Қазақстандық ұстаздар

Қазақстандық ұстаздар

Share

Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі

Еліміздегі ұстаздардың интернет кеңістігінде өзара тәжірибе алмасуын, бір-бірімен үнемі байланыста болуын көптеген мәселелерді ұжым болып талқылауын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.Жұмыла көтерген жүк жеңіл болсын Әріптестер

01/12/2018

«Адам энергетикасының күшін керемет магнит деп айтуға болады.Әсіресе әйел энергетикасы. Мысалы бір әйелдер болады, үнемі жадырап жүреді, той-томалақ болса соның қақ ортасында жұрттың бәрінің көңілін көтереді. Билейді, күледі, ән салады. «Осы сен шаршамайсың әйтеуір» деп жатамыз ғой. Мұндай әйелдердің тартылыс күші керемет! Олармен кездескің келеді, сөйлескің келеді, тіпті кеш жасағанда олар келмей қалса кеш түк те қызық болмай қалады. Олар қиналса да білдірмейді, мойымайды, сынбайды. Ал егер сіз тез шаршайтын болсаңыз, көп ұйқыңыз келе беретін болса сізде энергия тапшы. Сәл мұңайсаңыз өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Тез жеңілесіз. Сіз өзіңіз байқай бермейтін де боларсыз, бірақ бәрі сізден қашады. Себебі сіз маңайыңызды шаршатасыз. Сізде позитив жоқ! Сізде энергия жоқ!
Мысалы екі стақанда су тұр. Біреуі лық толып төгілейін деп тұр, біреуі жарты стақан ғана. Қайсысын ішеді жұрт? Әрине лық толыны. Жарты стақан судың ыдысы мың жерден әдемі болса да, xрусталь болса да, әдемі тастармен көмкерілген болса да шөлдеген адам оған қарамайды. Яғни, қанша әдемі, сымбатты болсаңыз да тасып тұратын энергияңыз болмаса бәрі бекер. Энергия тапшы әйелден еркектер алыстағысы келіп тұрады.
Энергияны қайдан аламыз? Табиғаттан, судан, күннен, баладан, қуанышты сәттерден, спорттан аламыз. Ал еркектер энергияны тек қана әйелден алады! Сондықтан энергиясы мол әйелдің күйеуінің жолы болғыш келеді. Ал ренжу, мұңаю, жылау, ұрысу энергияны құртады. Депрессия барлық күш жігеріңізді сорып алады. Әсіресе ер адамға жиі ренжитін әйелдерде энергия дефицит болып тұрады. Ренжіп келе жатсаңыз дереу шомылыңыз! Салқын суды көбірек ішіңіз. Энергияңызды үнемдеңіз. Керісінше жинаңыз. Көңілді жүретін адамдармен жиірек кездесіп энергия жинаңыз. Қонаққа шақырса «ойбай шаршап тұрмын» демеңіз. Шақырған жерден қалмаңыз. Күйеуіңіз не айтса да мақұлдаңыз. Ерінбеңіз. Далаға көбірек шығыңыз. Душқа түскенде судың астында қимылсыз көп тұрыңыз. Үйде тек күліп жүріңіз. Балаларыңызды көбірек сүйіңіз, қүшақтаңыз. Сізде бәрі жақсы болады. Өмір керемет! Тек қана алға!»

"Ұйқым қанбады" деп арызданба, алда әлі мәңгілік ұйқы күтіп тұр.

Бақытты адам болғың келсе — өткенді қопара берме.

Сүйегі жоқ балық болмайытыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды.

Егер өмірде әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де сізге күліп қарайтын болады.

Бағалай білмегенге бақ қонбайды,
Қуана білмегенге құт қонбайды.

Кешегі күнге - арманмен, бүгін күнге - мақсатпен, ертеңгі күнге - нақтылықпен қарау керек.
Ақымақ болмаңыз, алдыңызға мақсат қойыңыз. Ал сол мақсатқа жету үшін ерінбей еңбек етіңіз.

Үш нәрсе қайтып келмейді: Уақыт, Сөз, Мүмкіндік.
Сондықтан: Уақытты жоғалтпаңыз, абайлап Сөйлеңіз, Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Адам — өз ойының жемісі. Не ойласаң сол болады.

Өмір сүру - сізге берілген сыйлық. Ал бақытты болу - сіздің таңдауыңыз.

Бақытты өмір жоқ - бақытты күндер ғана бар.

Алға ұмтылу - өмірдің мақсаты осы ғой!

16/06/2018

Бір күні бейбіт орнаған екінші отбасыға қызыға да қызғана қараған бірінші үйдің әйелі күйеуіне: «Көршілердің осындай бақытты, тату-тәтті тұруларына не себеп екен, барып көріп келші», -дейді.
Ұрыс пен жанжалдан әбден мезі болған кісі шынымен-ақ көршілердікіне барып терезелерінен аңдып отырады. Әне, әйелі күйеуін жұмысына шығарып салды. Енді кір жууға кірісті. Кенет бірдеңе есіне түсіп кетті ме, асханаға қарай жүгіре жөнелді. Осы уақытта бір керегін ұмытып асығыс үйге кірген отағасы шелектегі суды байқамай аяғымен қағып кетті. Су еденге төгіліп қалды. Асханадан шыққан әйелі өзін кінәлі сезініп жарына:
– Кешірші, мен кінәлімін, деп еді, күйеуі:
– Жоқ, сен мені кешір, байқамаған мен кінәлімін, дейді жымиып.
Әлгі кісі ұнжырғасы түсіп үйіне келеді.
– Иә, көріп келдің бе? дейді әйелі.
– Иә.
– Сонымен?
– Мен барлығын да түсіндім. Бізде бәрініңкі дұрыс, ал оларда бәрі кінәлі...

Want your school to be the top-listed School/college in Esik?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Алматинская область
Esik