Ақерке Әбілхан

Ақерке Әбілхан

Share

Видеомейкер

25/02/2023

Өзіме таң қаламын. 3 баламды уайымсыз үйге қалдырып, спокойно санаторийда демалып жатырмын. (Спокойно деген сөзге акцент қойып оқыңыз) Баяғы Ақеркенің күйімен салыстырғанда қазіргі Ақеренің мұнысы — ерлік, мақтауға тұрарлық жетістік!!!

Дарын әзірге кішкентай, мынанша күнде келемін дегенді онша түсіне бермейді. Екі үлкен ұлға әкелері мектептен келе жатып түсіндіріп қойыпты. Әрине, мама сенсіз үй біртүрлі десе де, 5 күнге дейін үйде болмайтыныма көндігіп тұр. Түсініп тұр.

Өзіме рұқсат ете алғаныма қуандым. Мен абъюзер әкенің, жертва ананың образын көріп өскен, тыныштығы мен бақытынан гөрі, ақ-қара картиналы ұрыс-керісі көп отбасының түлегі болдым.

Өсе келе осы схемамен жүрмеуге, бөлек формуламен отбасы құруға ұмтылдым. Қазір соның жемісін көруге лайықпын. Мен үй тірлігін үнемі өзім жасамауға, үнемі өзім тамақ пісірмеуге, жалғыз қыдыруға және демалуға хақым бар.

Ана — отбасының маңызды бір бөлігі. Ол шаршаса, сол маңыздылыққа күш түседі, сол маңыздылықтың мәні кетеді. Сол маңыздылыққа қауіп төнеді.

Менің аудиториямда проблемасы көп жандар барын білемін.Тіпті курс алып жатса да сол проблемасын жазып алады. Мүлде қатысы жоқ,маған,айтады.

Бірақ мен де мұңсыз,уайымсыз еместігімді біліңіздер. Мен анамның жағдайынан кейін шеше алмайтын проблемалардың бәрін жылы жауып,шамам келгенше бақытты болудың жайын жасап жүрген адаммын. Мен шешпегенді Алла шешеді деп бәрін соған тапсырған адаммын.

Мен анамның жағдайынан кейін өзімді ең бірінші орынға қоятын адаммын. Менің ішкі күйім,жанымның тыныштығы мен жайлылығым маңызды рөл ойнауы керек.

Мен анамның жағдайынан кейін шекарамды бұздырмайтын адаммын. Менің таңдауым,менің шешімім мен режиміме ешкім тиіспеуі керек.Мен анамның жағдайынан кейін ешкімді төбеме шығармайтын адаммын.

Әрине, бәрі біздің союздың ортақ шешімімен, ауызбіршілігіміз бен түсініспеушілігімізбен жүзеге асуда. Әлем және әлемнің бар нығметі ерге де, әйелге де ортақ. Екеуі де белгілі бір деңгейде еңбек етіп, белгілі бір деңгейде демалуы керек. Кейде екеуі, кейде балалармен, кейде жалғыз.

Бұл демалыс менің басқа демалыстарымның беташары сияқты. Көөөөп нәрсені ұққан демалыс болды. Өзімнің демалу үшін, жақсы демалу үшін жұмыс істеу керек екендігімді түсіндім.

11/02/2023

Тайландқа кетерде жағдайым мәз емес еді. Ауылда болдық бала-шағамен шуылдап, жыл ауысқанда анаға деген сағыныш артып, бір мұң іш жағымнан сығалап тұрды.

Анамның 22 жылда қалып, 23 жылға бізбен өтпегенін шынайы сезініп, көңілім құлазыды. Салют атылды, бәрі бірін-бірі құттықтап жатты. Ал менде ондай сезім жоқ.

Содан соң боран басталды. Жолда біраз тұрып қалдық. Құдайдың құдіретімен жолымыз ашылды.Өтіп кеттік. Бірақ шетелге ұшатын сезім аэропортқа жақындағанда ғана пайда болды. әлі сол мұң, сол ой…

Тайландқа қалай табан тіредік, солай менің миым осы қайғысыны ұмытып, жаңа дүниені тануға кірісіп кетті.Ми занят, короче.Екінші күні ғана анамның өмірден өткені есіме түсті.Әйтпесе әр сағатта есімде тұратын.Онда да жай теңізге қарап жалғыз қалғанда.Яғни қол босағанда.

