Назарбаев Зияткерлік мектептері

Назарбаев Зияткерлік мектептері

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Назарбаев Зияткерлік мектептері, Education, Nur-Sultan.

Photos from Назарбаев Зияткерлік мектептері's post 22/06/2026

🌱NIS-тегі STEM-лагерь 140 оқушыға технология әлеміне жол ашты

Астана және Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде геологиялық барлау, тау-кен өндірісі және алтын өңдеу салаларында еңбек ететін «АК Алтыналмас» компаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған STEM-лагерь өтті.

Бағдарлама 12–16 жас аралығындағы 140-қа жуық оқушыны қамтып, балаларға ғылым, технология және инженерия әлемін тәжірибе арқылы тануға мүмкіндік берді.

Бес күн бойы қатысушылар жасанды интеллект, робототехника, STEM-жобалау және инженерлік ойлау бағыттары бойынша практикалық тапсырмалар орындады. NIS педагогтері мен STEM-мамандардың жетекшілігімен оқушылар хакатондарға, зертханалық жұмыстарға, интеллектуалды ойындарға және шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты.

Бағдарлама аясында кәсіби бағдар беру диагностикасы да жүргізілді. Нәтижесінде әр қатысушының қызығушылығы мен қабілетіне қатысты жеке есеп дайындалып, ата-аналарға ұсынылды.

Лагерьдің маңызды ерекшелігінің бірі – қатысушылардың NIS жатақханаларында тұруы. Бұл оқуды, командалық жұмысты және өзара қарым-қатынасты біріктіретін толыққанды білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

STEM-лагерь оқушылар үшін жаңа білім алатын ғана емес, өз қабілетін байқап, болашақ мамандығы туралы ойлануға және технология әлеміне сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

🌱140 школьников познакомились с технологиями будущего в STEM-лагере NIS

В Назарбаев Интеллектуальных школах Астаны и Алматы прошёл STEM-лагерь для детей сотрудников компании «АК Алтыналмас», работающей в сферах геологоразведки, горнодобывающей промышленности и переработки золота.

Программа объединила около 140 школьников в возрасте от 12 до 16 лет. В течение пяти дней участники знакомились с миром науки, технологий и инженерии через практические задания, эксперименты и командную работу.

Под руководством педагогов и STEM-специалистов NIS школьники изучали направления, которые сегодня играют важную роль в развитии современных индустрий: искусственный интеллект, робототехнику, STEM-проектирование и инженерное мышление. Участники выполняли практические задания, работали в лабораториях, участвовали в хакатонах, интеллектуальных играх и творческих мастер-классах.

Отдельным направлением программы стала профориентационная диагностика. По её итогам для каждого участника был подготовлен индивидуальный отчёт с анализом интересов, способностей и сильных сторон. Результаты диагностики были переданы родителям.

Одним из преимуществ лагеря стал формат с проживанием, участники размещались в общежитиях NIS, что позволило создать для них полноценную образовательную среду, объединяющую обучение, командную работу и общение.

STEM-лагерь стал для школьников пространством, где они смогли получить новые знания, попробовать себя в разных направлениях, лучше понять свои способности и задуматься о будущей профессии. Для многих участников это стало важным шагом к миру технологий, инженерии и науки.

Photos from Назарбаев Зияткерлік мектептері's post 19/06/2026

🌱WRO 2026: Қазақстанның үздік робототехника командалары анықталды

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен өткен World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі қорытындыланды.

Бұл кезеңде елдің түкпір-түкпірінен жиналған 286 жас инженер өз шешімдерін ұсынды. Ал үздік командалар енді Қазақстан атынан Пуэрто-Рикода өтетін WRO халықаралық финалына жол тартады.

Еске салсақ, NIS 2014 жылдан бері WRO олимпиадасының Қазақстандағы ұлттық ұйымдастырушысы ретінде облыстық және республикалық кезеңдерді өткізіп келеді. Осы жылы өңірлік кезеңге еліміздің барлық облысынан 1684 оқушы қатысты.

Биылғы тақырып – «Robots Meet Culture». Оқушылар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша жарысты. Командалар роботтарды арнайы тапсырмаларды орындауға бағдарламалап, мәдениет пен өнерге арналған инновациялық жобаларын, спорттық форматтағы роботтар сайысын және күрделі инженерлік шешімдерін ұсынды.

