Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елімізге бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық пен жарқын болашақ тілейміз. Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін 🇰🇿✨
Поздравляем всех с Днём независимости Республики Казахстан!
Желаем нашей стране мира, единства, стабильности и светлого будущего. Пусть Казахстан процветает 🇰🇿✨
Congratulations on the Independence Day of the Republic of Kazakhstan!
Wishing our country peace, unity, stability, and a bright future. May Kazakhstan prosper 🇰🇿✨
Faculty of International Relations ENU
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Faculty of International Relations ENU, Education, 5 Satpayev Str., Nur-Sultan.
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған лекция өтті. Лекцияны Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Амиржан Каирович Альпеисов жүргізді. Іс-шара барысында тәуелсіздіктің тарихи маңызы, мемлекет қалыптасуының негізгі кезеңдері және ұлттық бірегейлікті нығайтудың өзекті аспектілері талқыланды. Лекция тәуелсіздік құндылықтарын терең түсіндіруге бағытталды.
Сегодня состоялась лекция, посвящённая Дню Независимости Республики Казахстан. Лекцию провёл профессор факультета международных отношений Амиржан Каирович Альпеисов. В рамках мероприятия были рассмотрены историческое значение независимости, ключевые этапы становления государства и актуальные аспекты укрепления национальной идентичности. Лекция была направлена на формирование глубокого понимания ценности независимости.
Today, a lecture dedicated to the Independence Day of the Republic of Kazakhstan was held. The lecture was delivered by Professor Amirzhan Kairovich Alpeisov from the Faculty of International Relations. The event addressed the historical significance of independence, key stages of state formation, and essential aspects of strengthening national identity. The lecture aimed to deepen the understanding of the fundamental value of independence.
❗️4 декабря 2025 года состоялось очередное заседание Совета факультета международных отношений. В ходе встречи члены Совета рассмотрели актуальные вопросы, включённые в повестку дня. Обсуждение проходило в деловой и конструктивной обстановке. Были затронуты ключевые темы, связанные с образовательной, научной и организационной деятельностью факультета.
❗️2025 жылдың 4-ші желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультеті Кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында күн тәртібінде енгізілген өзекті мәселелер талқылап, факультеттің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Кеңес мүшелері білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық қызмет бағыттарындағы өзекті аспектілерді қарастырды. Талқылау сындарлы әрі іскерлік атмосферада өтті.
❗️4 декабря 2025 года состоялось очередное заседание Совета факультета международных отношений. В ходе встречи члены Совета рассмотрели актуальные вопросы, включённые в повестку дня. Обсуждение проходило в деловой и конструктивной обстановке. Были затронуты ключевые темы, связанные с образовательной, научной и организационной деятельностью факультета. ❗️2025 жылдың 4-ші желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультеті Кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында күн тәртібінде енгізілген өзекті мәселелер талқылап, факультеттің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Кеңес мүшелері білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық қызмет бағыттарындағы өзекті аспектілерді қарастырды. Талқылау сындарлы әрі іскерлік атмосферада өтті.
23/04/2025
Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Зарина Какенова Колумбия университетінде өткен дөңгелек үстелге қатысты. Колумбия университетінде
2025 жылғы 22 сәуірде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде Қытайдың Орталық Азиядағы жұмсақ күші тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Колумбия университетінің Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі Уэзерхед институты (Weatherhead East Asian Institute, WEAI) ұйымдастырды. Бұл ғылыми кездесуге Орталық Азия мәселелерімен айналысатын зерттеушілер мен сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Зарина Какенова да болды. Қазіргі уақытта ол АҚШ-CARNet бағдарламасы аясында Колумбия университетінде шақырылған зерттеуші ретінде тағылымдамадан өтуде. Ол профессор Элизабет Вишникпен бірге Қазақстандағы АҚШ пен Қытайдың білім беру дипломатиясын салыстыруға арналған ғылыми жобамен айналысып жатыр.
Бұл іс-шара университет ұйымдастыратын Азиядағы халықаралық қатынастардың дамуын тереңірек түсінуге және әртүрлі елдерден келген зерттеушілер арасында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған академиялық пікірталастар сериясының бір бөлігі болды.
21/04/2025
18/04/2025
АСЫҒА КҮТЕМІЗ!
