Bilim Ekibastuz

Bilim Ekibastuz

Share

Страница отдела образования города Экибастуза

23/05/2026

Екібастұздық педагог республикалық байқаудың облыстық кезеңінде жүлдегер атанды

2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастырған «Don’t worry, be a teacher!» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға Павлодар облысының 26 педагогі қатысып, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін таныстырды.

Байқаудың негізгі мақсаты — педагог мәртебесін арттыру, білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер мен креативті идеяларды қолдау.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша Екібастұз қаласындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Исенова ІІ орын иегері атанды.

Байқау барысында педагогтер заманауи сабақ беру әдістерін, шығармашылық жобаларын және оқушылармен жұмыс істеудегі тиімді тәжірибелерін ұсынды. Екібастұздық мұғалімнің жетістігі өңір педагогтерінің кәсіби деңгейі мен жаңашыл білім беру бағытындағы белсенді ізденісін көрсетті.

-----------

Педагог из Экибастуза стала призёром областного этапа республиканского конкурса

С 18 по 22 мая 2026 года прошёл областной этап республиканского конкурса «Don’t worry, be a teacher!», организованного Инновационным центром развития образования. В конкурсе приняли участие 26 педагогов Павлодарской области.

Главной целью проекта стало повышение статуса педагога и поддержка современных креативных подходов в образовательном процессе.

По итогам областного этапа учитель английского языка экибастузской школы-гимназии №22 имени Султанмахмута Торайгырова Асель Исенова заняла II место.

Во время конкурса участники представляли современные методики преподавания, авторские идеи и эффективные практики работы с учащимися. Успех экибастузского педагога подтвердил высокий профессиональный уровень учителей региона и их активное внедрение современных образовательных подходов.

22/05/2026

💫 Екібастұзда ата-аналарды толғандыратын ең өзекті мәселелердің бірі — балалар қауіпсіздігі мен жасөспірімдер ортасы ашық талқыланды. Осы тақырыптарға арналған қала көлеміндегі ата-аналар жиналысы «Самғау» балалар шығармашылық орталығында өтіп, кездесуге Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, төтенше жағдайлар басқармасының, денсаулық сақтау саласының өкілдері, психологтар және Жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында оқу жылының аяқталуы, жазғы демалысты ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың каникул кезіндегі бос уақытын тиімді өткізу мәселелері көтерілді.

Жиында жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына ерекше назар аударылды. Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, отбасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтау және жасөспірімді қиындықпен жалғыз қалдырмау мәселелері кеңінен талқыланды.

Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық жайлылығына қатысты пікір алмасты. Бүгінде көпшілік ата-ана үшін баланың оқу үлгерімімен қатар, оның өз�

22/05/2026

Екібастұздық оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді

Астана қаласында 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. Білім додасында Екібастұз қаласындағы №13 жалпы орта білім беру мектебінің 7 «Д» сынып оқушысы Маргарита Кужельная орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.

Екібастұздық оқушы республикалық деңгейдегі олимпиадада жоғары білім деңгейін, терең дайындық пен шығармашылық қабілетін көрсетті. Оның жетістігі Павлодар облысы мен Екібастұз өңірінің абыройын республикалық деңгейде таныта түсті.

Дарынды оқушылардың білімін шыңдауға бағытталған олимпиада бірнеше кезеңнен өтіп, қатысушылардың теориялық дайындығы мен пәндік ойлау қабілетін бағалауға негізделді.

Маргаританың жетекшісі — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Ковинько.

Екібастұз мектептерінің оқушылары республикалық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетіп, өңірдегі сапалы білім беру деңгейін дәлелдеп келеді.

--------+-+

Школьница из Экибастуза стала призёром республиканской олимпиады

В Астане прошла республиканская олимпиада среди учащихся 7–8 классов. Ученица 7 «Д» класса школы №13 города Экибастуза Маргарита Кужельная завоевала II место по предмету «Русский язык и литература».

Экибастузская школьница продемонстрировала высокий уровень подготовки, глубокие предметные знания и творческий подход к выполнению олимпиадных заданий, достойно представив город и Павлодарскую область на республиканском уровне.

Олимпиада была направлена на поддержку одарённых школьников и развитие интеллектуального потенциала учащихся. Участники проходили несколько этапов, где оценивались аналитическое мышление, языковая культура и умение работать с художественным текстом.

Руководителем победительницы стала учитель русского языка и литературы Ирина Ковинько.

Сегодня экибастузские школьники уверенно заявляют о себе на республиканских образовательных площадках, подтверждая высокий уровень подготовки и устойчивый интерес к гуманитарным направлениям.

