02/12/2022
Бірінші студентімді алдап алып келдім.
⠀
Біраз жылдар мұғалім болып жұмыс істегеннен кейін, мен Алматы қаласында өзімнің ағылшын тілі мектебімді ашқан болатынмын. Кабинет бар, тақта мен маркерлер дайын, стол мен орындықтар тізіліп тұр. Ендігі мақсат - оқитын студенттерді табу мәселесі болды. Ол кезде инстаграммен жұмыс істеу, жарнама жасауды әлі толық біле бермейтінмін.
⠀
Бірде "Меломан" кітап дүкенінде ағылшынша кітаптар тұратын бөлімге келіп, оқулықтарды қарай бастадым. Бір уақытта қасыма екі студент бала келді. Біреуі екіншісіне: "Ағылшын тілін үйрену керек еді" деп, ренжіген дауыспен айтып жатты. "Ахаааааа, бұл менің мүмкіндігім ғой" деп шештім ішімнен. Енді ғана жігіттермен әңгімемді бастайын деп жатқанда, олардың сөзін естіп қалған бір апай жүгіріп келіп: "Мальчики, если хотите учить английский, приходите к нам", - деп, жолымды орып кетті. "Қап" деп ішімнен өзіме ыза болдым. Бірақ сондада қастарына келіп, ағылшыннан сабақ беретінімді, методика қандай екенін түсіндіріп, офиске шақырдым. Олардың біреуі келісті.
⠀
Жұбайым Айгерім екеуіміз отырып алып ойлана бастадық. Бұл біздің алғашқы клиент болады, егер ол кабинетте жалғыз отыратын болса, біздің мектеп бір ""несерьезный" жер деп ойлап қалмасын деген шешіммен жолдасыма: "Сен пробный сабаққа келген екінші кісі боласың. Сұрақтар қойып отыр, мен саған жауап беріп отырамын" - деп, жоспар құрдым.
Жалғасы карусельде - - - - -
12/11/2022
Достар, сіздерге ағылшын тілін жеңіл үйренуге мықты ұсыныс дайындадық 🤩
Тек алғашқы 20 адам курсқа 10 000 теңгеден қатыса алады, тек бір шарт бар, осы постты өз сторисіңізде бөлісу керексіз.
Бұл ұсыныс тек дүйсенбіге дейін жүреді, асығыңыздар 🙌🏼🔥
12/11/2022
Достар, сіздерге барынша тиімді ұсыныс әзірледік, енді тіл үйренуді одан сайын жеңілдеттік🤩
Бұл ұсыныс тек дүйсенбіге дейін ғана жалғасады. Қалай орын толады, сатылымды жабамыз, сол үшін үлгеріп қалыңыздар 🙌🏼
02/11/2022
Достар, бізде қараша айына кусқа жазылым тоқтады. Бірақ келесі айға алдын ала орын алып қойсаңыз болады🙌🏼 иә бізде орын саны шектеулі, себебі әр куратордың өз жүктемесі бар!
01/11/2022
Достар, біздің оқушылардың нәтижелерін өздеріңіз көріп жүрген боларсыздар, бірақ осындай нәтижеге қалай жетуге болады деп ойласаңыз, қарапайым қадамдармен ашып түсіндірдік. Оқып шығыңыздар, каруселді оңға жылжытыңыз 👉🏻
01/11/2022
Достар, біздің оқушылардың нәтижелерін өздеріңіз көріп жүрген боларсыздар, бірақ осындай нәтижеге қалай жетуге болады деп ойласаңыз, қарапайым қадамдармен түсіндіріп еттік. Оқып шығыңыздар, каруселді оңға жылжытыңыз 👉🏻
26/10/2022
Кеше Республика күнін жай тойлап, құттықтап қоя салмай, оқырмандарыма өзімнің мақсатым, миссиямды таныстырғым келді.
Мен неге білім саласына арласып жатырмын?
Кез-келген мәселені шешуде, оның шығып жатқан түбірін білу керек. Оның негізін тапқанда, мәселе оңай өзі реттеле кетеді.
