SDU EXTENSION CENTER ҰЙЫМДАСТЫРҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР
2025 жылдың 03.12 және 06.12 күндерінде Extension Center «Білім беру мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі мамандарға» арнап «Оқушыларды қолдау: инклюзия және психологиялық қауіпсіздік» атты семинар-тренингтер өткізді.
3 желтоқсанда психолог, психотерапевт, клиникалық психолог Ақерке Дәулет жасөспірімдермен жұмыс, буллинг тақырыбы және оның алдын алу жолдары бойынша пайдалы тәжірибесімен бөлісті.
6 желтоқсанда әлеуметтік және инклюзивті білім беру зерттеу орталығының жетекшісі Мадина Сүлеймен инклюзия бағытындағы өзекті мәселелер жайында практикалық тренинг жүргізді.
Өткізілген семинар-тренингтер қатысушыларға қазіргі мектеп ортасындағы ең маңызды бағыттардың бірі – оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен инклюзивті орта қалыптастыру жөнінде терең әрі практикалық білім алуға мүмкіндік берді.
SDU Extension Center алдағы уақытта да мектеп мамандарына арналған осындай мазмұнды, пайдалы әрі қоғам өзгерістеріне жауап беретін бағдарламаларды ұсынуды жалғастырады.
SDU Extension School
- Біліктілікті арттыру курстары
- Мұғалімдерді қайта даярлау курсы
- Ағылшын тілі курстары
- Жазғы / Пәндік олимпиадалық лагерь
03.12.2025 «Оқушыларды қолдау: инклюзия және психологиялық қауіпсіздік» тақырыбында арнайы мектеп мұғалімдеріне арналған кәсіби семинар өткізілді.
Семинар спикері — Дәулет Акерке Сатыбалдықызы, тәжірибелі практик психолог, психотерапевт, клиникалық психолог.
Қатысушылар:
– Жеткіншектермен тиімді жұмыс жүргізудің психологиялық қырларын талдады;
– Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға арналған практикалық әдістерді меңгерді;
– Мектептегі күнделікті тәжірибеде қолдануға болатын құралдар алды.
Акерке Сатыбалдықызының тәжірибесі мұғалімдерге нақты бағыт-бағдар беріп, олар үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу болды.
Осындай кәсіби семинарлар мұғалімдердің жұмысын қолдауға әрі дамытуға бағытталады.
Қайырлы күн, әріптестер!
SDU Extension гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналған республикалық курстың жаңа легіне тіркеуді бастады.
Бұл бағдарлама тарих, қазақ тілі, әдебиет және география пәндерінің мұғалімдеріне арналған.
Курс барысында сіз:
– жобалық оқытуды меңгересіз;
– пәнаралық сабақ үлгілерін жасайсыз;
– цифрлық құралдарды тиімді қолдануды үйренесіз;
– оқушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамытудың әдістерін аласыз;
– жоба және бағалау критерийлерін дұрыс құрастыруды үйренесіз.
Тіркелу 14 желтоқсанға дейін.
Кәсіби дамуыңызды күшейтетін мықты бағдарлама.
Тіркеліп үлгеріңіз!
👩🏻🏫Педагогикалық қайта даярлау – басқа мамандықтан келіп, педагогикалық бағытты игергісі келетіндерге арналған бағдарлама.
📅 Қабылдау 20 желтоқсанға дейін✅
Толық ақпарат алу үшін:
☎️+7 707-302-30-31
———
Өзгерістен қорықпа.
Мүмкін, дәл қазір — сенің уақытың келген шығар!😍🔥
———
👩🏻🏫 Pedagogical Retraining — a program designed for those with a different professional background who want to gain qualifications in teaching.
📅 Admission is open until December 20 ✅
For more information:
☎️ +7 707-302-30-31
———
Don’t be afraid of change.
Maybe this is your time — right now! 😍🔥
✨ Біліктілікті арттыру — өзіңізге ең тиімді инвестиция!
Қандай мамандықта болмасын, нағыз кәсіби деңгей тұрақты ізденіс пен үздіксіз дамудан басталады. Әлем күн сайын өзгеріп жатыр, демек, біз де білімімізді жаңартып, жаңа дағдыларды меңгеріп отыруымыз қажет.
Біліктілікті арттыру бойынша толық ақпарат алу үшін⬇️
☎️ +7 776 702 3134
———
✨ Professional Development — the Best Investment in Yourself!
No matter the profession, true expertise begins with continuous learning and constant self-improvement. The world is changing every day, which means we must also update our knowledge and develop new skills.
To get full information about professional development programs, contact us👇
☎️ +7 776 702 3134
АЛ СІЗДІҢ ТАҢДАУЫҢЫЗ ҚАНДАЙ? 🤔
Мұғалім болу — жәй ғана кәсіби жолды таңдау емес. Бұл — қай уақытта да өзгенің бойынан жақсылық іздеп, соны оятуға тырысатын жанның миссиясы. Егер де сіздің арманыңыз осы саламен байланысу болатын болса, SDU EXTENSION CENTER ұсынатын мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз!
Өзіңіз басқа саладан болсаңыз да, өз дипломыңызбен 6 айдың ішінде мұғалім болып шығуға болады!
Толығырақ төмендегі номер бойынша біле аласыз 👇🏼
☎️: + 7 707 302 30 31
19 қараша 2025ж Білім беру және Гуманитарлық ғылымдар мектебі және SDU Extension Center ұйымдастыруымен мектеп директорларына арналған ресми кездесу өтті. Кездесу барысында 30 шақты мектеп басшылары қатысып, тығыз байланыс орнатуға мүмкіндіктер ашылды. Сонымен қатар практика координаторларымен де жүздесіп, EDU CAREER бағдарламасымен танысты.
ТЕК 6 АЙДА МҰҒАЛІМ БОЛУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?
Егер сіз:
◾ Жоғары біліміңіз бар, бірақ
◾ Педагогикалық дипломыңыз жоқ болса,
◾ Мектепте сабақ беруді армандасаңыз және
◾ Басқа салаға ауысқыңыз келсе —
Дәл қазір — ең сәтті мүмкіндік!
Бағдарлама аяқталған соң сіз:
✔ Мемлекеттік сертификат аласыз
✔ Ресми түрде мектепке жұмысқа тұра аласыз
✔ Жаңа кәсіби мамандық иесі атанасыз
📌 Тіркелу 20 желтоқсанға дейін ғана!
☎️ + 7 707 302 30 31
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
20 желтоқсанға дейін тіркелу жүріп жатыр!🔥
Видеода сіздің мамандыққа қарай қай бағытты таңдауға болатынын көрсеттік.
Толық ақпаратты төмендегі номермен байланысу арқылы біле аласыз⬇️
☎️: +7 707 302 30 31
Юмора вам в ленту!😂
Офиста көңіл-күйді көтеріп жүретін коллегаңызды белгілеңіз⬇️🫂
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Address
Kaskelen
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |