңізді жаңартыңыз.
Толығырақ білу немесе семинарға жазылу үшін профильдегі сілтеме арқылы өтіңіз.
📌 Жоғалтып алмау үшін сақтап қойыңыз және бұл маңызды ақпаратты әріптестеріңізбен бөлісіңіз.
🎓«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жас мамандарына арналған «ТҰЛҒА» бағдарламасының бірінші модулі аяқталды.
✅ Модуль барысында қатысушылар:
— корпоративтік ортадағы қолданбалы көшбасшылық модельдерін талдады
— тапсырма қою және оның орындалуын бақылау дағдыларын жетілдірді
— тиімді кері байланыс беру құралдарын меңгерді
— көшбасшылық әлеуетін бағалау диагностикасынан өтті
— жеке даму жоспарларын қалыптастыруды бастады
«ТҰЛҒА» бағдарламасы — жас мамандарды жүйелі дамытуға бағытталған шешім. Бағдарлама аясында қатысушылар базалық басқарушылық дағдыларды игеруден бастап, компания ішіндегі өзгерістерді тиімді жүзеге асыру деңгейіне дейін дамиды.
📊 Бизнес үшін нәтижелер:
— басқарушылық ойлауы қалыптасқан дайын мамандар
— енгізуге дайын, пысықталған жобалар
— кадрлық резервтің нығаюы
Бағдарлама маусым айына дейін жалғасып, 12 маусымда жобаларды қорғаумен аяқталады.
📌 Егер сіз таланттарды дамыту және кадрлық резервпен жұмыс істесеңіз — сақтап қойыңыз
✨ Жұмыс күндеріндегі көңілді сәттер:
Әріптестеріміздің жасын сұрап көрдік.
👀 Нәтижесіне назар аударыңыздар.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Улица Конаева 10, этаж 34
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |