17/05/2021
ІЗДЕНІС. ӘДІСТЕМЕ. НӘТИЖЕ
Бүгін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» Қазалы ауданы бойынша орыс тілі оқытушысы Л.Алибекованың "Элементы теорий обучение взрослых по курсу "Уровневое обучение русскому языку как иностранному» тақырыбындағы әдістемелік мақаласы «Мұғалім мерейі» республикалық ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналына жарияланып, арнайы сертификаты мен құрмет грамотасына ие болды. Әріптесімізге шығармашылық табыс, ізденіс жолындағы еңбегіне сәттілік тілеміз.
15/05/2021
ТЫҢДАУШЫЛАР СЕРТИФИКАТ АЛДЫ
Бүгін Қызылорда қаласының Мәслихат аппаратының қызметкерлері 72 сағаттық "Ағылшын тілін шетел тілі ретінде деңгейлік оқыту" курсын аяқтап, сертификат алды. Курсты орталықтың ағылшын тілі оқытушысы, жаңашыл жас маман Ә.Махамбетова жүргізді. Курс барысында тыңдаушылары онлайн оқуға арналған орталық порталын еркін пайдаланып, тіл үйренудің тиімді технологиялары арқылы білімдерін жетілдірді. "Қазақстан-екінші Голливуд мекені" тақырыбында өткізілген ашық сабақта тыңдаушылар өз белсенділіктерін танытты. Сертификат табыстау рәсімін орталық директоры Л.Ортаева мен курс жетекшісі Ә. Махамбетова жүргізіп, үздік тыңдаушылар алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында тыңдаушылар жылы лебіздерін және алдағы уақытта курсты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.
15/05/2021
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы "Қызылорда облысының тілдерді оқыту"орталығының Шиелі ауданы бойынша орыс тілінің оқытушысы Санаубаева Гүлнар Мәлібекқызының "Латын әліпбиіне көшу-тіліміздің жарқын болашағының кепілі" тақырыбында мақаласы жарық көрді. Мақала "Өрлеу-өркендеу" халықаралық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналында жарияланды. Қоғамдық-саяси жаңалықтар аясында көзқарас қалыптастырып, пікіралмасу- әрбір саналы тұлғаның рухани жетістігі. Ұлт болашағы туралы мәселелер туралы келелі ой, тұщымды пікірлерді ортаға салуда орталық қызметкерлері үдеден шығып келеді.
14/05/2021
«ВООКТАLKING» ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АРҚАУЫ — "ТІЛ САҚШЫСЫ—НАМЫС ҚАМШЫСЫ" КІТАБЫ
2021 жылдың 13 мамыр күні «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен және Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы”, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Тіл сақшысы-Намыс қамшысы» кітабын онлайн талқылау шарасы өтті. Шараға орталық қызметкерлері, “Қазақ тілі” қоғамының аудандардағы төрағалары, мүшелері, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары қатысты. Жалпы саны 70-ке жуық адам қамтылды.
Шараның мақсаты- тіл жанашырларының, тіл мамандарының, жалпы оқырмандарының басын қосып, “Қазақ тілі” қоғамының үні ретінде шығатын басылым - “Тіл сақшысы – Намыс қамшысы” кітабын талдау және оны көпшілікке насихаттау.
Шараны модератор - орталық директоры Л.Ортаева жүргізіп отырды. Кіріспе сөзді Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді дамыту және ономастика» бөлімінің бас маманы А.Әбжалиева сөйлеп, бірлескен шара жұмысына сәттілік тіледі. Бас спикер ретінде
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, республикалық «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы С.Аңсат кітаптың мазмұндық ерекшелігі мен қоғамдағы өзектілігіне, кітапты шығарудағы мақсатына тоқталды.
Талқылау барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төралқа мүшесі Қазыбай Құдайбергенұлы қазіргі жаһандану заманындағы кітап оқу мәселесінің өзектілігін қозғап, кітаптың тәрбие құралы екендігін баса айтты. Бұдан кейін Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, газеттің қоғамдық тілшісі, ардагер тілші Ембергенұлы Тобаш өз сөзінде “Тіл сақшысы” газеттің халықтың әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін шешудегі рөлін тілге тиек етті. Мақалаларға ғылыми-сараптамалық шолу жасауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі тілші-ғалым Абасилов Аман Мәделханұлы тұщымды пікір, келелі ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, газеттің тұрақты оқырмандарының бірі - Жұмабаева Сәрсенкүл мен тырнақалды туындылары осы газет арқылы елге танылып, ертегі, өлең жазатын жазушы, ақын ретінде шығармашылық жолы қалыптасып келе жатқан жас тілші Берікқызы Алтынай “Қазақ тілі” қоғамының мемлекеттік тіл саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарына сәттілік тілей отырып, ризашылықтарын білдірді. Zoom жүйесі арқылы аудандардан қатысқан оқырмандар, тіл жанашырлары қоғамдағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар аясында жұмыла жұмыс жасау мәселесін көтерді. Шараның қорытынды бөлігінде оқырмандар тақырыпқа сай ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
04/05/2021
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=272928957899635&id=112549380604261&sfnsn=mo
#МЕНҚАЗАҚШАСӨЙЛЕЙМІН2021
✅Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының
ЕРЕЖЕСІ
АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ
1.Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу;
- қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту;
- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
2.Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша берілген ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.
Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет.
3.Байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан этнос өкілдері қатысады.
АКЦИЯНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Акция 5 кезеңнен тұрады:
▶️Бірінші кезең
5-8 сыныптың оқушылары үшін акция 2021 жылы 5 мамыр – 3 маусым аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы қажет.
▶️Екінші кезең
9-10 сынып оқушылары үшін акция 2021 жылы 3 маусым – 2 шілде аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратады.
▶️Үшінші кезең
Жоғары оқу орындарының студенттері арасында акция 2021 жылы 5 шілде – 5 тамыз аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), YouTube желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялауы тиіс.
▶️Төртінші кезең
Ересек тұрғындар үшін акция 2021 жылы 6 тамыз – 6 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялайды.
▶️Бесінші кезең
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін акция 2021 жылы 6 қыркүйек – 6 қазан аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялайды.
АКЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
2. Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желілердегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.
3. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде өткізіледі. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
4. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.
Шараның өткізілуіне жауапты тұлға: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(707)5333873
30/04/2021
«ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ғылыми – практикалық орталығы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ»атты онлайн форматта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияда латын әліпби жобасы таныстырылып түсіндірілді.
Онлайн конференцияның алғы сөзін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы сөйлеп, бірнеше профессорлар мен ф.ғ.д-лары баяндама жасады.
Конференцияда қазіргі таңда талқыланып жатқан әліпби жобалары талданып, жаңа әліпбидегі «и» мен «у» әріптерінің таңбалануына ғылыми сипаттама жасалды. Сонымен қатар жетілдіріліген әліпбидің ІТ – технологиялардағы қолданысы туралы да сөз болды. Аталған шараға орталық директоры мен барлық оқытушы мамандар белсене қатысты.