09/05/2024
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕЛЕРІ-2024
17 наурыз-30 сәуір аралығында еліміздің 7 өңірінде өткізілген 15 пән бойынша 1700-ге жуық оқушы қатысқан білім додасында мектебіміздің оқушылары жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. Мектебімізден ақтық кезеңге 11 оқушы қатысып, оның БЕСЕУІ жүлделі орындармен марапатталды. Сонымен қатар, ерекше көрсеткен жетістіктері үшін үш оқушы ГРАМОТА иеленді.
Барлық оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды ерекше жетістікпен құттықтаймыз! Мектебіміздің мерейі мен абыройы арта берсін!
kz
12/03/2024
5-6 сынып облыстық олимпиада нәтижелері
Математика
Айбарұлы Айбын - 1 орын
Ізтөлеу Санжар - 2 орын
Қазахбай Али - 2 орын
Қазақ тілі
Сержан Қадиша - 2 орын
Қазақстан тарихы
Елешев Мұхамеджан - 2 орын
Мейрам Рамазан - 3 орын
Баймахан Гүлім - 3 орын
Жаратылыстану
Әуесхан Адият - 2 орын
Ағылшын тілі
Амантаева Балнұр - 2 орын
Қаракесекова Әлия - 3 орын
Серкибаев Дамир - 3 орын
1 🥇 6🥈 4 🥉
Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың арасында 1 орын
16 оқушы қатысып, оның 11 жүлдегер атанды
09/02/2024
🥇Нұрмаков атындағы ММЛИ 4-сыныптарды 2024-2025 оқу жылына шақырады!
Құжаттарды онлайн тіркеу жене қабылдау
01.02.2023-15.04.2023 аралығында qabyldau.daryn.kz
сайты арқылы жүргізіледі.
СШЛИ имени Нурмакова объявляет набор в 5-класс на новый учебный год 2023-2024 год.
Онлайн регистрация и прием документов осуществляется 01.02.2023-15.04.2023 через сайт
gabyldau.daryn.kz
08/01/2024
2024 жылдың 4-5 қаңтар аралығында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі бойынша оқушыларымыз 38 жүлделі орын алды.
Барлық оқушыларды, ата-аналарды және дайындаған ұстаздарды кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!🥳🥳
05/11/2023
Мектебіміздің 5«В» сынып оқушысы Қалкен Зере Алматыда өткен «Күншуақ» Республикалық фестивалінде эстрада және дәстүрлі ән конкурсында екі бірдей Гран при иегері атанды. Құттықтаймыз! Дайындаған жетекшісі Дүйсенбков Ұлан ағайға алғысымызды білдіреміз!
03/11/2023
Қазан айының 27-28 күндері Астана қаласында өткен “Жас Көшбасшы 2023” атты құрылтайда оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекші көшбасшыларымен бейресми кездесу өткізді.
Бұл жиынға мектебіміздің “Өзін-өзі басқару ұйымының” президенті Фазыл Аягөз қатысты.
29/10/2023
Мемлекет басшысы 29 қазан
елімізде Жалпы ұлттық
қаза тұту күні деп
жариялады.
Қарағандыда шахта кентінде кайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарына көңіл
айтамыз.
22/09/2023
Фазыл Аягөз- Мектебіміздің 2023-2024 оқу жылының жаңа президенті.
Сайлауда мектебіміздің 94% оқушысы дауыс берді.
Барлық берілген дауыстың 37.1 %-і Фазыл Аягөзге берілді.
19/09/2023
Егер мен мектеп президенты болсам:
📍Nurband оқушылардың өнерлерін одан әрі дамыту.
KUKS-көмек үшін қол соз бағдарламасы.🫂💙
📍JGN-жігерлен (ұялу, қысылу секілді түрлі құндылықтардан арылу) бағдарламасы.🗣️👥
📍NurПремия-оқу жылының соңында өткізілетін мараппаттау рәсімі.🏆🥇
📍Әр тоқсанның басы мен соңында өткізілетін "party"💃🏻🪩
Жалпы негізгі президент болу мақсатым мектеп өмірін қызықты сонымен қатар, саналы өткізу. Салиқалы ұрпақты әрі қарай дамытып, керекті ақпараттармен бөлісе отыра, кейінгі ұрпаққа мұра қалдыру.🤍
19/09/2023
Біздің мақсатымыз — мектеп оқушыларының сапалы білім алуына үлес қосып, мектеп өмірінің қызықты өтуіне қол жеткізу. Осы арқылы кіші сынып оқушыларына дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз.
“Bolaşagyňnyň özgeruin qalasaň, sol özgeristi tap qazir jasa”