17/04/2025
⚜️Бүгін Халықаралық қатынастар факультеті, Аймақтану кафедрасының докторанттары Бекебаева Айнагуль Дюсембиевна және Молдалиева Акдидар Икиласовнаның «8D03105– Аймақтану» мамандығы бойынша PhD докторы дипломын табыстау рәсімі Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Мирас Махмедунұлы Қосыбаевтың және Аймақтану ПОҚ қатысуымен өтті.
Докторанттарды философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болуымен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыс, жаңа жетістіктерін жүзеге асыруда сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!🙌
⚜️Сегодня на факультете международных отношений состоялась церемония вручения дипломов докторантам кафедры регионоведения Бекебаевой Айнагуль Дюсембиевне и Молдалиевой Акдидар Икиласовне по образовательной программе «8D03105 – Регионоведение».
В мероприятии приняли участие декан факультета международных отношений Мирас Махмедович Косыбаев и профессорско-преподавательский состав кафедры регионоведения.
Поздравляем докторантов с присуждением степени доктора философии (PhD)! Желаем дальнейших профессиональных успехов, новых достижений, вдохновения и удачи в реализации творческих идей!🙌
regionalstud
🔽🔽🔽
15/04/2025
◾️2025 жылдың сәуір айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтында кезекті бүкіл әлемдік, халықаралық «Қытай тілі көпірі» байқауының Жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында жарысы өтті. Іс-шараға Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының білім алушылары қатысты. Байқау барысында «6В02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының білім алушылары жүлделі орындарға ие болды.
І орын Жанабай Нұрай (жетекшісі: Биримкулова Г.У.)
ІІ орын Нариманова Камила (жетекшісі: Биримкулова Г.У.)
ІІ орын Дәулетбай Жансу (жетекшісі: Биримкулова Г.У.)
ІІІ орын Адайхан Дильназ (жетекшісі: Биримкулова Г.У.)
ІІІ орын Қайырбекова Ақерке (жетекшісі: Елубай А.)
ІІІ орын Сандыбай Махаббат (жетекшісі: Елубай А.)
«Үздік өнер» номинациясы Алиферова Анастасия (жетекшісі: Жомарт Н.Ж.)
«Үздік өнер» номинациясы Калдыбаева Дария (жетекшісі: Жомарт Н.Ж.)
◽️Сонымен бірге, ұйымдастырушылар алқасы атынан Халықаралық қатынастар, Шығыстану кафедрасы үздік ұйымдастырушы алғыс хатымен марапатталды.
15/04/2025
⚜️Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасы мен «China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec)» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі арасындағы кездесуі
◾️Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің деканы М.М.Қосыбаев, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У.Биримкулова және «China Petroleum & Chemical Corporation» компаниясының Қазақстан Республикасындағы Қытай мұнай химия корпорациясының Ресей мен Орталық Азиядағы өкілдіктерінің корпоративтік мәдениет бөлімінің менеджері - Ван Дабин, Ресей мен Орталық Азиядағы «Sinopec» өкілдігінің Қазақстандық кеңсесінің корпоративтік мәдениет бөлімінің басшысы - Го Ци, Ресей мен Орталық Азиядағы Қытай мұнай-химия корпорациясы өкілдігінің Қазақстандағы кеңсесінің коммерциялық өкілі Батай Гүлдана арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы шартты (меморандум) талқылау мақсатында кездесу өткізді.
«China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec)» — Қытайдың ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі және әлемдегі ең үлкен мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібі кәсіпорны болып табылады. Компанияның қызметі мұнай мен табиғи газды барлау, өндіру, өңдеу және сату жұмыстарын қамтиды. «Sinopec» мұнай өңдеу арқылы жанармай, дизель, бензин, авиациялық отын және басқа да мұнай өнімдерін өндіреді. Компанияның қызметі электр энергиясын өндіру және тарату, мұнай мен газды тасымалдау жүйелерін жүргізуді де қамтиды. Бұл компания әлемдік деңгейде мұнай өндіру мен өңдеу, энергетикалық сектордағы зерттеулер және экологиялық мәселелер бойынша белсенді жұмыс істейді.
🔽🔽🔽
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
5 Satpayev Str.
Nur-Sultan
010008