Мысалы, қоғамда өзіңіз көріп жүрген көптеген мәселе бар: зорлық-зомбылық, коррупция, түрлі тағы сол сияқты надандықтар. Оның түп тамыры, менің ойымша, БІЛІМ ЖҮЙЕСІ!
Біз сол кезден бастап білімге көңіл бөлсек, барлығын жүйелеп, дұрыс мақсат, дұрыс миссия қойсақ, мемлекеттік деңгейдегі күрделі мәселелелер өзінен-өзі шешілуі мүмкін.
Мәселе әр адамның бала кезден потенциалының дұрыс ашылуында. Сол ерте жастан ашылса, ел үшін үлкен жақсылықтың нышаны болмақ.
Менің өзімнің миссияларымның бірі Білім саласына арласып, Қазақстанға, әлемдік білім жүйесінің дамуына септігімді тигізу.
Менің туып өскен отбасым, ана-анам, ата-әжем барлығы білім саласында жұмыс жасаған және жасап келеді. Сол үшін де, бірнеше жыл болды мен осы саланы өз еркіммен таңдап, қызмет етіп келемін, 10 000 ға жуық шәкірт дайындадым.
Ағылшын тілі әрбір адам үшін жаңа бір есік сияқты, тіпті әлемді тануға, көруге, білім, тәжірибе алмасуға ЖОЛДАМА!
Мен үшін ұстаз ретінде өз шәкірттерімнің даму мақсаттарына серіктесі болу үлкен бір мәртебе. Өте көп мотивация беретін іс.
Менің арманым бар.
Скадинавия, Финляндия мемлекеттерінің мектеп жүйесі маған қатты ұнайды. Олар баланы бірінші орынға қояды, мақсат көп ақпарат беру емес, баланы бақытты болуға, өмірде керек болатын дағдыларды үйрету. Менің мақсатым, осындай альтернативті жүйеде, инноваторлық жүйеде жұмыс жасайтын мектеп ашу!
20/10/2022
Жұмысқа, оқуға келгенде концентрация деген тақырып өте өзекті. Әсіресе қазіргі таңда.
1️⃣ себеп. Біздің концентрациямызыды, назарымызды алып қойып жүрген, ол бізде инстаграм, смартфон, телефон, ойындар, ТВ, рекламадан келетін ақпарат ағыны. Бұл заттар бірнеше жыл бұрын саны төменірек болды, мысалы, біздің ата-аналарымыздың кезінде.
Алайда, бұл факт, қазір біздің өміріміздің шындығына айналды, одан қашып құтыла алмаймыз.
2️⃣ себеп. Мен әрдайым айтатын нәрсе “егер де біз концентрацияны үнемі жоғалтып, басқа затқа көңілімізді аудара берсек, біздің жасап жатқан ісіміз бізге қатты ұнамайды деген сөз. Адам өзінің жұмысын “хобби” ретін жасаса, оқуын “қалыпты өзін қинау емес, ләззат алатын процесс” ретінде қараса, ол сол потоктың ішіне ілініп кетеді.
Ал поток деген керемет нәрсе өзімен бірге алып кетеді, бір сағат, екі сағат бойы ештеңені байқамай, яғни ештеңеге алаңдамай жұмыс жасауға болады. Себебі, бұл шынайы процесстен ләззат алған кездерде болады.
Алайда, бізге мақсат ұнайды, ол нәтижеге жеткіміз келеді, бірақ процесс ұнамайтын кездер болады. Ол кезде не істеуге болады? Мықты техника бар, өзім пайдаланамын, соны бөліскім келіп отыр.
Маған курс жасау, тапсырма тексеру мен үшін механический жұмыстар, отырып алып істеу керек. Менің же фокусым жоғалады. Мен оны ПОМОДОРА әдісімен шешемін.
