Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж
02/07/2026
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі
бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін білікті, белсендіжәне жауапты мамандарды шақырады.
Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жарияланады:
- шет тілі оқытушысы (ағылшын, қытай тілдері);
- қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы;
- орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы;
- педагогика және психология пәнінің оқытушысы (қазақ тілінде оқыту);
- информатика және ақпараттық жүйелер пәнінің оқытушысы (қазақ және орыс тілдерінде сабақ бере алатын үміткерлерге басымдық беріледі);
- жатақхана тәрбиешісі;
- IT бөлімінің меңгерушісі;
- педагог-психолог.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- тиісті жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; -
кәсіби құзыреттерінің болуы және үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылысы;
- жауапкершілік, қарым-қатынас жасау қабілеті және ұжымда жұмыс істей білу;
- жұмыс тәжірибесі құпталады.
Конкурсқа қатысу үшін түйіндемелеріңізді колледждің электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Байланыс ақпараты:
📍Мекенжайы: Көкшетау қ., Темірбек көшесі, 30
☎ Телефоны: 87162 72 11 10
✉ Түйіндемелерді қабылдауға арналған электрондық пошта: [email protected]
JAS TYLEK 2026
27/06/2026
В добрый путь, выпускники: в Многопрофильном колледже при КУ имени Ш.Уалиханова прозвучал «последний аккорд» студенческой жизни!
Стены университета наполнились атмосферой радости и светлой грусти – состоялась торжественная церемония вручения дипломов. Этот день стал долгожданным рубежом, за которым для молодых специалистов открываются двери в большую профессиональную жизнь. Настоящими героями дня стали обладатели «красных» дипломов. Из рук проректоров университета А.К.Капышева и Ж.О.Сагандыковой отличники получили свои заслуженные награды, услышав искренние слова напутствия и веры в их будущие успехи.
Праздник стал моментом признания не только академических, но и творческих талантов. Медали за активную общественную жизнь и спортивные победы украсили грудь лучших из лучших. Приятным моментом стало участие и социальных партнеров: представители Евразийского банка вручили ценные подарки, подчеркнув, что бизнес всегда заинтересован в инициативных и амбициозных кадрах.
Теплые пожелания прозвучали от почетного гостя – руководителя Центра развития ТиППО Акмолинской области Н.Е.Ибраева. Он призвал выпускников никогда не останавливаться в развитии и смело идти к своим целям. Финальным аккордом церемонии стало вдохновляющее обращение директора колледжа Р.Б.Уаисова, который напомнил ребятам о важности чести и достоинства на выбранном пути.
Поздравляем вас, наши выпускники! Пусть ваши дипломы станут не просто документами об образовании, а надежным фундаментом для яркой профессиональной карьеры и блестящих побед. Желаем вам всегда стремиться к развитию и с честью нести высокое звание выпускника родного колледжа!
27/06/2026
2026 жылдың 23 маусымында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға бағытталған «SMART QAZ» IT-жобалар байқауы өтті. Сынға толы бұл сайыстың басты мақсаты — ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен заманауи технологиялардың тілі ретінде дамыту және IT саласындағы дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Ауқымды шараға облыс деңгейінде ең үздік деп танылған 12 инновациялық жоба ұсынылды. Осынау тартысты додада біздің колледждің намысын қорғаған қос команда жоғары дайындық пен кәсіби деңгей көрсетті. Студенттеріміздің бағыт-бағдар алып, үздік нәтиже көрсетуіне аянбай еңбек сіңірген жетекшілер — информатика пәнінің оқытушысы Г.Т. Агибаева мен қазақ тілі пәнінің оқытушысы К.Ж. Искендерова екенін ерекше атап өткен жөн.
Байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің шәкірттері келесідей жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
ІІІ орын жүлдегерлері: Жексембай Дәлел мен Бутерус Валерия қазақ тілін қызықты әрі тиімді үйренуге арналған «Zerek» мобильді ойыны жобасын сәтті қорғап шықты.
Сертификат иегерлері: Ерхан Еркін мен Лыткин Никита өздерінің техникалық шеберліктері мен тілдік білімдерін ұштастырған «QazLingv» сайтын таныстырып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Колледж ұжымы жеңімпаздар мен қатысушыларды осынау айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды! Жас бағдарламашыларымыздың бұл қадамы — заманауи технологиялар арқылы ана тілімізді ұлықтаудың жарқын үлгісі.
Студенттеріміз бен олардың ұстаздарына сарқылмас шабыт, шығармашылық табыстар мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз! Туындыларыңыз сұранысқа ие болып, цифрлық Қазақстанның дамуына қосар үлестеріңіз еселене берсін!
25/06/2026
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!