Республикалық кезеңге халықаралық сарапшылар мен төрешілер да қатысты. Олардың қатарында Малайзиядағы WRO ұлттық ұйымдастырушысы Тенгку Хазрул болды. Сондай-ақ олимпиаданың өтуіне отандық жоғары оқу орындары, серіктес ұйымдар және NIS түлектері қауымдастығы қолдау көрсетті.

Толық материалмен, сондай-ақ WRO Kazakhstan 2026 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімімен nis.edu.kz сайтынан таныса аласыз.

🌱WRO 2026: определены лучшие робототехнические команды Казахстана

В Алматы подвели итоги республиканского этапа олимпиады по робототехнике World Robot Olympiad 2026, организованного Назарбаев Интеллектуальными школами.

В этом году 286 юных инженеров со всех регионов страны представили свои решения. Лучшие команды представят страну на международном финале WRO 2026, который пройдет в декабре в Пуэрто-Рико.

Напомним, с 2014 года NIS является национальным организатором олимпиады WRO в Казахстане и проводит областные и республиканские этапы соревнования. В этом году в региональном этапе приняли участие 1684 школьника из всех областей страны.

Тема нынешнего сезона – «Robots Meet Culture». Школьники соревновались в категориях RoboMission, Future Innovators, RoboSports и Future Engineers.

Команды программировали роботов для выполнения специальных заданий, представляли инновационные проекты, посвященные культуре и искусству, участвовали в робототехнических состязаниях в спортивном формате и демонстрировали сложные инженерные решения.

В работе республиканского этапа приняли участие международные эксперты и судьи. Среди них национальный организатор WRO в Малайзии Тенгку Хазрул. Особую поддержку в проведении олимпиады оказали отечественные вузы, партнерские организации и ассоциация выпускников NIS.

Полный материал и список победителей WRO Kazakhstan 2026 доступны на сайте nis.edu.kz.

19/06/2026

🌱Бір алаңда — жас инженерлер, ортақ мақсат және WRO рухы. Бұл ерекше сәтті бізбен бірге сезініңіз!

🌱 На одной площадке — юные инженеры, сильные команды и общее стремление к победе.
Почувствуйте атмосферу WRO вместе с нами!

18/06/2026

🌱 WRO қатысушылары мәдениет пен технология үндестігін көрсететін креативті жобаларын ұсынуда

🌱Участники WRO представили творческие проекты, объединяющие культуру и технологии

18/06/2026

🌱NIS оқушылары GENIUS Olympiad-2026 халықаралық олимпиадасында күміс медаль иеленді

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Рочестер қаласында өткен GENIUS Olympiad-2026 халықаралық олимпиадасында күміс медальдарға ие болды. Биылғы байқау әлемнің 80-нен астам елінен дарынды оқушыларды біріктірді.

Қазақстан атынан беделді экологиялық конкурсқа NIS Алматы-Наурызбай оқушылары Тимур Сакиев, Зере Нұрбол және Ализа Стыбаева қатысты. Олардың жобалары халықаралық қазылар алқасы тарапынан Artificial Intelligence және Entrepreneurship бағыттары бойынша жоғары бағаланды.

Тимур Сакиев Artificial Intelligence санатында күміс жүлдегер атанды. Ол биология, жасанды интеллект және экологиялық шешімдер тоғысындағы ғылыми жобасын ұсынды. Жоба заманауи технологияларды өзекті экологиялық мәселелерді талдау және шешу үшін қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.

Тағы бір күміс медальді Қазақстан қоржынына Зере Нұрбол мен Ализа Стыбаева салды. Олар Entrepreneurship санатында тұрақты дамуға және экологиялық проблемаларды практикалық тұрғыдан шешуге бағытталған кәсіпкерлік жобасын таныстырды.

GENIUS Olympiad – экологиялық сын-қатерлер мен тұрақты даму мәселелеріне арналған халықаралық оқушылар конкурсы. 2026 жылы олимпиада St. John Fisher University базасында өтіп, әлемнің түрлі елдерінен қатысушыларды жинады. Конкурс оқушылардың креативтілігін, экологиялық ойлауын, жаһандық азаматтық ұстанымын және жобалық мәдениетін дамытуға бағытталған.