22/05/2026

🇰🇿 Екібастұздық «Жас Сарбаз» жасөспірімдері облыстық байқауда жүлдегер атанды

Павлодар облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Ту ұстаушы тобы» облыстық байқауы өтті. Әскери-патриоттық клубтар арасындағы сайыс Павлодар облысы білім беру басқармасының Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық аймақтық оқу-практикалық орталығы базасында ұйымдастырылды.

Байқауға облыстың білім беру ұйымдарынан 12 команда қатысты. Қатысушылар саптық қадам, әскери сәлемдесу, Мемлекеттік Туды алып шығу және көрсету бойынша шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен саптық даярлық бойынша теориялық білімдерін сынға салды.

Екібастұз қаласының №18 және №10 жалпы орта білім беру мектептерінің құрама командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, облыстық байқаудың қорытындысы бойынша ІІ орынды иеленді.

Әсіресе экибастұздық оқушылардың саптық үйлесімділігі, тумен жұмыс істеу техникасы мен командалық бірлігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

------------

🇰🇿 Экибастузские школьники стали призёрами областного конкурса знаменных групп

В Павлодарской области прошёл областной конкурс «Лучшая знаменная группа», посвящённый Дню государственных символов Республики Казахстан. Смотр среди военно-патриотических клубов «Жас Сарбаз» состоялся на базе Регионального учебно-практического центра физической культуры и начальной военной подготовки управления образования Павлодарской области.

В соревнованиях приняли участие 12 команд из организаций образования региона. Участники демонстрировали строевую подготовку, выполнение воинского приветствия, вынос Государственного флага, а также знания государственной символики и строевой подготовки.

Сборная команда экибастузских школ №18 и №10 показала высокий уровень подготовки и по итогам областного конкурса заняла второе место.

Особое внимание жюри привлекли синхронность действий, чёткость строевого шага и уверенная работа со знаменем.

22/05/2026

📚 Утвержден график приема документов в первый класс

Министерство просвещения РК утвердило поэтапный график приема документов в первый класс на 2026-2027 учебный год.

Прием документов пройдет с 27 мая по 31 августа 2026 года. Поэтапный запуск по регионам предусмотрен для равномерного распределения нагрузки на информационные системы и удобства родителей.

Подать документы можно несколькими способами: через платформу OQU, авторизовавшись через портал электронного правительства, а также очно в организациях образования.

Сроки приема документов:

📍С 18 июня по 31 августа 2026 года Павлодарская область.

22/05/2026

📚 Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқанын кезең-кезеңмен ұйымдастыру кестесін бекітті.

Құжат қабылдау 2026 жылдың 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасында онлайн түрде, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей барып тапсыруға болады.

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей:

📍18 маусым – 31 тамыз Павлодар облысы.

21/05/2026

Екібастұздық педагог облыстық менеджмент байқауында жүлдегер атанды

Екібастұз қаласындағы №11 жалпы орта білім беру мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қуанышбек Ақмағамбетов облыстық «Заманауи менеджмент көшбасшысы – 2026» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленді.

Байқау барысында педагог заманауи басқару тәжірибесін, білім беру ұйымындағы қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиімді жобаларды таныстырды.

Сондай-ақ мектептегі медиацияны дамыту, омбудсмен, ата-аналар қауымдастығы және «Заң және тәртіп» құрылымдарымен өзара ынтымақтастық бағытындағы тәжірибелері жоғары бағаланды.

Байқаудың ерекшелігі — қатысушылардың тек басқарушылық қабілетін емес, мектептегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы нақты тәжірибесін көрсетуінде болды. Екібастұз мектептерінде мұндай бастамалар тәрбиелік жұмыстың жаңа сапасын айқындап келеді.

----------

Педагог из Экибастуза стал призёром областного конкурса по менеджменту

Заместитель руководителя по воспитательной работе средней общеобразовательной школы №11 города Экибастуза Куанышбек Акмагамбетов занял III место в областном конкурсе «Лидер современного менеджмента – 2026».

В рамках конкурса педагог представил современные управленческие практики, направленные на создание безопасной образовательной среды, профилактику правонарушений и развитие воспитательной работы в школе.

Особое внимание жюри уделило опыту взаимодействия с омбудсменом, родительской общественностью и структурами «Закон и порядок», а также развитию школьной медиации и системы профилактики.

Особенностью представленного опыта стал акцент на формировании культуры безопасности и доверительного диалога внутри школьного сообщества. Сегодня экибастузские школы активно внедряют современные подходы к управлению воспитательной средой и профилактической работе.