Яғни миым жаңа жерді танумен, жан бағумен,демалумен,таң қалумен бос болмады.

Бір шетінен біртүрлі — ананы ойламауға тырысу деген.Бірақ үнемі мұңда жүру де сені жейді.

Содан кейін бірден курс жұмыстарына кірісіп кеттім.Тағы да ол мұңға оралуға мидың шамасы келмеді.Күнде түсірілім, күнде монтаж, сосын прогрев, сосын продажа.Қасыңда командаң жүреді, артық ойға кетуге уақытың жоқ.Түнде келесің де, құлайсың.

Қалай барлық шаруаң бітеді, сен демалам деп ойлайсың ғой.Жоқ.Ми үйреніп қалған сол мұңға оралады.

Осыдан түйгенім —артық ойға кетпеу үшін миға жұмыс тауып беру керек.

“Бақытсыз болу оңай,ол үшін сенің мен бақыттымын ба/жоқ па деп өзіңді жейтіндей бос уақытың болса болғаны”деген сөзін оқыдым кітаптан Бернард Шоудың.

Мама да өзінің диагнозымен алысып жүріп құрақ тікті, гүл өсірді, бақша екті, есік алдын тазалады,намазға жығылды. Әйтеуір бос жүрген жоқ.Сонымен де уақытын ұзарта алды деп ойлаймын.

Алуа да қазір баспен сабаққа кіріп кетеді. Анасыз алғашқы айларда күні-түні сабақ оқумен айналысты.Видео үйрен деп айфон әпердім.Яғни мида шұғылданатын іс болса, ойға бату азырақ болады екен.

Қазір ойлаймын, мен қолым бос болған сайын қорқыныштымын деп.Қолым босаған сайын аяныштымын.Ол үнемі жұмысқа баспен кір дегенді білдірмейді, және демалма дегенді де білдірмейді. Кітап оқы,жаңа нәрсе үйрен,бір зат пісір, шығармашылықпен айналыс, спортпен шұғылдан. Тек телефон шұқылап, әлемді қарап жатқаннан пайда не?

Photos from Ақерке Әбілхан's post 08/02/2023

Әркімде әр түрлі комплекс бар шығар. Менікі көзімде қабағым жоқтығы және тағы бірнешеуі бар еді. Уақыт өте өзіммен айналыса бастаған соң көзден басқасының бәрін қабылдай бастадым. Тек көзімнің формасы үшін ұялатынмын. Сондықтан кірпіксіз жүре алмадым.

Қабылдайтын шығармын деп біраз күттім. Бірақ соған энергиям кете беретінін және сол үшін өзімді көрікті сезінбейтінімді ұқтым.

Уақыт өте тері төмен түсе береді, онсыз да кішкентай көзім ауыр қабақты көтере алмай, бәрібір бұл артық терімен қоштасуым керек болатынын білген соң бірден нитевой блефорапластика жасатуға бел будым.

almaty рақмет ❤️

Көп жақсы отзывтар мені осы мастерге баруыма себепші болды. Жасатқан жандардың бәрі тек жағымды пікірде екен.

Кірпікті шешіп келуімді өтінді. Қанша жалындым мен кірпіксіз жүре алмайтын едім деп. Гигиеналық талаптарды қатаң сақтайды екен. Көздің айналасын тап-таза етіп жасайтынын айтып кірпікпен жасауға көнбей қойды.

Келістім. Процедура күні сол моментке дейін қорыққан жоқпын. 1 сағат қалғанда қобалжыдым. Бірақ қорқу мен қобалжу да көздің жылдам жазылуына әсерін береді екен. Сол үшін еркін жату керек.

Сол көзімде тері көптеу болған соң әлі толық жазылмады. Негізі оған 1-2 ай керек екен әлі. Бірақ результат сразу. Бүгін жасаттың ба, ертең смела жүре бересің. 2-3 күн аздап қышып, орны сәл ауырсынады. Бірақ кетанов ішпедім мүлде, себебі қажет етпедім.

Жалпы жасатам десеңіз, барлық талаптарын орындап, айтқанын тыңдасаңыз болды. Бәрі оңай. Әп-сәтте әдемі боп шыға келесің.

