MY QAZAQ

MY QAZAQ

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from MY QAZAQ, Educational consultant, Kyzylorda.

Photos from MY QAZAQ's post 14/07/2024

АҚШ президентіне үміткер Трампқа оқ атылды! Бір адам қайтыс болып, екіншісі жарақат алды. Оқ атқан қылмыскер мерт болды. Міне біз мақтан тұтатын Америкамыздың сыйқы!
Қаншама мұсылмандарға қысымшылық жасалса да Құран “Басшыға бой ұсыныңдар!” деп әмір етілгеннен кейін Исламды толық мойындайтын мұсылман ешқашан басшылыққа соғыс жариаламайды! Наразы болуы мүмкін, бірақ қарсы соғысқа шықпайды, адам өлтірмейді!
Мына АҚШта болған оқиғада кінәліні бір бейбақ мұсылманнан көріп жатса таң қалмаспын!
Айтпақшы, қандай болса да Трампқа оңай болмады, моральдық, дене тұрғысында қайта қалыпқа келу оңай болмас!

06/07/2024

Кейінгі кезде атауы бірнеше рет ауысқан бас қаламыз Астанаға жиі келіп жүрмін. Әр келген сайын әр нәрсені байқайсың. Кемшілігі де бар, кеңшілігі де бар, өзінше. Бірақ бүгін сын айтпаймын. Көш жүре түзелер деп үміттенем. Бүгін мереке ғой, бізден аз-кем ақпарат болсын, тойға танымдық шашуымыз болсын, тарихына кішкене тоқталайын.
Астана қаласының тарихы 1830 жылдан бастау алады.

Ең алғашқы атауы Ақмолинск болған, сосын Целиноград, сосын Ақмола атанды.

1997 жылы 10-желтоқсаннан бастап елорда статусына ие болды. Астана аталды.

1989 жылы халқы 281 252 адам болса, қазір 1,4 млн.-дай тұрғыны бар.

2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі Астананы әлемнің ең үздік 30 қаласының тізіміне қосты.

Қай мағынасында да, Астана өсіп жатыр.

Көркейе бер, БАС ҚАЛА!

Астана күні құтты болсын, ағайын!
@актуальное
#астана
#нұрсұлтан
Елорда Архиві

12/05/2024

ЕР БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІ

жайлы қазір аз айтылып жүрген жоқ.

Бірақ ер баланы тәрбиелеудің нағыз үлгісін Ресейге қосылмай тұрғандағы, қаймағы бұзылмаған қазақи ортадан іздеген жөн.

Қазақ “13-те отау иесі”, “қара шаңырақтың иесі” деп бекер айтпаған. Ұл балаға осылайша биік дәреже берген, жауапкершілік жүктеген.

6-жасынан бастап әкелері жанына ертіп жүріп, ел мен жердің шаруасына араластыра бастаған.

Асық ату, теңге ілу, аударыспақ, көкпар сынды ұлттық ойындар арқылы баланы жүректі, білекті, мерген болуға баулыған.

“Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар” деп, жігіттің сегіз қырлы, бір сырлы болуына мән берген.

“Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі – отбасы” деп, ар-ожданының, иманының жоғары болуына да ден қойған. Отбасын, отанын сақтауға, қорғауға шақырған.

Сондықтан ер баланың тәрбиесіне келгенде, жаңалық ашудың, Батысқа еліктеудің қажеті жоқ.

Дана халқымыздың байырғы өмір салтына, тұрмыс-тіршілігіне көбірек үңілсек, барлық жауап сонда.

Бүгінгі Отан қорғаушылар күні құтты болсын, қазағым!

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты ұлдарымыз көп болғай!✊

Photos from MY QAZAQ's post 09/05/2024

Аллаға шүкір жұмыс барысымен қай жерге сапарға шықсам да, әлеуметтік желі арқылы хабарласып, кездесейік деп жатқан оқырмандар көп. Бүгін Қызылорда қаласында Ербол Мұрат бауырымызбен жолығу бұйырыпты. Сыр елінің қонақжай халық екендігіне көзім жетті

Photos from MY QAZAQ's post 09/05/2024

Бүгінгі мереке құтты болсын, бауырлар!

Тілекті басқалар онсыз да жазып жатыр ғой. Мен батыр бабамыз - Бауыржан Момышұлының үзік ойларымен бөліскім келіп тұр.

Ғасырда бір туатын нар тұлғамыздың айтқан қанатты сөздері жүрегімізге, бойымызға рух болып дарысын.

РУХЫ МЫҚТЫ ЕЛДІҢ – ІРГЕСІ ДЕ МЫҚТЫ екенін ұмытпайық.

Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөздері:

* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық

* Қуыскеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.

* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

* Намысты нанға сатпа.

* Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық.

* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішін өлген артық.

* Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

* Ата-ана қадірін білмеген - ел қадірін біле алмас, Ел қадірін білмеген - ата-ана қадірін біле алмас.

* Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес.

* Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.

* Қайратыңа - әдісіңді жолдас ет, әдісіңе - ақылынды жолдас ет.

* Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды.

* Қайрат етер кезінде - жүк көтерер нардай бол, Ақыл айтар кезіңде - жүз жасаған шалдай бол.

* Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.

* Үміт - өрге тартады, үмітсіздік - көрге тартады.

* Ханның еркесі болғанша, жігіттің серкесі бол.

* Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу - шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.

Батыр бабамызға құрмет болсын, лүпілді аямаңыздар.

08/05/2024

Су тасқынынан зардап шеккендердің жағдайын өз көзіңмен көру қиын екен…қираған үйлер, құлаған қоралар, суға батып өлген малдар… Қаншама еңбек, өмір бойы жинаған мал-мүліктің суға кеткені қай адамға болса да оңайға соқпайды!

#киізүй #салиықалыұрпақ #екідің #сутасқыны #күшімізбірлікте

Photos from MY QAZAQ's post 02/05/2024

Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!.

Бүгін дәл осылай толғайтын күнім... Тек тойлауға аса құмар емеспін. Бірақ іштей есеп беруге бармын.

Тоқсанның жартысына келіппін...

Осы жасқа дейін не түйдім, не тындырдым?

Ер-азамат ретінде көп істің басын шалдық қой. Оның бәрін жіпке тізуден аулақпын. Ең бастысы, ел ішіндемін, қазағыма қызмет қылып жүрмін.
Қалған 45-те де еліме, жеріме пайдамды тигізсем деймін.

Жас қосылған сайын Алланың шеберлігіне таң қаламын. Адам өмірін әртүрлі кезеңге әдемілеп бөліп қойған.

Бала кезде тез өссек дейміз, өскен соң жұмыс жасасақ дейміз, одан отау құрамыз, бала сүйеміз, оларды жеткіземіз, немере дейміз... Осылай өмір өз қызығымен өрби береді екен. Әр кезеңнің өз ғажабы бар.

Қазіргі менің қамал бұзар қырықтан асқан шағым - ер-азаматтың нағыз кемел шағы деп ойлаймын. Сол қажыр-қайратты ел мүддесіне жұмсасақ, жаман болмаспыз.

Әлихан Бөкейхановша айтсақ, ары қарай да “қазаққа қызмет қылмай қоймаймын”. ✊️

Құттықтауларыңыз үшін баршаңызға көп рахмет!

01/05/2024

САЯХАТТА ТУҒАН ОЙ

Саяхаттаған жақсы-ақ...

Ел көресің, жер көресің.
“Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа” дегендей, кейде қызығасың, кейде таң қаласың, кейде жағаңды ұстайсың. Неше түрлі адам, неше түрлі тұрмыс-тіршілік бар...

БІРАҚ...

Бірақ саяхаттап жүріп, өз еліңе, өз жеріңе ештеңе жетпейтінін түсінесің. Әлемді шарлап жүріп, бабаларымыздың “өзге елде сұлтан болғанша, өз жеріңде ұлтан бол” деп неге айтқанын жан-тәніңмен ұғынасың.

🇰🇿 Кең байтақ жеріміз
🇰🇿 Дархан көңілді еліміз
🇰🇿 “Қазақ” деп соққан жүрегіміз
🇰🇿 Өз қалауымызды жасай алатын ЕРКІНДІГІМІЗ бар.

Біле білгенге, бұл - үлкен БАҚ!

Сол бағымызды тайдырып алмайық. Бірлігіміз берік болсын, отандастар!

Мереке құтты болсын! ✊

27/04/2024

Біздің дініміз байлыққа қалай қарайды?

Біздің дініміз байлыққа қарай қарайды? Бүгін осыған тоқталғым келіп тұр.

Өйткені қоғамда бір қызық пікір бар. Егер әлдебір адам дәулетті өмір сүрсе, бірден «парақор, жемқор шығар» деген ой туындайды. Яғни, бай-бақуатты өмірге тек арам жолмен, алдап-арбаумен қол жеткізуге болады деген түсінік қалыптасқан.

Біздің ертегілерді де алып қарасаңыз, байды жағымсыз кейіпте суреттейді: қарны қабақтай, қайырымсыз, сараң, халықты қанаушы... Ал сіңірі шыққан кедей, керісінше, мейірбан, жомарт, еңбекқор...