21/05/2026

Екібастұздық ұстаз облыстық байқауда жүлделі орын иеленді

20 мамыр күні Павлодар қаласындағы Торайғыров университеті базасында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған түркі тілдес халықтарының жазбалары күніне арналған «Түркі жазбалары – мәңгілік мұра» атты облыстық байқау өтті.

Зияткерлік сайыста Екібастұз өңірінің намысын №25 қазақ қыздар гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ментай Көбешова қорғады. Байқау қорытындысы бойынша педагог жүлделі ІІ орынға ие болды.

Байқау барысында қатысушылар түркі жазба мұрасының тарихи маңызы, ұлттық құндылықтар мен тіл мәдениеті бағытында білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Екібастұз педагогтерінің мұндай байқаулардағы жетістігі өңірдегі гуманитарлық білім беру сапасының және ұлттық руханиятқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айқындай түседі.

________

Педагог из Экибастуза стала призёром областного конкурса

20 мая в Торайгыров университет состоялся областной конкурс «Түркі жазбалары – мәңгілік мұра», посвящённый Дню письменности тюркоязычных народов. Организатором выступило управление культуры, развития языков и архивного дела Павлодарской области.

Экибастузский регион на интеллектуальном конкурсе представила учитель казахского языка и литературы школы-гимназии №25 для девочек Ментай Кобешова. По итогам состязания педагог заняла второе место.

Участники конкурса продемонстрировали знания истории тюркской письменности, национального наследия и культуры языка, а также творческий подход к раскрытию темы.

Победы экибастузских педагогов на подобных площадках подтверждают высокий уровень гуманитарного образования и интерес к сохранению духовного и культурного наследия.

21/05/2026

Екібастұздық оқушылар облыстық дебат турнирінде жеңіске жетті

Павлодар қаласында өңірдің үздік мектеп командалары қатысқан облыстық дебат турнирі өтті. Зияткерлік додада Екібастұз қаласының намысын №35 мектеп-гимназиясының оқушылары Мәлике Насреддин, Сафия Абгужинова және Ляйсан Баймұратова қорғады.

Турнир барысында экибастұздық дебатшылар жоғары деңгейдегі сыни ойлау қабілетін, шешендік шеберлігін және өз ұстанымдарын нақты дәлелдей білу дағдыларын көрсетті. Қарсыластар арасындағы тартысты пікірсайыстарда команда сенімді ойын өрнегін танытып, нәтижесінде бірінші орынды иеленді.

Жеңіс қорытындысы бойынша №35 мектеп-гимназиясының командасы қыркүйек айында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Турнирдің үздік спикері аталымымен Ляйсан Баймұратова марапатталды. Сонымен қатар мектептің тағы бір оқушысы Фатима Бунятова дебат қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатқа ие болды.

Екібастұз мектептеріндегі дебат қозғалысы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, сыни ойлау мәдениетін қалыптастыруға және ашық пікірталас арқылы өз көзқарасын сауатты жеткізуге мүмкіндік беріп келеді.

Экибастузские школьники стали победителями областного дебатного турнира

-----------

В Павлодаре состоялся областной дебатный турнир, объединивший сильнейшие школьные команды региона. Честь Экибастуза на интеллектуальных соревнованиях защищала команда школы-гимназии №35 — Мәлике Насреддин, Сафия Абгужинова и Ляйсан Баймуратова.

Во время напряжённых раундов экибастузские школьницы продемонстрировали высокий уровень критического мышления, ораторского мастерства и умение уверенно аргументировать свою позицию. По итогам турнира команда завоевала первое место и получила путёвку на республиканский этап, который пройдёт в сентябре в Усть-Каменогорске.

Индивидуальной наградой отметили Ляйсан Баймуратову — её признали лучшим спикером турнира. Ещё одна представительница школы, Фатима Бунятова, получила благодарственное письмо за вклад в развитие дебатного движения.

Особенностью экибастузской команды стала уверенная культура публичного диалога и умение вести содержательную дискуссию даже в самых сложных раундах.

Photos from Bilim Ekibastuz's post 21/05/2026
21/05/2026

✨ ПРЕМЬЕРА ✨

24 мая в 17:00 театральная студия "Маска" ОДК "Кайнар" приглашаем своих зрителей окунуться в мир восточных чудес, магии и приключений! 🧞‍♂️

• Спектакль-мюзикл
• Старшая группа «Бис»

🎟️Вход: свободный
📍Место: ОДК «Кайнар»

Want your school to be the top-listed School/college in Ekibastuz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


строительная 70 "А"
Ekibastuz