Өрлеу Қызылорда

Өрлеу Қызылорда

Share

Біліктілікті арттыру курстарына қатысты сұрақтар бойынша байланыс телефоны: +7 701 863 8360

23/06/2026

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры болып Нұрлыбаева Жанат Лесбекқызы тағайындалды.

Нұрлыбаева Жанат Лесбекқызы 1996 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының магистрі.

1996 жылы еңбек жолын Сарыағаш ауданындағы Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде бастап, 2007 жылдан бері педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет етті.

2023-2025 жылдары «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің басшысы лауазымын абыроймен атқарды.

Жанат Лесбекқызы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған бірнеше білім беру бағдарламаларының авторы.

Әріптесімізге жаңа қызметінде толағай табыс, шығармашылық серпін және жарқын жетістіктер тілейміз!

23/06/2026

💼Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

Мемлекеттік қызмет – ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы жауапты әрі маңызды миссия. Бүгінде мемлекеттік қызметшілер білім беру жүйесін жетілдіруге, сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға және адами капиталды дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Әсіресе білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар – еліміздің жарқын болашағына салынған инвестиция.

Осы айтулы күні барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, толағай табыс, кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Photos from ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК's post 22/06/2026
22/06/2026
15/06/2026

📚 «Өрлеу» Қызылорда филиалында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.

✅ Курс барысында тыңдаушылар заманауи білім беру үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Теориялық білім тәжірибемен ұштасып, курс микрооқыту форматында жүргізілді.

📄 Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

🤝 Педагогтерімізге шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жетістіктер тілейміз!

13/06/2026

📚 «Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект оқуды жекешелендіру үшін» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларымен жүргізілген «Сауал бізден – жауап сізден» айдары.

👩🏻‍🏫 Курс жетекшісі – заманауи білім беру үрдісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданудың қыр-сырын тәжірибемен ұштастыра білетін білікті тренер Құлымбетова Жанар Қонысбекқызы.

10/06/2026

⚜️ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс депутаты Болат Керімбектің техникалық және кәсіптік білім беру туралы сұрағына жауап берді

09/06/2026

🎓 «Тыңдаушының бір күні» айдары

👨🏻‍💻 Ұстаздар үйіне курсқа келген педагогтің бір күні қалай өтеді?

✍🏻 «Тыңдаушының бір күні» айдарында біліктілікті арттыру курсына келген тыңдаушымыз – Қызылорда қаласы №253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлзат Искакова алған әсерімен бөліседі. Тыңдаушы бір күн ішінде кәсіби дамуына бағытталған қандай жаңа білім мен дағдыларды игергенін әңгімелейді.

📚 Білім мен тәжірибе тоғысқан бір күннің тынысымен бірге таныс болайық!

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


г. Кызылорда, Улица Айтеке би, 2
Kyzylorda

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30