«Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК

«Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК, Education, Kostanay.

10/07/2026
Photos from «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК's post 10/06/2026

9-10 маусым күндері Жамбыл облысының Тараз қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Аталған беделді байқауда Қостанай облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпазы – Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Тулегенова Наталия Александровна лайықты қорғады.

Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша Наталия Александровна жоғары кәсібилігін, педагогикалық шеберлігін, шығармашылық көзқарасын және өз ісіне деген адалдығын танытып, медальон иегері атанды.

👏 Наталия Александровнаны шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік жаңа белестерге бастайтын маңызды қадам болып, алдағы уақытта кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандырсын! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және толағай жетістіктер тілейміз!💐

05/06/2026

Жалған қоңырау-салдары мен жауапкершілігі.
Ложный вызов-последствия и ответственность.

29/05/2026

Қостанай жоғары педагогикалық колледжі – достық пен бірліктің мекені
Қазіргі таңда білім ордалары тек кәсіби маман даярлайтын орын ғана емес, сонымен бірге түрлі мәдениеттер тоғысқан, ұлтаралық татулық пен достық берік орныққан үлкен шаңыраққа айналды. Осының жарқын дәлелі ретінде сан жылдық тарихы бар Қостанай жоғары педагогикалық колледжін айтуға болады. Мұнда мемлекетіміздің болашақ педагогтарын даярлау жолында түрлі ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті білім алуда.
Колледждегі мақтанышпен айта алатын достық пен бірліктің нақты көрінісін Т-22 тобының студенттерінің мысалынан анық көруге болады. Бұл топта ұлты басқа болса да, жүрегі қазақ елі деп соғатын, мемлекеттік тілді құрметтеп, оны терең меңгеріп жүрген белсенді студенттер білім алады. Олардың қатарында Хныкова Дарья Валентиновна және Черпанова Шамама Зейналабдыкзы бар.
Дарья мен Шамама өздерінің таңдаған мамандығына деген адалдығымен ғана емес, ұлтаралық татулықты нығайтуға қосып жүрген үлестерімен де ерекшеленеді.
"Біздің колледж – үлкен және тату отбасы. Мұнда ешкімді ұлтына немесе тіліне қарап бөлмейді. Біз бірге оқимыз, бірге ізденеміз және болашақта Қазақстанның білім беру саласын дамытуға бірдей үлес қосқымыз келеді. Біз үшін достық пен өзара құрмет — ең басты құндылық", — дейді Т-22 тобының студенттері.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжі әр студенттің бойында толеранттылық (төзімділік), өзге мәдениеттерге деген құрмет және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруды басты мақсат етеді. Хныкова Дарья мен Черпанова Шамама секілді білімді де тәрбиелі жастар барда, еліміздің бірлігі мен берекесі әрқашан берік болмақ. Т-22 тобының бұл студенттері — бүгінгі күннің достығы мен бірлігінің нағыз үлгісі.

Костанайский высший педагогический колледж – обитель дружбы и единства
В настоящее время учебные заведения стали не просто местом подготовки профессиональных кадров, но и большим шато, где переплетаются различные культуры, прочно укореняются межнациональное согласие и дружба. Ярким доказательством тому служит Костанайский высший педагогический колледж с его многолетней историей. Здесь, на пути подготовки будущих педагогов нашей страны, в мире и согласии, как дети одной семьи, обучаются представители разных национальностей.
Наглядный пример дружбы и единства, которым колледж может гордиться, можно увидеть на примере студентов группы Т-22. В этой группе обучаются активные студенты, которые, будучи представителями других национальностей, всем сердцем преданы Казахстану, уважают и глубоко изучают государственный язык. В их числе — Хныкова Дарья Валентиновна и Черпанова Шамама Зейналабдыкзы.
Дарья и Шамама отличаются не только верностью выбранной профессии, но и своим вкладом в укрепление межнационального согласия.
"Наш колледж – это большая и дружная семья. Здесь никого не делят по национальности или языку. Мы вместе учимся, вместе развиваемся и хотим внести равный вклад в развитие сферы образования Казахстана в будущем. Для нас дружба и взаимное уважение — это главные ценности", — делятся студенты группы Т-22.
Костанайский высший педагогический колледж ставит своей главной целью формирование у каждого студента толерантности, уважения к другим культурам и патриотизма. Пока есть такие образованные и воспитанные молодые люди, как Хныкова Дарья и Черпанова Шамама, единство и благополучие нашей страны всегда будут крепкими. Эти студенты группы Т-22 — настоящий пример дружбы и сплоченности сегодняшнего дня.

Photos from «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК's post 28/05/2026

2026 жылғы 28 мамырда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде колледждің оқу-тәрбие, әдістемелік және инновациялық қызметін үйлестіретін негізгі алқалы органдардың бірі – оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, 2025-2026 оқу жылындағы жұмыстардың қорытындылары шығарылды, сондай-ақ жаңа оқу жылына арналған басым бағыттар айқындалды. Өткен отырыс жұмыс нәтижелерін талдауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және колледждің білім беру үдерісі мен әдістемелік қызметін жетілдірудің алдағы бағыттарын айқындауға арналған маңызды алаң болды.

Want your school to be the top-listed School/college in Kostanay?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Kostanay
110000

Opening Hours

Monday 08:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30
Saturday 09:00 - 18:30