Ақмола облысында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кезеңде облыс намысын қорғау құқығына ие болған үздік қатысушылардың қатарында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенті Рыстина Жанел Бердібекқызын жеңімпаз атануымен құттықтаймыз!
Бұл байқау — оқуда озық, кәсіби шеберлігі жоғары, қоғамдық жұмыста белсенді әрі нағыз көшбасшы жастарды анықтайтын дода. Республикалық шешуші кезеңде де Жанелге жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!
Жетекшісі: Искендерова Көгершін Жолдыбайқызы.
24/06/2026
2026 жылдың 17–19 маусымы аралығында «WorldSkills Aqmola – 2026» «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледж базасында ұйымдастырылған ауқымды додаға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің 4-курс студенті, болашақ информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Әділхан қатысып, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті.
Жасұлан Алтынтурина Дарига Даулетбековнаның жетекшілігімен «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша үш күн бойы бес модульдік тапсырманы сәтті орындады.
🔹 1-күні Adobe Photoshop бағдарламасында берілген тапсырма бойынша концепт-арт әзірлеп, 2D модель жасады;
🔹 2-күні дайындалған концепт негізінде Autodesk Maya бағдарламасында 3D модель құрастырып, UV-развертка жасап, Substance 3D Painter бағдарламасында текстуралау жұмыстарын орындады;
🔹 3-күні модельге риг жасау, анимациялау және ойын қозғалтқышында (game engine) жұмыс жүргізу арқылы тапсырманы толық әрі сапалы аяқтады.
Нәтижесінде Жасұлан Әділхан облыстық чемпионатта үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈
Студентімізді және оның жетекшісі Дарига Даулетбековнаны осы зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге шығармашылық шабыт, кәсіби биіктерді бағындыру жолында толағай табыстар, жаңа жобалар мен жарқын жеңістер тілейміз. Алдағы уақытта да білім мен еңбекке деген құштарлықтарыңыздың арқасында үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!
Колледжіміздің мерейін асырып, абыройын арттыра беріңіздер!
#КөпсалалыКолледж #ЖасұланӘділхан Көкшетау Жеңіс СтудентЖетістігі
🎬 Участие в конкурсе социальных видеороликов «Молодёжь против наркотиков»
Студенты Многопрофильного колледжа при Кокшетауском университете имени Ш. Уалиханова приняли участие в конкурсе социальных видеороликов «Молодёжь против наркотиков», организованном Управлением внутренней политики Акмолинской области.
В рамках конкурса был подготовлен видеоролик, направленный на популяризацию здорового образа жизни, профилактику наркомании и формирование ответственного отношения молодёжи к своему будущему.
Наша цель — привлечь внимание к важности осознанного выбора, сохранения здоровья и активной гражданской позиции.
✨ Выбираем здоровый образ жизни!
✨ Строим успешное будущее вместе!
✨ Скажем наркотикам - НЕТ!
🎬 «Жастар есірткіге қарсы» әлеуметтік бейнероликтер байқауына қатысу
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы Көпсалалы колледж студенттері Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Жастар есірткіге қарсы» әлеуметтік бейнероликтер байқауына қатысып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткінің зияны туралы қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған бейнеролик ұсынды.
Біздің басты мақсатымыз – жастарды жауапты таңдау жасауға, өз денсаулығын бағалауға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға шақыру.
✨ Салауатты өмір салтын таңдайық!
✨ Болашағымызды бірге қорғайық!
✨ Есірткіге – ЖОҚ!
📢 Құрметті талапкерлер!
Шоқан колледжінің 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Колледж мамандықтары, қабылдау талаптары және құжат тапсыру тәртібі бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына келіп, кеңес ала аласыздар.
🕘 Жұмыс уақыты: 09:00–18:00
Барлық сұрақтарыңыз бойынша қабылдау комиссиясының мамандары сіздерге қажетті ақпарат беруге дайын.
Болашағыңызды бүгіннен бастаңыз! Сіздерді Шоқан колледжінде күтеміз!
📍 Мекенжайы: Темирбекова 30
📢 Уважаемые абитуриенты!
Приёмная комиссия Колледжа имени Шокана начала свою работу по набору студентов на 2026–2027 учебный год.
Приглашаем вас получить консультацию по вопросам поступления, выбора специальности, перечня необходимых документов и условий обучения.
🕘 График работы приёмной комиссии: с 09:00 до 18:00.
Наши специалисты готовы ответить на все ваши вопросы и помочь с выбором будущей профессии.
Ждём вас в Колледже имени Шокана!
📍 Адрес: Темирбекова 30
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Темирбекова 30
Kokshetau
020000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 19:00 |
| Tuesday | 09:00 - 17:00 |
| Wednesday | 09:00 - 19:00 |
| Thursday | 09:00 - 19:00 |
| Friday | 09:00 - 17:00 |