Біреулер жазыпты “ойбай мынанша баланың анасымын, жасатайын деп отырмын, точно айтшы, жақсы жасай ма?” деп. Ұсынып отырмын ұнаған соң. Өздеріңіз де результатқа куә болып жүрсіздер ғой. Бірақ ия немесе жоқ деген жауапкершілік арқалайтын жауапты менің аузымнан күтпеу керек. Оны сіздер таразылап шешесіздер. Мен бөлісуге тұрарлық мастер болған соң сіздерге ашық айтып отырмын. Ал қадамға шешім — әркімнің өзінен.

24/01/2023

Парақшама жаңадан келдің делік. Әлі мені танымайсың. Бұл блог не туралы екенін білмейсің. Тәәәк, деп ақтарып шықшы. Қайта оралып, жаңадан келген подписчик ретінде пікіріңді жазшы. Не ұнады, не біртүрлі??? Тіркелер ма едің??

20/01/2023

Есімімді Ақерке деп туыс әпкем қойыпты. Әкем анама перзентханаға келіп, “Саламат, қызымның атын Ақерке деп қойдық!”,- деп сүйінші сұрапты. Сөйтсе, анам: “Марат, неге Ақерке? Сен де қарасың, мен де әппақ емеспін. Ертең қызымыз да қара қыз болып қалса, достары Қара ерке деп мазақтаса, неге Ақерке деп қойдыңдар деп жылап жүрмей ма?”,- депті 😁. Оны әкем тыңдасын ба. Сонымен туу туралы куәлігіме Ақерке деп жазылып, азан шақырып қойыпты.

Ауылда қара қыз едім шынымен. Қыс болса екен дейтін, қыста ағаратынмын. Анам да қыста көңілі тыныш еді: себебі Қара ерке болмаймын 😂.Өсе келе ағардым. Ағарған соң ғана анам осы есімімді қою туралы тарихты айтып берген.

… жәәәй, айтып жатырмын… мүмкін бұрын айтып та қойған шығармын. Қазір анам туралы әр естелік ыстық.

Жақындарымыздың бәрінің үйінде — анам тіккен құрақ көрпешк. Маған да 2 жыл бұрын баспаналы болғанда тігіп әкелді. Кезінде жай ғана құрақ көрпеше еді. Ал қазір — “марқұм анам тіккен құрақ көрпеше”, “Анамның көзі”. Бұрын тіпті жасауымда әкелген көрпе-төсегімді менсінбеуші едім. “Неге сонша мақта көп салғансыңдар, ауыр ғой” деп. Тағы жаңа үйге көшсем тастаймын деп өзіне айттым. Қазір балдарымның кіші дәреті сіңген ол ескі көрпелер де ыстық. Себебі — жасауымды дайындап, әжем қосылып тікті. Сатып ала салмады.

Бәрі ыстық. Анамның әзілдерін еске аламыз қазір. Осылай айтушы еді деп кей әңгімелерін еске алып әбден күлеміз. Ол езу тартудың арғы жағында ҰЛЫ САҒЫНЫШ БАР…

Photos from Ақерке Әбілхан's post 12/01/2023

Алуа сіңілімнің тосын сыйы ❤️

Photos from Ақерке Әбілхан's post 11/01/2023

Бұл — біздің бал айы ❤️

Биыл 10 жылдығымызға керемет сый болды. Жоқ, бұл репетиция. Нағыз неке қиған күні басқа бір шетелде тойлауды бұйырып тұрған болар Аллам 🤲🏻

Жалпы, дайындық жаман емес. 10 жылдан соң ғана жеке демалысқа шығып тұрмыз. Біз үйленгелі үнемі қасымызда адам жүретін. Балалы болғанша 2 отбасымен бірге тұрдық. Үнемі жанында достарын ертіп жүретін. Былай көп оңаша болмаппыз )))) Ащы болса да, факт осы 🤣🤣

Танысып, ру сұрасып, жағдай білісіп жатырмыз. Өзіміздің оңтүстіктің жігіті екен. Өте жақсы жігіт сияқты. Әлі 7 сағат ұшамыз, көреміз 😂

07/01/2023

Тайланд жайлы неге бәрін ашық жазып жатырмын? Неге тек әдемі жерлерді көрсетіп, тек сүйкімді контентпен ғана бөлісіп, тып-тыныш жағажайда күнге қыздырынып жатпаймын?. Осының бәрі кімге керек? Неге бәрін мақтап, жай ғана демалып кетпеймін??

