Астана дарыны ӨҒПО

Астана дарыны ӨҒПО

Share

Астана қаласының дарынды балаларын анықтау, дамыту жә?

Photos 20/06/2017

Республикалық «Бастау» математикалық турнирі

Астана қаласының дарынды оқушылары ағымдағы жылдың 19-23 маусым аралығында Алматы қаласында Республикалық математикалық турнирде қалалық кезеңнен оза шапқан, бас жүлде алған №73 мектеп-лицейі, «Орталық» экономикалық лицей және І орын алған командалар №50 мектеп-лицейі, №54 мектеп-лицейі, Экономикалық лицей, «NURORDA» мектеп-лицейі бақ сынасуда.
Айта кететін жайт, бастауыш мектеп оқушылары арасында өткен «Бастау» қалалық математикалық турниріне Астана қаласы Білім беру мекемелерінен 67 команда, 201 оқушы қатысты. Сұраныс бойынша сырттай кезеңге қазақ тілінде оқитын мектептерден - 46 команда, орыс тілінде оқитын мектептерден - 21 команда шығармашылық жұмыстарын тапсырды.
Іріктеу кезеңнен кейін турнирдің ІІ турына сырттай турдан өткен мектептер қатысты. Екінші тур қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта өткізілді.
Қатысушыларға сәттілік серік болсын!
Тағы да жеңіс тұғырынан көрініңіздер!

Photos 12/05/2017

«Ғылымдағы дебют» ғылыми –зерттеу жобаларының
гала-фестивалі өтеді

Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Елбасының талантты жастарға қойған міндеттерін іске асыру, жастарды зерттеу жұмыстарына баулу, елордалық білім беру мекемелерінің Қазақстанның интеллектуалдық элитасын қалыптастыру мақсатында 2017 жылғы 13 мамыр, сағат 15.00 «Mega SilkWay» ойын –сауық орталығының 1 қабатында «Ғылымдағы дебют» атты ғылыми зерттеу жобаларының гала-фестивалын өткізеді. Гала- фестивалға 13 жалпы білім беру мекемелерінен 34 жоба қатысады.
Гала- фестивалдың мақсаты: дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын күшейте түсу, ақыл–ой еңбектерінің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының зерделі әлеуетін қалыптастыру.
Гала –фестиваль келесі бағыттар бойынша өтеді:
- Робототехника
- Ғылымдағы дебют
- Болашақ энергиясы
- Әлемді өзгертетін идеялар
- «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы

Photos from Астана дарыны ӨҒПО's post 27/04/2017

ІІІ Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуының жүлдегері

2017 жылғы 26 сәуірде ІІІ Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуына Елордамыз Астана қаласынан №76 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Скендір Мирас 4 номинация бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Photos from Астана дарыны ӨҒПО's post 08/04/2017

Бастауыш сынып оқушыларына арналған қалалық математикалық «Бастау» турнирінің ІІ туры бүгін Астана қаласының №54 мектеп-лицейінде өткізілуде. Таңғы сағат 10.00 де басталып оқушылар тапсырмалар орындауда.
Ережеге сәйкес тур 2 кезеңнен тұрады:
1.«Математикалық көкпар»
2. «Математикалық бәйге»
Қатысушыларға сәттілік!

Photos 08/04/2017

ХІІІ Халықаралық ғылыми «Ғылым әлемін ашамыз» жарысы

2017 жылы 5-8 сәуір күндері аралығында Байқоңыр қаласында
«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ХІІІ Халықаралық
ғылыми жарысы өтті.
Жарыс төменде көрсетілген 5 секциядан тұрды:
1 секция. «Зымырандық техника және инфрақұрылым»
2 секция. «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу»
3 секция. «Экология және ғарыштық қызмет»
4 секция. «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы»
5 секция. «Күн жүйесі»
Астана қаласы білім беру мекемелерінен №7 МГ, №54 МЛ, №56 МЛ, №60 МЛ-нен 12 оқушы қатысып, оның ішінде:
І орын - 1 , ІІ орын - 2, «Қола медаль» - 6.
Дарынды оқушыларымыз ғылымды да зерттеу де осалдық танытпай, өз деңгейлерінде қорғап шықты. Сендерге тек сәттілік тілейміз!

Photos 31/03/2017

Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтеді
2017 жылғы 4 сәуірде №74 мектеп-гимназияда академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық олимпиаданың екі кезеңі өтеді.
Олимпиаданың алғашқы кезеңі жазбаша (эссе) өтсе, екіншісінде ауызша түрде қазақ тілін, қазақ әдебиеті шығармаларын, Қ.Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу деңгейі сарапталады.
Қалалық білім бәсекесінде үш жүлделі орындарды жеңіп алған 16 оқушы 27-30 сәуір күндері Өскемен қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алады.

4 апреля 2017 года городской этап республиканской олимпиады по казахскому языку и литературе имени Битибаевой К.О.
4 апреля на базе ШГ №74 пройдут два тура городской олимпиады по казахскому языку и литературе академика, заслуженного учителя Республики Казахстан, обладателя ордена «Курмет» Капипы Омаргалиевны Битибаевой.
Первый тур письменный (эссе), второй тур – устный, на знание казахского языка, произведений казахской литературы, биографии Битибаевой К.О., ее научного наследия и публицистических трудов.
16 учащихся, занявших первые три призовых места, примут участие в республиканском этапе Олимпиады 27-30 апреля в г.Усть-Каменогорске.

Photos from Астана дарыны ӨҒПО's post 28/03/2017

Кезекті жеңіспен құттықтаймыз!

Photos from Астана дарыны ӨҒПО's post 28/03/2017

Астаналықтар қоғамдық-гуманитарлық олимпиадада бірінші орынды иеленді
2017 жылдың 23-28 наурызы аралығында Ақтау қаласында Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиада өтті. Білім бәйгесінде 586 оқушы өзара бақ сынасты. Сыннан сүрінбей, тапсырмаларды мінсіз орындаған балалар медальдарға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Елордалық құраманың қанжығасы 22 медальмен майланды: 6 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлде. Жалпы командалық есепте Астананың құрамасы 1-орынды жеңіп алды.
Оқушыларымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Photos 27/03/2017

Леонардо Эйлер атындағы ІХ Математикалық олимпиада

21-24 наурыз күндері Алматы қаласында Леонардо Эйлер атындағы ІХ Математикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары Дүйсенбеков Данат пен Мажит Санжар І дәрежелі дипломмен және Таубакабыл Нұрлыбек ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Л.Эйлер атындағы ІХ Математикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Улица Мангилик ел, 55/13
Nur-Sultan