29/12/2021
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде желтоқсанның 23 күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сарсенова Жанар Орынбасарқызы 36 топ студенттерімен
«Олжас Сулейменов - поэт, гражданин, политик». Лидер движения «НЕВАДА- СЕМИПАЛАТИНСК» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ мақсаты ақын Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, зерделеу. Білімділік студенттерге тіршіліктің көзі Жер-Ана, ол жыламасын деген ұғымда түсіндіру, экология, Семей-Невада қозғалысы туралы түсінік бере отырып, табиғат пен адамның біртұтас екенін ұғындыру. «Невада --Семей» азаматтық қозғалысы жайында, жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндірілді. Ашық сабақ барысында жаңа сабақ түсүндіріліп, нәтижесінде студенттер өз идеяларын айтып шықты.
Сонымен қатар видеоролик көрсетілді. Видеоролик көру арқылы «Невада-Семей» қозғалысы туралы алғашқы түсінік қалыптасады. Оқытушының берген сұрағына студенттердің берген жауаптары үлесім тауып қатар өрілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шарап Талғат пен колледж оқытушылары қатысып, жақсы өткендігі жайлы жақсы лебіздерін білдірді.
28/12/2021
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқу шебері Оразкүл Асанқызы 1109000 "Токарь ісі және металл өңдеу" мамандығының 23 оқу тобына "Токарлық кескіштердің түрлері мен қолдануы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың мақсаты білім алушының теориялық сабақтан алған білімдерін өндірістік оқу сабақтарымен ұштастыра отырып студенттерге берілген тапсырмаға сай білімдерін тереңдетіп және біліктіліктерін жоғары даярлау. Ашық сабақта өз тәжірибесімен бөлісіп сабақ барысында түрлі әдіс - тәсілдерді қолданды. Студенттер қауіпсіздік техникалық ережесімен танысып, станокқа кескішті орнату арқылы онымен қалай жұмыс жасауын көрсетті. Сабақта оқытудың озық инновациялық технологияларын қолдана отырып, ашық сабақты өз деңгейінде өткізді.
24/12/2021
Бейнеттен зейнетке!
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде кереметтей іс-шара ұйымдастырылды. 20 жылдан аса колледж дамуы жолында еңбек еткен Роза Қалмағанбетқызын ресми түрде зейнеткерлікке шығарып салды.
Колледж ұжымының ұйымдастыруымен жүзеге асқан салтанатты шарада зейнеткер тұлғаның еңбек жолы дәріптеліп, әуезді әндер айтылды. Концерттік қойылымға ұласқан жиында ұстаздар өз лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, Роза Даниярованың тынымсыз тіршілігіне колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлы өз бағасын беріп, арнайы "Алғыс" хаты табысталып сый сияпат жасалды.
16/12/2021
ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ
🇰🇿 Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
🇰🇿"Дәнекерлеу ісі" мамандығының 32 топ студенттері мен Өндірістік оқыту шебері Асанов Оразғали және топ жетекшісі Қарекеева Гүлшат ұйымдастырған игі шара патриотизм рухын асқақтатты.
🇰🇿Игі шараға "Желтоқсан оқиғасының" қатысушысы, ел ағасы Бердіманов Жарылқасын қатысып, жастарға деген өз насихатын айтты. 1986 жылдың қаһарлы қысындағы ызғарлы күндер мен қазақ жастарының ереуілін баяндады. Сондай-ақ, колледж студенттерінің "Желтоқсан оқиғасына" қатысты сұрақтарына жауап берді.
🇰🇿Мерекеге бөленген игі шарада колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлы ұжымдастарды құттықтады. Береке мен бірлікте тұрмыс кешкен қазақ елі сынды колледж ұжымының да ауызбіршілігі берік болуын жеткізді. Әрі қарай жыл бойына жүйелі жұмыс жасаған мамандарды марапаттады. Отыз жылдыққа орай озат еңбек еткен педагогтарға Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызының және аудан әкімі Руслан Рүстемұлының алғыс хатымен, құрмет грамотасы, сый-сияпатпен марапатталды.
🇰🇿Жалындаған жастардың өр рухына бөленген жиын соңы "Атамекен" әнін хормен айтумен және Қазақтың көк байрағын желбіретумен соңына жетті.