Ол әдіс туралы білгіңіз келсе, карусельді жылжытыңыз 👉🏻
11/10/2022
Достар мен осы уақытқа дейін тек ағылшын тілі тақырыбында айтып келдім, алайда аудиторияммен жақынырақ танысу үшін қызықты тақырыптар қозғағым келіп отыр. Енді мені басқа қырымнан танисыздар 😃
🤔Алатын жалақым ештеңеге жетпейді
Мен кәсіпқой қаржы қызметкері емеспін, дегенменде, өмірлік тәжірибем, қателіктерім, достарымнан бақылағандарым бар. Соларды жинақтап, сіздермен бөлісейін дегенмін.
🙄“Жалақым жетпейді” деген сөзге мән берсек, ол жалақының мөлшеріне емес, қаржылық сауаттылыққа жатады.
👊Себебі: жалақы өссе, шығындар да өседі. Сол ақша потогын дұрыс басқара алмаудан барлық мәселе шығады.
Менің өзімнің тәжірибемнен өткен, сақтауға тырысып жүрген қадамдарды ұсынамын. Карусельді оңға жылжытыңыз ➡️
24/08/2022
Менің қаламда білікті маман аз, бірақ мен ағылышын тілін меңгергім келеді..
⠀
Бұл мәселенін тек бір шешімі - ОНЛАЙН ОҚУ.
⠀
Онлайн оқу - кішкентай қалада, шет елді мекендерде тұратын адамдар үшін өте пайдалы. Өйткені, қазір интернет барлық адамдарға қолжетімді, ал жақсы білікті маман барлық жерлерде бола бермеуі мүмкін🤷🏻♂️
⠀
Сіз өз ауылыңызда отырып, Кембридж университетінің мамандарынан онлайн білім ала аласыз. Сондықтан, онлайн білім беруден қорқуға болмайды.
⠀
Иә, сіздердің қорқыныштарыңызды, неліктен сенбейтіндіктеріңізді түсінуге болатын шығар. Мүмкін бұл жаңадан келіп жатқан нәрсе болғандықтан немесе пандемия кезінде онлайн оқу тез дамып, өз-өзін дұрыс көрсете алмаған шығар. Бірақ онлайн оқудың, офлайн оқудан ешқандай кемшілігі жоқ.
⠀
Керісінше онлайн оқудың көптеген мүмкіндіктері бар. Сіздер жаңа технологиялар, платформалар, сайттар, приложенияларды сабақтың ішінде қолдана аласыздар. Сіз бір ғана класспен шектеліп қалмайсыз🌍
⠀
Мен офлайн білім беруде және онлайн білім беруде тәжірибесі бар адам ретінде сіздерге ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНЫҢЫЗДАР деп айтар едім.
⠀
Ең маңыздысы жақсы білікті маманды таңдай білу. Сіз мұғалімді таңдағанда оның жасына, діни көзқарастарына, ағылшын тіліне қатысы жоқ факторларына назар аудармаңыз. Өйткені, тіпті 19-20 жастағы баланың ағылшын тіліндегі тәжірибесі, мектепте жылдар бойы ағылшын тілінен сабақ берген адамға қарғанда жақсы болуы мүмкін. Себебі, тіл күнделікті дамып отырады.
⠀
Сондықтан, мұғалімнің сабақты қаншалықты беріліп түсіндіретініне, қаншалықты ағылшын тілін жақсы көретіндігіне назар аударғаныңыз жөн✨
⠀
Сториске өтіп, онлайн оқудың басқада артықшылықтарын біле аласыз✅
20/08/2022
Әрбір мемлекеттің дамуы - білімге байланысты!
⠀
Сондықтан, мен өзім үшін білім саласын дамыту және осы салада жұмыс жасау - менің МИССИЯМ деген шешімге келдім.
⠀
Университетті аяқтағаннан бастап, менің жұмыс жасаған салаларымның бәрі осы біліммен байланысты болды.
⠀
Ағылшын тілінен бөлек, 2020-2021 жылы достарыммен бірге “HI SCHOOL” атты білім беру платформасын жасадық. Бұл жобаның мақсаты, мектепте оқытылатын тақырыптарды қызықты видеолар арқылы балаларға жеткізу еді.
