Zhmereikhan

Zhmereikhan

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Zhmereikhan, Education, Kazakhstan.

Photos from Zhmereikhan's post 11/05/2026
Photos from Zhmereikhan's post 07/05/2026

Сақтап ал және ертеңнен бастап челленджді баста ✅

04/05/2026

Мерейхан Сансызбайұлы сізді
«Ішкі энергияны басқару арқылы қаржылай өсу»
атты мастер-классқа шақырады ! 🔥

Бұл кездесуде сіз:
— Ішкі энергияның ақша ағынына қалай әсер ететінін
— Қаржылық блоктарды қалай анықтап, жоюды
— Энергияңызды дұрыс бағыттап, табысты арттыру жолдарын
— Ақша жинау мен қарыздан шығудың тиімді тәсілдерін нақты әрі түсінікті түрде үйренесіз.

📅 Өтетін күні: 17 мамыр
⏰ Уақыты: 18:00
📍 Орын: Кемел мектебі коворкингі
Қатысу — ТЕГІН 🎁

29/04/2026
22/04/2026

Наурыз мерекесі құтты болсын! 🤍
Көктемнің шуағындай жылулық әр жүрекке жетіп, әр шаңыраққа береке мен қуаныш әкелсін. Татулық пен сыйластық нығайып, ел іргесі әрдайым берік болсын 🇰🇿

Жаңа жыл жақсылыққа толы болып, барлық игі тілектер орындалсын 🤍

21/04/2026

Қаржылық сауаттылық 26/30
Инфляция кезінде ақшаны сақтау жолдары

20/04/2026

Кеше командам келіп, түнгі 12-де күтпеген жерден құттықтап, көңілімді ерекше бір жылулыққа бөлеп кетті.😊 Рақмет, жанымдағы адамдарым. 🎂✨

20/04/2026

Бүгін мен үшін ерекше күн. Дүние есігін ашқан күнім

Ұзақ уақыт өзімді іздеумен жүріп, бүгінде кемелденер шағымда бір ақиқатты анық түсініппін: адам өмірінің мәні сыртқы жетістікте емес, ішкі әлемінің тұрақтылығында. Тұлғалық даму мен ішкі үйлесім уақыт өте келе ең басты құндылыққа айналғанын ұқтым.

Адамның шынайы байлығы атақ та емес, ақша да емес… ол артында қалатын ізі. Қанша адамға жақсылық жасадың, қаншасының жүрегіне сенім мен үміт сыйладың - міне, нағыз өлшем осы.

Мен мінсіз емеспін. Бірақ әр күнімді саналырақ өткізуге тырысам. Себебі уақыт ең әділ ұстаз. Ол асықпайды, кешіктірмейді, бірақ бәрін өз орнына қояды. Адамның шынайы бейнесін де, ниетін де уақыт ашады.

Бүгін мен өзіме бір ғана уәде беремін:
қай жерде жүрсем де, кіммен жолықсам да адам болып қалу. Себебі биіктікке жету емес, сол биікте адам болып тұра білу - нағыз сын.

Егер менің жолым бір адамға болса да бағыт берсе, бір адамға болса да үміт сыйласа демек, бұл жолдың мәні бар. Ал қалғаны… уақыттың еншісінде.

Осы жолды менімен бірге жүріп өткен, бір сәт болса да жанымнан табылып, үнсіз де болса тілекші болып, жүрек жылуын сыйлаған әрбір жанға шексіз алғысым мен терең ризашылығымды білдіремін !

Қош келдің, жаңа жасым

Want your school to be the top-listed School/college in Kazakhstan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Kazakhstan