GENIUS Olympiad күміс медальдары қатысушыларға қосымша академиялық мүмкіндіктер де ашады. Rochester Institute of Technology университеті күміс жүлдегерлерге бакалавриат бағдарламаларына түскен жағдайда жыл сайын жаңартылатын 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі стипендия қарастырған.

🌱Серебряный успех NIS на GENIUS Olympiad-2026

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы Алматы-Наурызбай завоевали серебряные медали на международной олимпиаде GENIUS Olympiad-2026, которая прошла в Рочестере, штат Нью-Йорк, США, и объединила талантливых школьников более чем из 80 стран мира.

Казахстан на престижном экологическом конкурсе представили ученики NIS Алматы-Наурызбай Тимур Сакиев, Зере Нурбол и Ализа Стыбаева. Их проекты были отмечены международным жюри в категориях Artificial Intelligence и Entrepreneurship.

Тимур Сакиев стал серебряным призёром в категории Artificial Intelligence. Он представил научный проект на стыке биологии, искусственного интеллекта и экологических решений. Работа показала, как современные технологии могут применяться для анализа и решения актуальных экологических задач.

Ещё одну серебряную медаль Казахстану принесли Зере Нурбол и Ализа Стыбаева. В категории Entrepreneurship они представили предпринимательский проект, ориентированный на устойчивое развитие и практическое решение экологических проблем.

GENIUS Olympiad – международный конкурс для школьников, посвящённый экологическим вызовам и устойчивому развитию. В 2026 году олимпиада прошла на базе St. John Fisher University и объединила участников из разных стран мира. По данным университета, конкурс направлен на развитие креативности, экологического мышления, глобального гражданства и проектной культуры среди школьников.

Серебряные медали GENIUS Olympiad также открывают для участников дополнительные академические возможности. Rochester Institute of Technology предусматривает для серебряных призёров ежегодную возобновляемую стипендию в размере 20 000 долларов США при поступлении на программы бакалавриата университета.

Photos from Назарбаев Зияткерлік мектептері's post 18/06/2026

🌱🤖 WRO 2026: республикалық кезең басталды

Бүгін Алматыда беделді World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі басталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 286 оқушы робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау бағыттарында өз қабілетін көрсетіп, халықаралық финалға жолдама үшін бақ сынауда.

Республикалық кезең нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Үздік командалар 2026 жылғы желтоқсанда Пуэрто-Рикода өтетін WRO халықаралық финалында ел намысын қорғайды.

Биылғы маусымның тақырыбы – «Robots Meet Culture». Қатысушылар екі күн бойы RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша жарысады.

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері 2014 жылдан бері Қазақстандағы WRO олимпиадасының ұлттық ұйымдастырушысы ретінде өңірлік және республикалық кезеңдерді өткізіп келеді. Осы жылдар ішінде олимпиада мыңдаған оқушының инженерлік қабілетін дамытатын маңызды білім алаңына айналды.

🌱🤖 WRO 2026: стартовал республиканский этап

Сегодня в Алматы стартовал республиканский этап престижной олимпиады по робототехнике World Robot Olympiad 2026.

286 школьников со всех регионов страны демонстрируют свои навыки в робототехнике, программировании и инженерном проектировании, соревнуясь за право выйти в международный финал.

По итогам республиканского этапа будет сформирована национальная сборная Казахстана. Лучшие команды представят страну на международном финале WRO, который пройдет в декабре 2026 года в Пуэрто-Рико.

Тема сезона этого года – «Robots Meet Culture». В течение двух дней участники будут соревноваться в категориях RoboMission, Future Innovators, RoboSports и Future Engineers.

Отметим, что Назарбаев Интеллектуальные школы с 2014 года являются национальным организатором WRO в Казахстане и проводят региональные и республиканские этапы олимпиады. За эти годы WRO стала важной образовательной площадкой, способствующей развитию инженерных навыков тысяч школьников.

