Astana International University

Astana International University

Share

Международный, многопрофильный университет с комфортной средой для обучения

12/05/2026

Astana International University ұжымы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметова Гүлмира Толстойқызының (17.04.1970 – 11.05.2026 ж.) мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.

Осы уақыт аралығында Гүлмира Толстойқызы біз үшін өз ісінің нағыз маманы, білікті ұстаз және парасатты ғалым болса, студенттеріміз үшін шынайы құрметке бөленген кең жүректі жан еді. Бірлескен жұмыс барысында ол жоғары жауапкершілігін, өз ісіне адалдығын, нәзіктігі мен адамгершілігін көрсетіп келді.

Мейірімді, жанашыр және асыл тұлға Гүлмира Толстойқызының жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Astana International University ұжымы



Коллектив Astana International University с глубокой скорбью воспринял известие о безвременной кончине кандидата педагогических наук, доцента Ахметовой Гульмиры Толстойкызы (17.04.1970 — 11.05.2026).

На протяжении многих лет Гульмира Толстойкызы была не только профессионалом своего дела и мудрым наставником, но и человеком с большим сердцем, заслужившим искреннее уважение коллег и студентов. За годы совместной работы она проявила высокую ответственность, преданность науке, чуткость и человечность.

Светлая память о Гульмире Толстойкызы навсегда сохранится в наших сердцах как о добром, отзывчивом и достойном человеке.

Выражаем искренние соболезнования родным и близким. Разделяем вашу боль и скорбим вместе с вами.

Коллектив Astana International University

10/05/2026

Astana International University ұжымы Тлешева Айгерім Тлемісқызының
(18.04.1988 –09.05.2026ж.) мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.

Айгерім Тлемісқызы еңбек жолында өз ісіне адал, білікті маман, парасатты басшы әрі адамгершілігі мол жан ретінде әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі, мейірімділігі мен жанашырлығы әрдайым жадымызда сақталады.

Жарқын бейнесі мен жақсы істері ұжым жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз.

Astana International University ұжымы



С глубокой скорбью коллектив Astana International University воспринял известие о безвременной кончине Тлешевой Айгерим Тлемисовны
(18.04.1988 —09.05.2026)

На протяжении многих лет Айгерим Тлемисовна была не только профессионалом своего дела и мудрым руководителем, но и человеком с большим сердцем, заслужившим искреннее уважение коллег и студентов. За годы совместной работы она проявила высокую ответственность, преданность своему делу, чуткость и человечность.

Светлая память об Айгерим Тлемисовне навсегда сохранится в наших сердцах как о добром, отзывчивом и достойном человеке.

Выражаем искренние соболезнования родным и близким. Разделяем вашу боль и скорбим вместе с вами.

Коллектив
Astana International University

30/04/2026

2026 жыл, сәуірдің 10 күні Astana International University қабырғасында маңызды халықаралық кездесу өтті. Біздің университетіміз Литва делегациясы — Ұлы Витаутас атындағы университеттің (Vytautas Magnus University, VMU) өкілдерін қабылдады. Каунас қаласынан келген әріптестердің сапары 2025 жыл, қазанның 29 күні ресми бекітілген келісімшарттың жалғасы ретінде өрбіді. Екі жақ тараптардың өзара байланысын нығайтудан бөлек, ЖОО студенттері мен зерттеушілері үшін нақты білім беру бағыттарын пысықтау бүгінгі келіссөздің басты мақсатына арқау болғаны сөзсіз.

1922 жылы негізі қаланған Ұлы Витаутас атындағы университет Литвалық академиялық орталықтарының ішінде екінші орынға ие. Сонымен қатар, әлемдік QS World University Rankings рейтинг есебіне сәйкес жаһандық үздік жоғары оқу орындарының 5%-ына кіреді. VMU өзінің бірегей «Artes Liberales» (еркін өнер жүйесі) моделімен танымал, ол студенттерге пәнаралық байланыс пен терең тілдік дайындықты ұштастыра отырып, оқу бағдарламасын өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқу ордамызда өткен бұл кездесудің нәтижесі әлден айқын десек болады. Келіссөздің басты тақырыбы ретінде қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру болды. Атап айтқанда, біздің тараптан Экономика жоғары мектебі «Халықаралық логистикалық менеджмент» және VMU тарапынан «Логистика және коммерция» бакалавриат бағдарламалары өзара бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізбек. Бұл біздің студенттер үшін халықаралық еңбек нарығында мойындалатын екі елдің дипломын алуға мүмкіндік береді.

Қос дипломнан бөлек, тараптар академиялық ұтқырлық бойынша нақты жоспарларды айшықтады: білім алушылармен алғашқы тәжірибе алмасу 2026–2027 оқу жылында басталады. Сондай-ақ қысқа мерзімді курстар мен бірлескен PhD докторантура бағдарламалары да назардан тыс қалмады. Каунастық әріптестер тәжірибе бөлісуге және бірлескен ғылыми қызмет атқаруға дайын екендігін білдірді, бұл біздің докторанттар үшін Литваның алдыңғы қатарлы зерттеу базаларына жол ашады. Бүгінгі AIU мен VMU арасындағы келіссөз — сапалы білімді еш шектеусіз беруді мақсат еткен екі заманауи классикалық университеттің одағы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Photos from Astana International University's post 30/04/2026

Astana International University proudly hosted an important international meeting 🤝

We welcomed a delegation from Lithuania representing Vytautas Magnus University - a well-established European university with a strong global reputation.

This visit became a natural continuation of the partnership officially launched on October 29, 2025. Today’s discussions went beyond formalities - we focused on building real academic pathways for students and researchers of both universities.

VMU is recognized among the top 5% of universities worldwide (QS Rankings) and is known for its unique Artes Liberales model - a flexible, interdisciplinary approach that empowers students to design their own academic journey.

💡 What’s next?
- Launch of double degree programs
- Joint Bachelor program in International Logistics Management (AIU) & Logistics and Commerce (VMU)
- Academic mobility starting 2026–2027
- Development of joint PhD programs
- Access to advanced research infrastructure in Lithuania

✨ This partnership opens new global opportunities for AIU students and strengthens our position as an international university.

Photos from Astana International University's post 22/04/2026

On April 10, 2026, Astana International University (AIU) hosted a meeting with a delegation from Vytautas Magnus University (VMU) in Lithuania. The visit followed the cooperation agreement signed on October 29, 2025, and focused on strengthening ties and developing joint educational and research opportunities.

Vytautas Magnus University, founded in 1922, is one of Lithuania’s leading institutions and ranks among the top 5% of universities worldwide in the QS World University Rankings. It is known for its “Artes Liberales” model, which emphasizes flexible, interdisciplinary studies and strong language training, and is part of the Transform4Europe alliance.

During the meeting, both sides discussed launching double degree programs. In particular, AIU’s Higher School of Economics is working on a joint bachelor’s program in “International Logistics Management” (AIU) and “Logistics and Commerce” (VMU), offering students degrees recognized in both countries and internationally.

The partners also planned academic mobility starting in the 2026–2027 academic year, along with short-term courses and joint PhD programs. VMU expressed readiness to share expertise and involve AIU doctoral students in advanced research in Lithuania. The visit confirmed a strong partnership aimed at high-quality, borderless education.

22/04/2026

Университетімізде Бану Ғаниқызы Нұрғазиева, Қазақстан Азаматтық Альянсы Президентімен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында университеттің жетістіктері мен даму жоспарлары таныстырылып, академиялық орта мен үкіметтік емес сектор арасындағы серіктестікті нығайтудың нақты бағыттары талқыланды.

Негізгі нәтижелер:
• Азаматтық көшбасшылар форумын өткізу бастамасы
• Студенттер үшін тәжірибе мен кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту
• Ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік жобаларды бірлесіп дамыту

Бұл серіктестік жастардың әлеуетін арттыруға, азаматтық белсенділікті күшейтуге және ғылым мен қоғам байланысын дамытуға жаңа мүмкіндік ашады.

Photos from Astana International University's post 22/04/2026

16 апреля 2026 года в стенах нашего университета состоялась встреча с Президентом Гражданского альянса Казахстана (ГАК) Бану Ганиевной Нургазиевой. В ходе мероприятия была представлена презентация вуза, обсуждены его достижения и планы на будущее, а также намечены шаги по укреплению сотрудничества между академической средой и неправительственным сектором.

Гражданский альянс Казахстана, созданный в 2005 году как конфедерация НПО, изначально объединил более 80 организаций. Сегодня ГАК — это развитая сеть, представленная 20 гражданскими лидерами во всех регионах страны.

Как отметила Бану Ганиевна, современный НПО-сектор Казахстана — это свободная и динамичная площадка, работающая по принципу «Эволюция, а не революция». Альянс делает акцент на конструктивном развитии, проводя семинары и мозговые штурмы для решения социальных задач.

Деятельность ГАК выходит за пределы страны: налажено сотрудничество с Общественной палатой РФ и Всероссийской ассоциацией местного самоуправления. Важным направлением является Центр народной дипломатии Казахстана.

Особое внимание уделяется инклюзивности. Например, системным администрированием и обновлением сайта ГАК занимается девушка с ДЦП, что подтверждает приверженность принципам равных возможностей.

По итогам встречи были предложены ключевые направления сотрудничества:
— организация форума гражданских лидеров с участием региональных представителей Альянса;
— развитие студенческого потенциала (уже 16 студентов факультета международных отношений прошли практику в ГАК);
— поддержка научных исследований, включая помощь в проведении опросов и анкетирования.

В завершение стороны подчеркнули, что партнерство университета и крупнейшего объединения НПО станет важным фактором развития гражданской активности молодежи и укрепления интеллектуального потенциала страны.

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Кабанбай Батыра 8
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00