Өйткені өтірік айта алмаймын. Әркім әртүрлі көзқараста. Айдар да енді келмеймін, сендер де келмеңдер деп жар салып жатыр таныстарына. Ал мен келіңдер, бірақ мына жайттарды ескеріп хабардар болып келіңдер деп жатырмын. Мен Айдарға олай айтпа деп аузына қақпақ болмаймын. Ол ересек адам, пікірі солай. Менікі сәл басқаша. Бірақ біз бұл жаққа келуіміздің себебін таптық. Қазір өмірдің сапасы жайлы сөйлесе бастадық. Демек келуіміз керек болған.

Маған пост жазуға көөөөп тақырыптар келуде. Дәл демаламын деп шешкенде. Тоқтаусыз “жаз, жаз, айт, айт” деп толқын келуде. Демек менің ақпаратым мен арқылы екінші, үшінші адамға жетуі керек болып тұрғаны.

Өзім Тайландқа билет алған соң, кім осы елге саяхат жасады/ жасаған: бәрінің парақшасын ақтардым. Стористерін күттім. Біраз сұрағыма жауап алдым. Бірақ әлі де қазақша аудиторияға терең обзор қажет екенін түсіндім.

Себебі дәл осы елді таңдаушылар легі көп. Бұрын шетелге тек байлар ғана барады деп ойлаушы едік қой. Қазір ақшаның басын құрап, арманына қанат бітіргісі келетіндер де ниет ететін болды. Бұл өте жақсы. Міне, сондай ниетті жандарға менталитетімізге сай түсіндірмелер, кішігірім нұсқаулықтар қажет. Келсін, бірақ қайда келе жатқанын, не күтетінін білуі керек.

Ислам дінін ұстанатын мемлекеттен діні бөлек жерге келу бәрібір бөлек. Соның айырмашылықтарын ашық айтып жатырмын.

Бұл - блог. Көпшілік отыр. Жеке парақша емес, күйеумен қолтықтасып түскен естелік фотоларды ғана салып отыратын.

“Жай ғана бәрі керемет деп айта салмайсың ба, тегін келген жоқсың. Ақша төледің” деп жатыр бір оқырманым. Дұрыс та шығар. Бірақ менің шынайылығым ше? Онсыз да әлдекімнің ниетінің бұзылуына әсерім тиіп кетпесін деп әлдебір анайы көше туралы, ең бастысы, содан түйген түйінім жайлы айта алмай отырмын.

Ескеретін жайтты ескеріп, әдемі демалып кетуге болады. Тайланд — сол Тайланд. Біз келсек те, келмесек те осы қалпында қалады. Тек біз Тайландтан алатынды алып, алмайтынан жақсы бір ой түйіп кетуіміз керек.

07/01/2023

11. Тағамдарға таңдау көп. Бірақ өздеріне тән біз үйренбеген дәм мен иіс бар. Әлемнің бірнеше асханалары кездеседі. Бәрібір олардан да Тай тағамдарының қоспасы сезіледі.

12. Теңіз суы тұзщы. Жылы. Кей жағалауда үшкір майда тастар кездеседі. Арнайы аяқ киім керек.

13. Тағам пісіру жағынан Тайланд — антисанитария мемлекет. Әсіресе жағалаудағы және көшедегі дәстүрлі асханалардың ішкі ас үйінде тазалық талаптары сақталмайды. Сонда да ондай орындардың тұтынушысы өте көп. Жақсы мейрамханалар да жоқ емес. Жалпы жиіркенбей жей беретін сияқты халқы.

14. Ішімдіктердің түр-түрі сатылады. Жеміс сусындарына да ескертпей алкоголь қосады. Көшеде ішімдік дүкендері массаж қызметі және есірткі дүкендерімен қатар тұрады.

