21/04/2026
📌 Кураторлық сағат өтті
2026 жылғы 21 сәуір күні университеттің әлеуметтік-мәдени даму жоспары аясында SMM-24-2р, SMM-23-2р, РДГБ-24-2р, РДГБ-23-2р, Тур-23-1к және Тур-23-2р топтарының студенттері үшін «Тәуелді мінез-құлық түрлері» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Кездесуге арнайы шақырылған спикер – облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер-нарколог, психологы Кирьянова Алина Андреевна студенттермен өзекті мәселелерді талқылап, тәуелділіктің алдын алу жолдары мен оның зиянды салдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға үлкен септігін тигізеді.
👩🏫 Ұйымдастырушылар: Аяганова М.П., Хасенханов Н.Б.
🙏 Іс-шараға қатысқан барлық студенттерге, арнайы шақырылған спикерге және ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдіреміз!
📌 Кураторский час состоялся
21 апреля 2026 года в рамках социально-культурного развития университета для студентов групп SMM-24-2р, SMM-23-2р, РДГБ-24-2р, РДГБ-23-2р, Тур-23-1к и Тур-23-2р был проведен кураторский час на тему «Зависимые формы поведения».
Специально приглашённый спикер – врач-нарколог, психолог областного наркологического центра Кирьянова Алина Андреевна обсудила со студентами актуальные вопросы, рассказала о причинах возникновения зависимостей, их последствиях и мерах профилактики.
В ходе встречи студенты активно участвовали в обсуждении, задавали вопросы и получили полезные рекомендации. Подобные мероприятия способствуют формированию здорового образа жизни и профилактике вредных привычек среди молодежи.
👩🏫 Организаторы: Аяганова М.П., Хасенханов Н.Б.
🙏 Выражаем искреннюю благодарность всем студентам, приглашённому спикеру и организаторам за участие и проведение данного мероприятия!
17/04/2026
Ғылым күніне орай Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университетінде профессор-оқытушылар құрамын марапаттау рәсімі жоғары деңгейде өтті. 🎓✨
Жиын барысында Басқарма төрағасы – ректоры Н.О. Дулатбеков ғылым мен білім саласына зор үлес қосып жүрген ғалымдарды марапаттап, олардың еңбегін қоғам дамуына қосылған маңызды үлес ретінде ерекше атап өтті.
«Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен» Жанна Зайнишқызы Арынова – маркетинг кафедрасының профессоры марапатталды.
👏 Марапат иесін құттықтаймыз! Ғылыми жолыңыз табысты болып, жетістіктеріңіз еселене берсін!
15/04/2026
15.04.2026 ж. күні университеттің әлеуметтік-мәдени даму жоспарына сәйкес Маркетинг кафедрасының аға кураторы Б.Е. Айғожин «Жастар арасындағы нашақорлық – дамудың жағымсыз факторы» тақырыбында халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күнге арналған кураторлық сағат өткізді.
Аталған іс-шараға «Логистика» және «Туризм» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері қатысты.
Кураторлық сағат барысында есірткі қолданудың зияны мен оның адам денсаулығына, қоғамға тигізетін кері әсерлері талқыланды. Сонымен қатар, есірткі заттарын тарату және насихаттауға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамаларына сәйкес жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
15.04.2026 г. в соответствии с планом социально-культурного развития университета старший куратор кафедры маркетинга Б.Е. Айғожин провёл кураторский час на тему «Наркомания среди молодежи – негативный фактор развития», приуроченный к Международному дню борьбы с наркоманией и незаконным оборотом наркотиков.
В мероприятии приняли участие студенты 2 курса образовательных программ «Логистика» и «Туризм».
В ходе кураторского часа были рассмотрены последствия употребления наркотиков, их негативное влияние на здоровье человека и общество. Также разъяснена ответственность за распространение и пропаганду наркотических средств в соответствии с уголовным и административным законодательством Республики Казахстан.
15/04/2026
Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің оқытушылары Астана қаласындағы «Астана Опера» театрында өткен В.А. Моцарттың 270 жылдығына арналған концертке қатысты. Концерт барысында Моцарттың аспаптық жанрдағы танымал шығармалары орындалды.
Маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Каусова Ж.А. Астана қаласында өткен «Моцарт аясында» концертіне қатысу және сапарды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.
Преподаватели Карагандинского национального исследовательского университета имени Е.А. Букетова были на концерте, посвященному 270 -летию В.А. Моцарту в театре оперы и балета “Астана Опера”, где прозвучали известные произведения Моцарта в инструментальном жанре.
Старший преподаватель кафедры маркетинга Каусова Ж.А. выражает благодарность за организацию поездки и посещение концерта “Под знаком Моцарта” в Астане.
15/04/2026
Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің оқытушылары Астана қаласындағы «Астана Опера» театрында өткен В.А. Моцарттың 270 жылдығына арналған концертке қатысты. Концерт барысында Моцарттың аспаптық жанрдағы танымал шығармалары орындалды.
Маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Каусова Ж.А. Астана қаласында өткен «Моцарт аясында» концертіне қатысу және сапарды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.
Преподаватели Карагандинского национального исследовательского университета имени Е.А. Букетова были на концерте, посвященному 270 -летию В.А. Моцарту в театре оперы и балета “Астана Опера”, где прозвучали известные произведения Моцарта в инструментальном жанре.
Старший преподаватель кафедры маркетинга Каусова Ж.А. выражает благодарность за организацию поездки и посещение концерта “Под знаком Моцарта” в Астане.
15/04/2026
15 сәуір — “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз❣️
Махаббат — ең нәзік сезім, ең шынайы байланыс.
Қозы мен Баяндай адал, кіршіксіз сезім әр жүректе мәңгілік орын алсын💫
15 апреля — поздравляем вас с Днём влюблённых «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»❣️
Любовь — самое нежное чувство и самая искренняя связь.
Пусть чистая и преданная любовь, как у Қозы и Баян, навсегда живёт в каждом сердце💫
15/04/2026
15 сәуір — “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз❣️
Махаббат — ең нәзік сезім, ең шынайы байланыс.
Қозы мен Баяндай адал, кіршіксіз сезім әр жүректе мәңгілік орын алсын💫
15 апреля — поздравляем вас с Днём влюблённых «Козы Корпеш – Баян Сулу»❣️
Любовь — самое нежное чувство и самая искренняя связь.
Пусть чистая и преданная любовь, как у Козы и Баян, навсегда живёт в каждом сердце💫
14/04/2026
14.04.2026 ж. күні 6В11302 «Логистика (сала бойынша)» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары және Маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Айғожин Б.Е. өндірістік тәжірибе аясында ҚазақмысКоал ЖШС Борлы көмір кенішінің жұмысымен танысты.
Экскурсия еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен танысудан басталып, жоспарлау, құжат айналымын жүргізу, вагондарға тиеу, өлшеу, көмірді сұрыптау, сондай-ақ кеніште қолданылатын техникалармен танысу кезеңдерін қамтыды. Студенттер кеніш аумағына барып, ерекше өндірістік процестің куәсі болды.
Іс-шара барысында білім алушылар кеніш қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Экскурсияны ұйымдастырған Ахмадиев Медет Тасболатұлы және түсіндіру жұмыстарын жүргізген барлық кеніш қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!
Осындай тәжірибелік іс-шаралар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, білікті маман қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
14.04.2026 г. обучающиеся 4 курса образовательной программы «6В11302 – Логистика (по отраслям)» и старший преподаватель кафедры маркетинга Айғожин Б.Е. в рамках производственной практики ознакомились с деятельностью Борлинского угольного разреза компании ТОО «КазахмысКоал».
Экскурсия началась с инструктажа по охране труда и технике безопасности, после чего участники ознакомились с процессами планирования, ведения документации, погрузки вагонов, взвешивания, сортировки угля, а также с техникой, используемой на разрезе. Студенты посетили производственную площадку и стали свидетелями уникального промышленного процесса.
В ходе экскурсии обучающиеся задали интересующие их вопросы сотрудникам предприятия и получили развернутые ответы.
Выражаем благодарность организатору экскурсии — Ахмадиев Медет Тасболатұлы, а также всем сотрудникам разреза за проведенную разъяснительную работу!
Подобные мероприятия способствуют эффективному совмещению теоретических знаний с практикой и подготовке квалифицированных специалистов.
08/04/2026
BUKETOV UNIVERSITY OPEN DAY🌟
04/04/2026
❇️ Маркетинг кафедрасының меңгерушісі Алмас Төлеуұлы мен кафедра оқытушысы, тәжірибелі маман, «Dala» мейрамханасының директоры Есембекова Айсұлу Абайқызының бастамасымен «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары аясында Маркетинг кафедрасының филиалы ашылды.
💠Бұл игі бастама білім мен тәжірибені ұштастырып, студенттерге жаңа мүмкіндіктер жолын ашады. Сонымен қатар, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің барлық қызметкерлеріне, студенттеріне арнайы жеңілдіктер ұсынылады. .rest
❇️Заведующий кафедрой маркетинга Алмас Төлеуұлы и преподаватель кафедры, практикующий специалист, директор ресторана «Dala» Есембекова Айсулу Абайкызы выступили с инициативой открытия филиала кафедры маркетинга в рамках образовательных программ «Туризм» и «Ресторанное дело и гостиничный бизнес».
💠Данная инициатива способствует эффективному сочетанию теоретических знаний и практического опыта, открывая студентам новые возможности. Кроме того, для всех сотрудников и студентов Карагандинского национального исследовательского университета имени Е.А. Букетова предусмотрены специальные скидки. .rest