⠀
Осы жобамыз үкімет беретін “Тәуелсіздік ұрпақтары” атты грантты ұтып алды. Мен жеңімпаздар атынан “Ақордаға” барып сөз сөйледім.
⠀
Мені таңқалдырғаны “Ақордаға” барған кезде, бізге президентті мақтайсыңдар деген сияқты бағдар береді деп ойладым. Бірақ ол жердің қызметкерлерінің көкірегі ояу, өте қарапайым адамдар болып шықты. Бізге өз ойларыңды ашық айтыңдар, ешқандай мақтаудың және жағымпаздықтың керегі жоқ деп айтты.
⠀
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдындағы сөзімде, мен өз жобам жайында айттым және жастарды қолдайтын жобаның бастау алып жатқанына алғысымды білдірдім.
⠀
Өйткені, бұл грант біздің жобамыздың әріқарай дамуына мүмкіндік берді.
⠀
Жалпы, мен билікті қатты мақтауды ұнатпаймын. Себебі, менің ойымша керек жерінде сыни көзбен қарап, ал кейбір керек кездерде мақтай білу керек.
⠀
Қазіргі жүріп жатқан, жастарды қолдау саясаты өте жоғарғы деңгейде деп ойлаймын. Өйткені, осы мамыр айында біз әртүрлі салалардағы белсенді жастар мемлекеттің қолдауымен Өзбекстанға халықаралық форумға барғанбыз. Ол жерде менің байқағаным басқа елдерде жастарға ондай қатты қолдау көрсетілмейді екен. Сондықтан, оныда біліп жүргеніміз дұрыс болар.
⠀
Ендігі кезекте, мемлекет еліміздің белсенді жастарын Түркияға халықаралық жастар форумына жібергелі жатыр, біз онда өз жобамыз жайында айтатын боламыз. Мен өз кезегімде сіздермен барлығымен бөлісіп отыратын боламын. Сондықтан, стористарымды жібермей қарап отырыңыздар😉
06/08/2022
Жас балалар ересектерге қарағанда ағылшын тілін тез меңгере ала ма?
⠀
Иә, жас балалардың есте сақтау қабілеті жақсы және жаңа нәрсені үйренуге бейімділігі жоғары болғандықтан, біз солай ойлай аламыз. Бірақ 99% жағдайда жас балалар үшін олардың ата-аналары шешім қабылдайды. Ал бала оған ағылшын тілінің не үшін керек екенін түсінбей жалығып, сабаққа күнделікті келіп жүргенімен, ешқандай қызығушылығы жоқ болса, бала ағылшын тілін тез меңгеріп кетуі екі талай.😬
⠀
Ересек адамдардың ерекшелігі - олардың мотивациясы бар, себебі нақты бір мақсатқа жету үшін оған ағылшын тілін үйрену керек екенін ересек адам саналы түрде түсінеді.🥸
⠀
Дегенменде, саналы түрде түсіне тұрып, жауапкершіліксіз қарап аяғына дейін бармайтын ересек адамдар болады☹️ және керісінше жас болса да, ағылшын тілін тез меңгеріп алатын балаларда болады.
⠀
Шындығына келгенде, адамның ағылшын тілін тез меңгеріп кетуі жасына байланысты емес❗️
⠀
Оның мотивациясына, жауапкершілігіне, тәжірибесіне, оқу тәсіліне байланысты✅
⠀
Мысалы, ересек адамдардың тәжірибесі көп болғандықтан, олар көптеген кино көрген, басқа елдер жайлы ақпарат біледі. Сондықтан, оларға әртүрлі мысалдар арқылы ағылшын тілін үйренуге болады.
⠀
Ал балаларда “клиповое мышление”, олар бір нәрсені көруден тез жалығады. Балаларға үнемі жаңа, қызықты тәсілдермен білімді жеткізу керек.
⠀
Егер сіздің ағылшын тілін үйренуге мотивацияңыз бар, бірақ дұрыс тәсілін таппай жүрсеңіз. Ойланбастан профиль шапкасындағы сілтемеге өтіңіз🤩👍