15. Жыныс ауыстыру заңдастырылған. Кейбірі шашын өсіріп, сырға тағып, ернін бояп, даяшы болып қызмет етіп жүр. Кейбірі көшеде қызмет көрсетеді, шоу жасайды, сатылады. Олардың көбі бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Тартымды болуғы тырысады. Жылтырап көріну үшін жанын салады. Қонақтарға арнайы шоу көрсетеді.

16. Піл, дельфин, маймыл, қолтырауын, жылан шоу бизнесі жақсы дамыған. Билеттері шамамен 10-15 мыңдай шықты бір адамға.

17. Қызметкерлер өте ширақ қимылдайды, көп күттірмейді. Қонақ үй номерін жылдам, тиянақты жинап кетеді. Барынша түсінуге, түсіндіруге тырысады.

18. Түркиядағы қызмет көрсеткені үшін тағы қосымша тиын сұрамайды. Судаласуға болады.
19. Балалармен қыдырып келуге болады, бірақ ересектер өздері оңаша келген одан жақсы. Себебі әлі балаңызға жыныстық тақырыпты толық түсіндірмеген болсаңыз, көшедегі кейбір әрекеттерден кішігірім шок алуы мүмкін. Үнемі назарын басқа жаққа аударып жүруге немесе ашық сұрақтарына сауатты жауап табуыңызға тура келеді.
20. Табиғаты өте әдемі. Теңіз суы тап-таза, мөп-мөлдір. Артық иісі жоқ. Ағаштың түр-түрі кездеседі. Гүлдері ғажайып ертегілер әлемін еске түсіреді. Ғимараттары пинтерестегідей. Контент үшін таптырмас мекен.
21. Ешкімде ешкімнің жұмысы жоқ. Сен маған тиіспе, мен саған тиіспеймін деген ұстаным. Өздері асықпай, ритмдерімен өмір сүреді.
22. Көліктердің рульдері оң жақта. Бағыттары біздікімен салыстырғанда - кері қарай. Мотокөліктер өте көп. Әйелдер де бір-біреуін тізгіндеп алған.

23/12/2022

2022 жылды қалай қорытындылаймын???

Әдетте көбі “көлік алдым”, “үй алдым”, “диплом алдым”, “100 млн таптым” деп кетер жылға қорытынды жасайды. Мен де материалдық қоржыныма үңілсем, солай жазар едім. Бұл жылы тапқан дүнием 10 болса, жоғалтқан дүнием - 1-еу… сол біреу менің 10 материалдық жетістіктерімді жоқ қылады…

Ол — анаммен мәңгіге қоштасу. Яғни өмірден ана өткен жыл просто МИНУСҚА КЕТКЕН ЖЫЛ мен үшін. Басқа ештеңені мақтанып, марқайып айта алмайды екенмін. Тіпті жылға қорытынды жасап, нүкте де қоя алмай қиналамын.

Бірақ санаулы күннен соң 2022 тарих парақтарына жазылып, ғасырдың жаңа беті ашылады. Сондықтан биылғы жылы жеткен жетістігімді емес, түйгенім мен ұққанымды тізбектеп, ескі жылға алғыс айтайыншы.

1. Ажал тұмсығымызда екенін ұқтым. “Тәәәк, анау ауырып жүр, сол бірінші кетеді”, я болмаса “Мына кісі 90-ға келді, соның кезегі” дей алмайсың. Алланың қалауы мен планы басқа. Ол біздің кім кететінін реттеп беруімізді қажет етпейді.

2. Соны ұққан соң, өмірді бұрынғыдан қатты бағалай бастадым. Дәл осы сәттен ләззат алуға тырысатын болдым. Нені жасағың келеді, қазір жаса. Ертең білмейсің, не боларын. Қазір сүй, қазір сүйікті бол! Қазір шектеулерден атта. Қазір жаса, шабыттан. Еңбек ет, қазір жемісін же. Тек қазір. Саяхат па? Неге қазір емес??? Неге ертең? Ертеңге гарантияң бар ма??