Сонда деймін, жақсы адам, тақуа жан бай-қуатты болмау керек пе? Байлыққа қызықпауы керек пе?

Бұл сұрақтарға ізгі дініміз аясында жауап іздеп көрейік. 👇👇👇

💰 «Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін істеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) еш оқасы жоқ» («Бақара» сүресі).

💰 «Намаз өтеген соң жер жүзіне таралыңдар да, Алланың кеңшілігімен ризық-несібелеріңді іздеңдер» («Жұма» сүресі).

💰 «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» («Бақара» сүресі).

💰 «Алла ризық-несібеде біріңді-біріңнен артық етті» («Нахл» сүресі).

💰 «Ешбірің «Алла Тағалам, ризық бере көр» деп еңбектенбей отырып алмасын. Бәрің білесіңдер, аспаннан ешқашан алтын мен күміс жауған емес» (Хазіреті Омар)

💰«Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» (Абай)

Байқасаңыз, дініміз де, діліміз де кедей бол демейді. Керісінше адал еңбек қыл, байлыққа жет, сол жиғаныңнан зекет бер, мұң-мұқтажға көмектес дейді.

Тарихта бір бай бір ауылды асыраған ғой. Қазір де ел игілігі үшін барын бөліп беріп жатқан кәсіпкерлер аз емес.

Сондықтан байыса, қазағым байысын!

P.S. Бұл посттың шынайы парақорларға, жемқорларға дым қатысы жоқ.

24/04/2024

“АЖЫРАСУ - ҰНАМСЫЗ ІС”

2024 жылы Қазақстан ажырасудан әлем бойынша 2-ші орынға шықты.

ӨКІНІШТІ... ҚОРҚЫНЫШТЫ СТАТИСТИКА!

Қанша тағдыр талқан, қанша отбасы ойран болды деген сөз.

Негізі, таза ислам діні жанұя мәселесін түгел шешіп қойған. Хақ жолымен жүрсек, бабалар өсиетіне құлақ түрсек, ажырасудан бұлай атақты болмас едік.

Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде ажырасудың алдын алатын көптеген құнды «ақыл» бар:

👨‍👩‍👦 «Алланың құзырында рұқсат етілгенімен, қатты ұнамсыз іс – ажырасу»,

👨‍👩‍👦 «Сендердің ең жақсыларың – отбасы мүшелеріне жақсы мәміледе болғандарың...»

👨‍👩‍👧 «Жанұяңыз үшін нені сарп қылсаңыз да, оның сыйын аласыз, тіпті ол әйеліңіздің аузына қолыңызбен салған бір тілім ас болса да» .

👨‍👩‍👦 «Ері мен әйелі бір-біріне сүйіспеншілікпен, мейіріммен қараса, Алла Тағала да оларға сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарайды».

👨‍👩‍👧 «Әйелдерге жақсы қараңдар. Өйткені әйел заты қабырғадан жаратылған. Ал қабырғаның ең қисық жері – жоғарғы жағы. Егер оны түзеймін десең, сындырып аласың. Ал тиіспей қойсаң, сол қисық қалпында қалады. Сондықтан әйелдерге жақсы қараңдар».

👨‍👩‍👦 Әйел бес уақыт намазын оқып, ар-намысын қорғап, еріне бағынса, жәннаттың қалаған есігінен кіреді».

👨‍👩‍👧 Мүмін ер өз әйеліне ренжімесін. Себебі, мінезінің нашар тұстарымен қатар, жақсы жақтары да болады».

👨‍👩‍👦 «Әйел әлсіз болып жаратылған. Сондықтан ол әлсіздікті үнсіздікпен жеңіңдер және оның кемшіліктерін елемеуге тырысыңдар».

👨‍👩‍👧 «Ең жақсы мұсылман – көркем мінезді және жұбайына жақсы қарайтыны».

👨‍👩‍👦 «Кімде-кім әйелін ұрса, қияметте ол менің дұшпаным болады. Әйелін ұратын ерлер – Аллаға және Оның елшісіне қарсы шығатындар».

👨‍👩‍👧 «Әйелдеріңе қиянат жасамаңдар! Олар – Алланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар және оларға жақсылық жасаңдар».

👨‍👩‍👦 «Әйеліне жұмсақ болған және күлімсіреп қараған кісіге бір құл азат еткендей сауап жазылады».

Көп хадис ерлер қауымына арналғанын байқап тұрсыз ба?

Бекер емес... Қалай десек те, отбасының тізгіні еркектің қолында! ☝️

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Kyzylorda
120001 - 120018