himia_kuzuk

himia_kuzuk

Share

Химиядан оқушыларды ҰБТ ға дайындаймын

13/08/2021

Химиялық теңдеулер- химиялық формулалар, химиялық таңба, сан, математикалық белгі арқылы өрнектеледі.☝

  Антуан Лавуазье масса сақталу заңына сай осылай өрнектеуді ұсынған.Реакция жазу XIX ғасырдың 1-ші жартысында қалыптасты.👨‍🏫

Зат  массасының сақталу заңы дегеніміз не? -деп отырсызба?🤷‍♀️

Онда аяғына дейін оқыңыз.

      Әрбір химиялық теңдеу екі бөліктен тұрады, теңдеудің сол жағында бастапқы алынған заттардың формулалары, оң жағында реакция нәтижесінде шыққан заттардың формулалары жазылады

Теңдеудің сол жағындағы элемент атомдарының саны, теңдеудің оң жағындағы элемент атомдарының санына тең болуы керек. Яғни мына таразы тәрізді ⚖ зат массасы сақталады.

    Реакция теңдеуін теңестіру қиын емес, бірнеше әдісі бар. Мен сізге тек бір әдісін үйреттім.  Тағы әдістерін өзімнің курсымда үйрететін боламын.

Егер сізге курс жайлы қызық болса👇 + батырмасын басып кетіңіз

12/08/2021

Бұл постты оқып, 45 балдың кемінде 7, 8 балын жинайсыз. 🙀

💙Оттегі сөзінің түбіріне назар аударсақ "от" және "тегі " сөзінен құрылған, демек О2 жануды қолдайтын газ. Ал, орысша "кислород" "қышқыл тудырушы деген мағынаны береді. Оны орекеңдер "лат.oxygenium" аудара салған.

💛Оттегі бейметалдар класына жатады. Бұл түссіз және иіссіз газ. 21% ауада

💚Сұйық оттегі ақшыл көк түске ие, ал қатты оттегі - ашық көк кристалл.

Негізгі реакциялар:
2HgO => 2Hg + O2
2KMnO4 => K2MnO4 + MnO2 + O2
2H2O2 => O2 + 2H2O
2KClO3 => 2KCl + 3O2
2Na2O2 + 2CO2 => 2Na2CO3 + O2 (су асты қайықтары мен ғарыш станцияларында оттегіні осылай алады)

Оттегі металдармен және бейметалдармен әрекеттескенде оксидтер түзіледі:
4Li + O2 => 2Li2O
S + O2 => SO2

Натрий пероксид түзеді:
2Na + O2 = Na2O2,

Калий, рубидий және цезий - супероксид:
K + O2 = KO2

Органикалық заттар жанғанда көмір қышқыл газы және су түзіледі👀
CH4 + 2O2 => CO2 + 2H2O

Фтормен реакция электр разряды кезінде жүреді.
2 F2 + O2 => 2OF2

⛔ Ескерту индекс кіші әріппен,оң жақ шетінде жазылады.

Пост пайдалы болдыма? ❤лүпілдетіп кетіңіз.
ҰБТ да кездесетін сұрақтар жайлы білгің келсе 👇➕ қалдырып кетіңіз.
#химияқазақша #химияқызық

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Жетикуль 32A\ 39
Kyzylorda
120009