3. Осыны ұққан соң, жұрттың сөзіне қыңқ етпеуге бел будым. Жұртқа просто бақыт тіле, и олар оттап жатқан жақтағы терезеңді жаба сал. Естіме. Тұлғамын деп қараймын өзіме. Құдай маған қаншама қасиет пен қабілет берген! Анығырақ айтқанда сыйлаған! Ал мен соны шығармай, содан ләззат алмай, жұрттан неге жүрмін қысылып. Жұртта әңгіме ешқашан бітпейді. Ал сенің өмірің бір күні біте салады. Ішіңдегі жасырынған бар қабілетті ашып, еркін самға! Басқалар жай ғана көрермен. Мейлі шапалақ ұрады, мейлі орындарынан тұрып залдан кетіп қалады. Өздері біледі. Ал сахна сенікі. Әдемі ойна, шымылдығың жабылғанда өкінбеу үшін...

4. Осыны ұққан соң, уайым, проблемалармен бетпе-бет келіп, әрбірімен жұмыс жасадым. Қорқыныштарым жасырынған қапасқа шам алып жалғыз кірдім. Ол қараңғы үңгірге енді бірнеше тесіктен жарық сәуле түсіп, тіршілік пайда бола бастады.

Жалғасы бар ✅

15/12/2022

Ауырып қалдым. Денем қақсап, төсекте жатырмын. Сорпа ішесіңдер ма деп, балдарының тамағын тойдырып жүрген папаларын көріп Бердібек: “Папа, сен мама сияқты боп кеттің, мама сен сияқты демалып жатыр”,- деп күледі.

Шынында, бізге осылай ұнайды: Ас бөлмеге тек “тамақ дайын ба” деп немесе тамақ дайын болғанда ғана кіретін күйеуіміз балаларына тамақ құйып беріп жүр.

“Мама” деп жылап келген кішкентайыңды “мамаң ауырып жатыр” деп жетектеп алып кетеді. Жағдайыңды қайта-қайта сұрайды. Асты-үстіңе түседі.

Дәріханадан керек дәрі-дәрмегіңді әкеліп береді. Массаж сұрасаң, оны да істеуге бар. Ойбай, қырық жылдық желаниеңді орындайтын сияқты. Ал сен жатырсың, әрі ауырып, әрі демалып. Қандай ғажап, сияқты ия?.

Біз осылай бұл комфортпен қоса ауруды да жақсы көріп тұрғанымызды терең түсіне бермейміз. Яғни, миды “Ауырған кайф екен ғой” деп сендіреміз. Мынандай жағдай жасалып жатса, созылып жылы көрпенің ішінде терлеп жата берсең күшті сияқты көрінеді. Күйеуіңнің көңілі мен махаббаты бұрынғыдан екі есе артып жатқандай болады. Іштей ауру выгодно сияқты қабылдаймыз.

Мұны психологияда “вторичная выгода” дейді екен. Яғни жаның қиналып ауырғаннан іштей пайда көріп “рахаттанасың”.

Кейде оны өзің білмейсің. Сөйтіп “осы ауру маған неге жабысып алды?” деп күйінесің. Жазылмайсың. Себебі саған осы состояние қатты ұнайды. Оны өзің білмейсің.

Ауырсаң, барғың келмей тұрған жерден қаласың. Күшті емес пе? Ауырсаң, бәрі сені аяйды, жағдайыңды жасайды. Ол да күшті! Балаң киімін бүктеп қояды, қызың ыдысты жуып қояды, ата-енең өздері шайын құйып іше береді, күйеуің үстіңе көрпе жабады, сүйкімсіз жұмысыңнан қаласың. Ой, кайф қой!

Бірақ сол кайфты сен ауырмай да жасай аласың ғой. Көрпе жаба беретін күйеу одан да жалығады. Сенсіз шайын ішетін ата-ене де бетін тыржита бастайды. Жұмыстан көп қалсаң, шығарып жібереді. Бала-шағаңа да сау ана керек. Сен сап-сау күйіңде алдымен өзіңе керексің. ✅

Жоғарыдағы комфортты ауырмай-ақ жасатуға болады. Күйеуіңді ауырмай-ақ сыйлата алға болады. Бала-шағаңа сен ауырмай-ақ киімдерін бүктетіп үйрет, ыдыс жуғызып үйрет.

Мен осыны көктемде психотерапевт креслосында ұқтым. Содан бері ауырмай-ақ кайф өмір сүру үшін еңбектенетін болдым.

Want your school to be the top-listed School/college in Kaskelen?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Алтын ауыл 4
Kaskelen
040900