🏆 Қарағанды технология және сервис колледжінің студенттері XI WorldSkills Karaganda – 2026 өңірлік чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті!
«Сән технологиясы» — Жұмажан Альмира (I орын)
«Шаштараз өнері» — Кудрявцева Лиана (I орын)
«Цифрлық модельдеу» — алғашқы презентациялық байқау, Құрамыс А.Р. қатысушы.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілері Жумина Г.К. және Пикалова Е.В. құттықталды! 🎉
Алдағы ұлттық чемпионатқа сәттілік тілейміз! ✨
🏆 Студенты Карагандинского колледжа технологии и сервиса показали отличные результаты на XI Региональном чемпионате WorldSkills Karaganda – 2026!
«Технология моды» — Жұмажан Альмира (I место)
«Парикмахерское дело» — Кудрявцева Лиана (I место)
«Цифровое моделирование» — первый презентационный конкурс, участник Құрамыс А.Р.
Поздравляем победителей и их наставников Жумину Г.К. и Пикалову Е.В.! 🎉
Желаем успехов на Национальном чемпионате! ✨
WorldSkillsKaraganda2026 ТехнологияМоды ПарикмахерскоеДело ЦифровоеМоделирование ККТиС
#СәнТехнологиясы #ШаштаразӨнері #цифрлықмодельдеу #кктис ҚОББД оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының ББ Worldskills Karaganda
Карагандинский колледж технологии и сервиса
Официальная страница колледжа технологии и сервиса
11/06/2026
Қарағанды технология және сервис колледжінің WorldSkills Karaganda – 2026 XI өңірлік чемпионатындағы жеңістері
2026 жылғы 11 маусымда WorldSkills Karaganda – 2026 кәсіби шеберліктің XI өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
«Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК оқу орнының намысын үш құзыреттілік бойынша лайықты қорғады: «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері» және «Электроника». Сонымен қатар, колледж базасында алғаш рет «Цифрлық модельдеу» жаңа құзыреттілігі бойынша таныстырылымдық байқау ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл мамандар даярлаудың инновациялық бағыттарын дамытудағы маңызды қадам болды.
«Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша сарапшы ретінде Шептунова И.В. жұмыс атқарды, ал байқауға ТТ11-25-1 тобының студенті Құрамыс А.Р. қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша колледж студенттері жоғары кәсіби шеберлік деңгейін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
🏆 «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 2-курс студенті Жұмажан Альмира Жанболатқызы I орынға ие болды.
🏆 «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша 2-курс студенті Кудрявцева Лиана Викторовна I орынға ие болды.
Колледж әкімшілігі жеңімпаздарды және олардың жетекшілері Жумина Г.К. мен Пикалова Е.В.-ны лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды. Бұл нәтижелер мамандар даярлау сапасының жоғары деңгейін, педагогтердің кәсібилігін және студенттердің өз шеберліктерін үнемі жетілдіруге деген ұмтылысын айқын дәлелдейді.
Чемпионатқа қатысушыларды дайындауға және олардың табысты өнер көрсетуіне зор үлес қосқан оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және сарапшыларға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Құрметті жеңімпаздар! Алдарыңызда жаңа жауапты кезең – WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатына қатысу күтіп тұр. Сіздерге өз күштеріңізге сенімділік, жаңа кәсіби жетістіктер, шабыт, табандылық және Қарағанды облысының намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғауды тілейміз.
Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да толағай табыстар мен кәсіби өсулер тілейміз!
#кктис #технологиямоды ҚОББД оқу-әдістемелік орталығы
AFM AI Hackathon 2026 — цифрлық қауіпсіздікке арналған зияткерлік шешімдер.
#кктис #ии #жасандыинтеллект
Участвуйте в конкурсе АФМ AI Hackathon 2026— интеллектуальные решения для цифровой безопасности
#ии #жасандыинтеллект #кктис
📚 25 мамырдан бастап колледж кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырымен таныстыру, тарихи шындықты насихаттау, жастардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру және өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тарихымыздың қайғылы беттерін ұмытпау – болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндет. Жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алу арқылы біз ұлттық жадымызды сақтап, тарихи сананы нығайтамыз.
Көрмеге саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қоғам және мемлекет қайраткерлері туралы, халықтарды күштеп қоныс аудару мен Қазақстандағы ашаршылық кезеңіне арналған кітаптар мен материалдар қойылған.
📖 Көрме еліміздің тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырмандарға арналған.
#31Мамыр
#СаясиҚуғынСүргінҚұрбандары
#ТарихқаТағзым
#АшаршылықҚұрбандары
#КолледжКітапханасы
Өз ательеңді ашқың келе ме?
Немесе сән салонының иесі болуды армандайсың ба?
Мүмкін, өз кәсібіңді ашып, өзіңе жұмыс істегің келетін шығар?
Онда Қарағанды технология және сервис колледжіне оқуға кел!
Мұнда сен сұранысқа ие мамандықты меңгеріп қана қоймай, болашақта өз кәсібіңді ашуға қажетті білім мен тәжірибе аласың.
✅ Тегін оқу ✅ Мемлекеттік шәкіртақы ✅ Тегін ыстық тамақ ✅ Жатақхана ✅ Өндірістік тәжірибе ✅ Жұмысқа орналасуға қолдау
📌 Құжат қабылдау 2026 жылғы 25 маусым мен 27 тамыз аралығында жүргізіледі.
Болашағыңды кейінге қалдырма!
Біздің студенттер қатарынан көрін!
Хочешь открыть собственное ателье?
Или мечтаешь о своем салоне красоты?
А может хочешь открыть свое ИП и работать на себя?
Тогда поступай в Карагандинский колледж технологии и сервиса!
Здесь ты получишь востребованную профессию, практические навыки и знания, которые помогут начать собственное дело и построить успешную карьеру.
✅ Бесплатное обучение
✅ Государственная стипендия
✅ Бесплатное горячее питание
✅ Общежитие для иногородних студентов
✅ Производственная практика
✅ Помощь в трудоустройстве
📌 Прием документов с 25 июня по 27 августа 2026 года.
Не откладывай свое будущее на потом!
Ждем тебя в наше
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
Затаевича 75
Karaganda
100022
Opening Hours
| Monday | 08:30 - 17:30 |
| Tuesday | 08:30 - 17:30 |
| Wednesday | 08:30 - 17:30 |
| Thursday | 08:30 - 17:30 |
| Friday | 08:30 - 17:30 |