#Қазақстан
#Тәуелсіздік
#ЖАТК
#ЖАҢАҚОРҒАН
#БІЛІМ
#30ЖЫЛДЫҚ
14/12/2021
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде 2021 жылдың 13 желтоқсан күні жоспарға сәйкес «Зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Мампаев, педагог-психолог Л. Аяпова, әлеуметтік педагог Г. Нақыпбекованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтілді. Іс-шара барысында колледж заңгері Г. Алтыбаева жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылықты болдырмау жайында студенттерге заң аясында түсіндіріп, кешкі беймезгіл уақытта ойын сауық орындарында жүрмеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж медбикесі А. Маханова ерте жүктіліктің алдын алу мен жыныстық жолдар арқылы жұғатын аурулар туралы мағұлмат берді. Сонымен қатар студенттерге тақырыпқа сай видеороликтер көрсетіліп, дәрістер оқылды. Дөңгелек үстел соңында арнайы дайындалған сауалнама толтырылу арқылы бүгінгі алған ақпараттарын қорытындылады.
13/12/2021
"Жас маман" жобасымен оқу базасы жаңарып игілігін көруде.
Жуырда облыс әкімінің орынбасары Шаменова Балжан Мөрәліқызы мен Облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы Жаңақорған ауданындағы іс-сапарында "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне" арнайы соқты. Республикалық "Жас маман" жобасы бойынша кәсіби колледждің бүгінгі бағдарымен танысты.
📌Жаңартылған кейіптегі колледж ғимаратымен және студенттерінің хал-жағдайымен хабардар болды.
Жаңа заман талабына сай кәсіби колледждердің басты міндеті - сұранысқа сай сапалы жұмысшы мамандар даярлау. Осындай мақсатты бағдар жолындағы еңбектеріңізді көріп, танысып жатырмыз. Әрі қарай да болашақ үшін еңселі еңбектер, тыңғылықты жұмыстар жасалына беруі тиіс, - деді Шаменова Балжан Мөрәліқызы.
📌Өз кезегінде сөз алған білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы да бұл пікірді қолдай келе, ендігі жерде кәсіби маман даярлау жолында жүйелі жоспар жасап, алдағы уақытта облысымыздың беделін арттыратын, танымал етуге бағытталған "WorldSkills" кәсіби шеберлік чемпионатына студенттер тек жүлделі орын алатындай маман шығаруға жұмыс жасалу қажеттігін тапсырып, бастамаларға сәттілік тіледі.
📌Келесі кезекте колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлы оқу процесіне арналған соңғы үлгідегі озық технологияны таныстырды. Республикалық жоба арқылы толықтай жаңартылған "Тамақтандыруды ұйымдастыру ", "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу", "Автокөліктерге техникалық кызмет көрсету және жөндеу" және "Дәнекерлеу ісі" мамандықтарының бүгінгі жай-күйі, оларды оқу процесінде қолданылуы жайлы айтып ендігі кезекте осы жаңартылған заман талабына сай сапалы білім арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеп алдағы уақытта "WorldSkills" чемпионатына облыстық және республикалық бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бар күш жігерімізді саламыз деп жеткізді.
11/12/2021
2021 жылдың 3-ші желтоқсанында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Абсаттарова Бағила №35 топ студенттерімен М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» бөліміне арналған ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақтың көркем прозасын биік деңгейге көтеріп, көркемдік қуат әкелген үздік туынды екенін студенттерге түсіндіре отырып, роман-эпопеяның «Ғасырлық туынды» айдарымен «Қайтқанда» тарауын талдап, студенттерге жас Абай, бала Абайдың кітапқа деген құмарлығын, әке мен бала арасындағы тәрбие жайлы кеңінен ұғындыра отырып, ел мен жер әңгімесін бірге саралады.
Студенттер тарапынан «Екі жақты күнделік» айдарымен Абай мен Құнанбай бейнесін ашатын сөздер мен сөз тіркестерін жинақтап, «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша «Абай дәуіріндегі қазақ отбасының тәрбиесі» атты тақырыпта эссе жазылды.
«Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады» деп Абай атамыз айтқандай колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Шарапұлы ашық сабақ барысында әлемдік туындының тәрбиелік маңызына тоқталып, студенттерге оқып шығуға кеңес берді және де ашық сабақ жоғары деңгейде өткендігін атап айтты. Ашық сабаққа колледж әдіскері К.Абилбашаров, әлеуметтік педагог Г.Нақыпбекова, педагог-психолог Л.Аяпова және жалпы пән мұғалімдері қатысып, жақсы өткендігі жайлы жақсы лебіздерін білдірді.