17/06/2026

🌱NIS Grade 12 Certificate GCE A Level британдық деңгейіне сәйкес деп танылды

NIS-Programme түлектеріне берілетін NIS Grade 12 Certificate тәуелсіз бенчмаркинг рәсімінен өтіп, Ұлыбританияның GCE A Level біліктілік деңгейіне сәйкес деп танылды.

Тәуелсіз бағалау мен салыстырмалы талдауды білім беру, кәсіби даярлау және дағдыларды дамыту саласында маманданған, әлемге танымал британдық Ecctis ұйымы жүргізді. Зерттеу аясында сарапшылар NIS-Programme бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқу нәтижелерін, бағалау тәсілдерін және сапаны қамтамасыз ету тетіктерін талдады.

Ecctis сарапшылары NIS-Programme бағдарламасы оқушыларға тек мықты академиялық білім беруге ғана емес, сонымен қатар пәндік түсінікті, зерттеу дағдыларын және жоғары деңгейдегі сыни әрі аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Тәуелсіз бағалау шеңберінде биология, химия, физика, математика, Қазақстан тарихы, сондай-ақ «Global Perspectives and Project Work» пәндері Ұлыбританиядағы GCE AS/A Level деңгейіндегі сәйкес пәндермен салыстырылды. Зерттеу нәтижелері NIS Grade 12 Certificate мазмұны мен бағалау тәсілдерінің Ұлыбританияның GCE A Level стандартына сәйкес келетінін көрсетті.

🌱NIS Grade 12 Certifcate признан сопоставимым с британским уровнем GCE A Level

NIS Grade 12 Certifcate, выдаваемый выпускникам Назарбаев Интеллектуальных школ, прошёл независимую процедуру бенчмаркинга и был признан сопоставимым с уровнем британской квалификации GCE A Level.

Независимая оценка и сравнительный анализ были проведены компанией Ecctis – всемирно признанной британской организацией, специализирующейся на вопросах образования, профессиональной подготовки и развития навыков. В рамках исследования эксперты проанализировали структуру и содержание NIS-Programme, результаты обучения, подходы к оцениванию и механизмы обеспечения качества.

Эксперты Ecctis отметили, что NIS-Programme направлена не только на предоставление ученикам прочных академических знаний, но и на развитие предметного понимания, исследовательских навыков и навыков критического и аналитического мышления высокого уровня.

В рамках независимой оценки такие предметы, как биология, химия, физика, математика, история Казахстана, а также «Глобальные перспективы и проектная работа» были сопоставлены с аналогичными предметами уровня GCE AS/A Level в Великобритании. Исследование показало, что содержание и подходы к оцениванию NIS Grade 12 Certifcate соответствуют уровню GCE A Level Великобритании.

Photos from Назарбаев Зияткерлік мектептері's post 17/06/2026

🌱NIS оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық ғарыш конференциясында ғылыми жобаларын таныстырды

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Маклейн қаласында өткен International Space Development Conference 2026 халықаралық конференциясында Қазақстан атынан ғылыми жобаларын таныстырды.

National Space Society ұйымдастыратын жыл сайынғы ISDC конференциясы – аэроғарыш саласындағы беделді халықаралық алаңдардың бірі. Жыл сайын бұл маңызды шараға 800-ден 1000-ға дейін қатысушы, оның ішінде 300–400 халықаралық делегат жиналады. Конференция әлемнің түрлі елдерінен келген зерттеушілер, инженерлер, сарапшылар мен ғарыш индустриясы өкілдерінің басын қосып, ғарыш саласындағы заманауи зерттеулер мен инновациялық идеяларды талқылауға мүмкіндік береді.

Конференция аясында NIS оқушылары екі ғылыми-инженерлік жоба ұсынды.

Icarus командасы «Baiterek» жобасы арқылы Юпитер жүйесінде орналасатын өзін-өзі қамтамасыз ете алатын ғарыш станциясының тұжырымдамасын таныстырды. Команда өткен жылы Space Settlement Contest байқауында күміс жүлдегер атанса, 2026 жылдың сәуір айында аталған конкурста бірінші орын иеленді.

Ал D-Platinum командасы «Promethius» жобасымен Space Settlement Contest байқауына биыл алғаш рет қатысып, үшінші орынға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар ISDC 2026 конференциясына шақырту алып, жасанды гравитациясы бар ғарыш станциясының тұжырымдамасын халықаралық сарапшылар назарына ұсынды.

