13/09/2023
Балаңыздың дамуына көмектесетін қазақша сайттар. Суретті жылжытыңыз.
Balatili.kz - мектепке дейінгі балалар және бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар мен интерактивтер жиынтығы.
Erketai.kz - Балалар мен ата-аналарға,бастауыш сынып ұстаздары мен балабақша тәрбиешілеріне арналған сапалы сайт.
Ал сіз балаларға арналған қандай сайт қолданасыз?
10/09/2023
Құрметті оқырмандар!
Отбасы күні құтты болсын! Барлығыңызға мықты және мінсіз отбасылық қарым-қатынас тілейміз. Отбасыларыңызда тек адалдық, сүйіспеншілік, жанашырлық пен сенімділік болсын.
07/09/2023
Ал сізге осы жазда қазақша әндердің ішінде ең қатты ұнағаны қайсы?
05/09/2023
Қазақ тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!
30/08/2023
Ата Заң егемендігіміздің берік іргетасына, еліміздің табысты дамуының және жоғары халықаралық беделінің тұрақты кепіліне айналды. Конституция салауатты және табысты қоғамның негізгі құндылықтарын белгілейді, олар: азаттық, бірлік, экономикалық әл-ауқат, таңдау құқығы, еңбек ету құқығы, ар-ождан бостандығы.
Ата Заңымызды ұлықтау – егеменді еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы.
Мереке құтты болсын!
29/08/2023
Қазақ тілін үйрететін топ 3 сайт туралы біле жүріңіз. Суретті жылжытыңыз.
Тіл-Құрал (Til-Qural) – ойын тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілін үйренуге және қолдануға арналған тегін платформа.
Termincom.kz — қазақ терминологиясы жайлы толық мәлімет беретін сайт.
Soyle.kz - қазақ тілін үйренуге және сөйлеуді дамытуға арналған онлайн платформа.
Ал сіз қазақ тілін үйрететін қандай сайттарды білесіз?
28/08/2023
“Қазақ тлін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе” тақырыбындағы жылсайынғы біліктілік арттыру курсы өз жалғасын табады. Биыл біліктілік арттыру курсы 28, 29, 31 тамыз күндері өтеді.
21/08/2023
Тіл – жұмбағы мол, жаратылыс атаулының айырылмас бөлшегі. Тілдің өткені мен болашағын зерттеу арқылы ұлттың өткені мен болашағын зерделей аламыз.
Осы мақсатта, "Тіл-Қазына" КеАҚ ұлттық ғылыми-практикалық орталығы барша ғалымдарды терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдегі терминологияның зерттелуіне және қазіргі заманғы қолданыс аясын кеңейтуге атсалысуға шақырады.
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетені әзірленеді. Мемлекеттік тілдің маңызды салаларын қамтитын басылымдардың сапасын арттыру мақсатында «Терминологиялық хабаршы» бюллетеніне жауапты Терминология бөлімі қаламақысын төлей отырып, мақала қабылдайды.
ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ
• Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен, бұрын еш жерде жарық көрмеген мақалалар ғана жарияланады;
• Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
• Электронды журнал «Termincom.kz» сайтына орналастырылады.
Ұсынылатын еңбектерге қойылатын ережелерді мына сілтемеге https://tilalemi.kz/article/3408.html өту арқылы көре аласыздар.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 27-30-42, 8747-702-9797
15/08/2023
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 28-31 тамыз аралығында 12 сағаттық онлайн режімде «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курста отандық және шетелдік әдіскерлер Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарға тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді, технологияларды қазіргі кезең талаптарына сай қолдану жолдары көрсетіледі, сандық технологияның көмегімен қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде оңтайлы үйретудің тәжірбиесі ұсынылады. Сондай-ақ сабақ бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар таныстырылады.
10/08/2023
АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА
Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күнді еліміз 2020 жылдан бастап мереке ретінде аталып өтеді. «Қазақтың Бас ақыны» (А.Байтұрсынұлы) өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, терең ойлы Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті. Данышпан ойдың иесі кемел адам өзінің саналы ғұмырында 170-тен астам өлең жазып, 56 аударма жасаған. Оның қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туды. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.
06/07/2023
Ширек ғасыр бұрын астанамыз Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшіп, Есіл жағасына ел қонды.
Еліміздің жүрегі Бас қаламыздың салынуы – Тәуелсіз Қазақстан тарихында айрықша мәні бар оқиға.
Елордамыздың жаңа бір мерейлі белесі құтты болсын!