11/12/2021
Желтоқсанның 10 күні Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абдраимова Шолпан Кәрімқызы 32, 38 топ студенттерімен Лира Қоныстың "Тиын" әңгімесінің кейіпкерлеріне сипаттама тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ еркін пікір айту, өз ойларын ортаға салу, ой жүйелігінің жүйріктігін көрсету негізінде жоспарланған. Ашық сабақ барысында жаңа сабақ түсіндіріліп, нәтижесінде студенттер сабақтың идеясын анықтап, композициялық талдау жасап, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетті. Сонымен қатар аудио тыңдау арқылы шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып әр алуан салмақты жауап алынды. Оқытушының берген сұрағына студенттердің берген жауаптары бір-бірімен үйлесім тауып қатар өрілді. Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шарап Талғат пен колледж оқытушылары қатысып ашық сабақты жоғары деңгейде өтілгендігін айтып өтті.
10/12/2021
БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСІМІЗ БИІК!
Ата-баба армандаған Тәуелсіздікке биыл 30 жыл. Осындай айтулы мерекені Жаңақорған ауданыда жоғары деңгейде атап өтті. Салтанаттық шарада
автошеру, велошеру және
"Тәуелсіздікке 30 жыл" композициялық қойылымы қойылды. Білікті маман хореограф Динара Оразованың ерекше көз тартарлық жобасын "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж" студенттері жоғары деңгейде алып шықты. Көрген көздің жанарын жаулап, туған елге деген патриоттық сезімін жоғарлататын туындыны көруге болады. Осындай маңызды да жауапты дүниені Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж жастары үлкен абыроймен алып шыққаны біз үшін үлкен қуаныш, абырой.
Салтанатты шара әрине ел үшін ерінбей еңбек етіп жүрген азаматтарымызды марапаттау рәсімімен жалғасты. Егемендіктің жолында еселі еңбек етіп жүргендердің қатарын колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлы толықтырды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың арнайы "Алғыс" хатын аудан әкімі Руслан Рүстемов салтанатты шарада табыстады.
Бұндай марапат колледж ұжымына ерекше қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта мұнанда өзге іс-шараларға тың жаңалықтар болары айқын!
09/12/2021
Желтоқсанның 8 күні Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Мусаева Ұлбала №34 топ студенттерімен Тұманбай Молдағалиевтың "Бауырлар" атты шығармасына арналған ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында заман талабына сай студенттердің бойынан көшбасшылық қабілетті арттыру мақсатында топ студенттерімен бірлесе отырып, жаңа тақырыпты талқылап түсіндірді. Ақын шығармасының мазмұнына сәйкес оқу мақсаты-шетте жүрген бауырырларды елге қайтару, ата баба аңсаған тәуелсіз ел туының астында жиналып, ынтымақ, бірлікте ел іргесін нығайтуға жиналайық деген ұран іспеттес өлеңінің мағынасын, идеясын түсіндіру болды. Шығарма идеясын ашуда студенттер тарапынан мақал-мәтелдер мағынасын ашу, болжау, ойтолғау, тарихи оқиғаларға хронологиялық зерттеу жүргізу сияқты тақырыптық жұмыстар жүргізді. Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шарап Талғат пен колледж оқытушылары қатысып, сабақ өз деңгейінде жақсы өтті деген баға берді.
01/12/2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған Екпінді ауылы әкімінің кубогінен "ЖАТК құрамасы" бірінші орынды иеленді.
Жастар ойынында үздік өнер көрсеткен "ЖАТК құрамасы" ауыл әкімі Қожамжаров Қайрат Тұрсынұлы жоғары бағасын беріп, өнерлі өрендерге деген бар қолдауын, ықыласын жеткізді.
Колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлының қолдауы мен демеушілігімен құрылған "ЖАТК құрамасы" КВН командасы бүгінде республикалық ойындарға дейін қатысып, аудан атын асқақтатып жүр. Өнер мен күлкіге құштар жігіттерден құралған команданың бағындырған белесі де биік.
Сәтті қадамдардың серпілісі болған команда жігіттерінің өнер әлеміне деген құштарлығы мен құлшынысы да күшті. Мұндай жігерлі жастар барда білім ордасының аты асқақтай берері де сөзсіз.
Бүгінде "Жайдарман" ойындарында қатысып жүрген КВН командасына екі жылдың жүзі толды. Осы уақытқа дейін аудандық, облыстық, республикалық ойындардың көш басында жүріп, нақты мақсаттар жолында еңбек етуде.