serikqariahmetov

serikqariahmetov

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from serikqariahmetov, Education, Астана, Nur-Sultan.

Photos from serikqariahmetov's post 08/09/2022

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты ашылды. Оқу орнының ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, институт жұмысына сәттілік тіледі.

Бас мүфти институтта Нұр-Мүбарак университетін, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледжерді тәмамдаған түлектер мен имамдар білімін тереңдете алатынын айтты. Сонымен қатар жас қариларды жігерлендіру мақсатында институт жанынан Ижаза беру орталығы ашылғанын атап өтті. «Бірнеше бағыттан тұратын Ижаза беру орталығын тәмамдаған шәкірттер ижаза куәлігіне қол жеткізеді. Бұл –терең діни білім алам, Құранды толық жаттаймын деген жас мамандардың, болашақ ғалымдардың рухани әрі ғылыми орталығы болады деген сенімдемін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Бас мүфти салтанатты шараға жиылған көпшілікке Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры қызметіне Бағдат Манабаевтың тағайындалғанын хабарлап, қызметіне табыс тіледі. Салтанатты шара барысында абайтанушы-ғалым, профессор Ғарифолла Есім, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Photos from serikqariahmetov's post 22/08/2022

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке имамдар тағайындалды.

Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамдарды таныстырып, бұйрықтарын оқып берді.

21/05/2022

Ясин сүресі

14/05/2022

Алла Тағалам ұстазды мейіріміне бөлеп, жанын жәннаттан етсін..! 😭😭😭

10/04/2022

📚«Ораза мен Құран қиямет күні құлға шапағат етеді» (Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд, ІІ, 174).

🟢

#Жұмақ #жәннәт #сауап #сүннет #ғибадат #таухид #парыз #намаз #ораза #рамазан #білім #уағыз #насихат #дұға #құран #сүре #құлшылық

01/04/2022

“Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел ретінде Құран түсірілді”

(әл-Бақара сүресі - 185)

kz_1

24/03/2022

“Іштеріңдегі жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерден оның есебін алады!”

әл-Бақара 284-286

kz_1

17/03/2022

“Бар мадақ, шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы – бір Аллаға арналады”.

әл-Фатиха сүресі.

kz_1

02/03/2022

“Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын”, - (әл-Бақара 211 - 215).

kz_1

Photos from serikqariahmetov's post 01/03/2022

Алматы қаласы қайырымдылық мекемелеріндегі қари шәкірттердің оқуларын бір тәртіпке жүйелеу мақсатында кездесу өтті.

Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Орталық мешіттің бас ұстазы Сапанов Талғат қажы, мешіт ұстазы Ахметов Серік қари және «Бостандық» ауданының бас имамы Жұмабаев Данияр қари «Хафиз» қайырымдылық мекемесінің тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Әрбір шәкіртпен жеке сөйлесіп, жаттап жатқан Құран сүрелерін тексеріп деңгейлерін анықтады.

kz_1

Photos from serikqariahmetov's post 22/02/2022

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен "Әл-Әзим" мешітінде «ҚҰРАН – ҚОС ДҮНИЕНІҢ НҰРЫ» атты Құран Кәрім 10 парасының қазақша мағыналық аудармасынан жамағат арасында жарыс өтті.

Алатау ауданына қарасты "Әл-Әзим" мешітінде өткен жамағат арасындағы Құран жарысында Серік қари Ахметов, Мансұр қари Инаятулла, Сырым Өсімбаев және ауданның бас имамы Амантай Садиев болды.
Тартысты өткен сайыстың бас жүлдесі, Умра қажылығын Нығыман Жандос Әшімұлы иеленді.
Ал жүлделі
1-орын (тоңазытқыш) - Жұмабаев Нұрлан Өтемісұлына;
2-орын (кір жуғыш машина) - Әсетов Бейбарысқа;
3-орын (50.000 теңге) - Ержан Шопановқа;
4-орын (30.000 теңге) - Өмірзақов Жарасқа;
5-орын (20.000теңге) - Жалғасов Нұрлыбекке бұйырды.

kz_1

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Астана
Nur-Sultan