Халықаралық байланыстар бөлімі

Халықаралық байланыстар бөлімі

Share

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Халықа?

Photos from Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті's post 05/04/2023
05/04/2023

🔸Өзбекстандық ғалым дәріс жүргізуде

🔹Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Өзбекстан ұлттық зерттеу университетінің профессоры Көміл Астанакулов білім алушыларға дәріс өтуде.

🔸Дәріске «6В08773-Аграрлық техника және технологиялар», «6В08171-Агрономия», «7М8172-Өсімдік шаруашылығы», «7М08773-Аграрлық техника және технологиялар» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысуда. Сонымен қатар, ғалым магистранттарға ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кеңес бермек.

🌎Толығырақ: https://korkyt.edu.kz/article/610

15/03/2023

🔹️Қорқыт атындағы Қызылорда университетінде Франция елінен келген профессор-оқытушылар білім алушыларға дәріс өткізуде.

Шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен арнайы жиында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а, Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева тәжірибелі ғалымдардың дәріс өткізуі білім алушылардың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік екенін атап айтты.

Франциялық ғалымдар әр түрлі тақырыпта дәріс жүргізбек. Атап айтсақ, «Ірі компаниялардың даму стратегиясы: мемлекеттермен қарым-қатынас – Экономика – Тұрақты даму – РМК» тақырыбында профессор Жан-Пьер Кордье, «Климаттың өзгеруі және энергияның ауысуы» тақырыбында профессор Ксавье Лимпенс, «Мұнай және газ өнеркәсібінде еңбекті қорғау, тәуекелдерді қалай басқаруға болады?» тақырыбында профессор Франсуа Фурни, «Дағдарысты басқару және дағдарыстық коммуникация» тақырыбында профессор Филипп Гай, «Өнімділік пен ұқыптылық туралы ойлар: орындау мәдениетін дамыту» тақырыбында профессор Ив Яссо білім беретін болады.

Ал «Инженерлер үшін негізгі басқару және бизнесті дамыту дағдылары» тақырыбында профессор Жан-Пьер Лоиза онлаин дәріс өткізуде.

Айта кету керек, білікті мамандардың сабақтары «TotalEnergies EP Kazakhstan» компаниясы қолдауымен жүргізілуде.

TotalEnergies тұрақты даму мектебінің (TESS) негізгі мақсаты –компания сарапшыларының сала бойынша тәжірибесін қазақстандық оқу орындарына тарату.

Шетелдік профессор-оқытушылар дәрісті 13-17 наурыз аралығында өткізеді.

🌍🖇https://korkyt.edu.kz/article/561

15/03/2023

🔹️Университетте Оңтүстік Корея Республикасының Чоллабук-до провинциясының өкілдерімен кездесу өтті.

🔹️Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а, Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева білім ордасында Сеул ұлттық ғылым мен технология университетінің инженерлік мектебі ашылатынын атап өтті.

🔹️Чоллабук-до провинциясының сыртқы ынтымақтастық департаменті, халықаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Сон Хе Вон провинцияда 18 жоғары оқу орны бар екенін айтып, университеттердің ерекшелігімен таныстырды.

Кездесу барысында екі жақты әріптестік байланысты нығайту мақсатындағы ұсыныстар айтылды.

Алдағы уақытта екі мемлекеттің профессор-оқытушылары тәжірибе алмасып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге уағдаласты. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің технопаркін құру, дамыту мәселелері талқыланды.

🌍Толығырақ
https://korkyt.edu.kz/article/555

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


АЙТЕКЕ БИ 29А
Kyzylorda
120014

Opening Hours

Monday 09:30 - 18:45
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30