🌱 Учащиеся NIS представили научные проекты на международной космической конференции в США

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы Алматы-Медеу представили Казахстан на международной площадке International Space Development Conference 2026, прошедшей в городе Маклейн, штат Вирджиния, США.

Ежегодная конференция ISDC, организуемая National Space Society, является одной из значимых международных площадок аэрокосмической отрасли. Мероприятие ежегодно собирает от 800 до 1000 участников, включая 300–400 международных делегатов, и объединяет исследователей, инженеров, экспертов и представителей космической индустрии из разных стран мира.

В рамках конференции учащиеся NIS представили две научно-инженерные разработки.

Команда Icarus с проектом «Baiterek» представила концепцию самоподдерживающейся станции в системе Юпитера. В прошлом году команда стала серебряным призером Space Settlement Contest, а в апреле 2026 года завоевала первое место в этом конкурсе.

Команда D-Platinum с проектом «Promethius» впервые приняла участие в Space Settlement Contest и в апреле 2026 года заняла третье место. По итогам конкурса учащиеся получили приглашение представить проект на ISDC 2026, где презентовали концепцию космической станции с искусственной гравитацией.

Photos from Назарбаев Зияткерлік мектептері's post 16/06/2026

🌱NIS-тің 500-ден астам оқушысы Қазақстан өңірлерінің мәдени және табиғи мұрасын зерттеді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетті. Биыл жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 514 оқушы қатысып, тарихи-мәдени мұраларды зерттеп, өндіріс орындары мен ғылыми-білім беру орталықтарының жұмысымен танысты.

Биыл «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы Астана, Ақтау, Көкшетау, Қызылорда, Өскемен және Шымкент қалаларындағы Зияткерлік мектептердің базасында өтті. Экспедиция барысында оқушылар өңірлердің тарихи-мәдени орындарын, табиғи нысандарын, өндірістік кәсіпорындарын және ғылыми-білім беру орталықтарын аралады.

Астанада қатысушылар жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарды араласа, Ақтауда Каспий өңірінің табиғи және өндірістік ерекшеліктерімен танысты. Көкшетауда Бурабайдың табиғи мұрасы мен ғылыми зертханалар зерттелсе, Қызылордада оқушылар Қорқыт ата мемориалдық кешені мен көне Сауран қалашығына барды.

Шымкенттегі экспедициялар аясында зияткерлер Ақмешіт үңгірі, Отырар қалашығы, Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері сияқты тарихи орындарды аралап, өңір кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Ал Өскеменде археологиялық кешендерге, ғылыми зертханаларға және ірі өндіріс орындарына экскурсия жасады.

🌱Более 500 учеников NIS исследовали культурное и природное наследие регионов Казахстана

Завершилась традиционная краеведческо-исследовательская экспедиция Назарбаев Интеллектуальных школ «Туған елге тағзым». В этом году в проекте приняли участие 514 учеников из разных регионов страны. Они изучали историко-культурное наследие, а также ознакомились с работой производственных предприятий и научно-образовательных центров.

В этом году краеведческо-исследовательская экспедиция «Туған елге тағзым» прошла на базе Интеллектуальных школ Астаны, Актау, Кокшетау, Кызылорды, Усть-Каменогорска и Шымкента. В ходе экспедиции школьники посетили историко-культурные и природные объекты регионов, производственные предприятия, а также научно-образовательные центры.

В Астане участники побывали в ведущих университетах и научных центрах, в Актау познакомились с природными и производственными особенностями Каспийского региона. В Кокшетау школьники исследовали природное наследие Бурабая и научные лаборатории, а в Кызылорде посетили мемориальный комплекс Коркыт ата и древнее городище Сауран.

В рамках экспедиции в Шымкенте ребята посетили такие исторические места, как пещера Акмешит, городище Отырар, мавзолеи Арыстан баба и Ходжи Ахмеда Ясави, а также ознакомились с работой предприятий региона. В Усть-Каменогорске для участников были организованы экскурсии в археологические комплексы, научные лаборатории и крупные производственные объекты.

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Nur-Sultan