05/06/2026
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ – МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ
Департамент басшысының міндетін атқарушы М. Кәрім 2026 жылдың
3 маусым күні азаматтарды жеке қабылдады.
Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары
А.К. Шотаева ата-ананың өтініші негізінде оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме алу үшін Департаменттің жеке қабылдауында болды.
Департамент басшысының міндетін атқарушы М. Кәрім Қазақстан Республикасының заңдарына, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өтініштерін уақытылы қарау Департаменттің ерекше бақылауында болады.
29/05/2026
ӘДЕП ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУ – ҚОҒАМДЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІ
Жоспарлы жұмыстардың аясында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрім 2026 жылдың 29 мамыр күні Исатай ауданында іс сапарда болып, білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
📌Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылатынын, осы ретте Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті болып саналатына тоқталды.
📌Аталған Жарлықтың 10-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, жеке және қоғамдық ортада өз мінез-құлқымен үлгі болуға тиіс. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді алу барысында өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетуге, оны жеке мүддесіне пайдалануға қатаң түрде жол берілмейтінін атады.
📌Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 жылғы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып, осы бағытттағы жұмысты жандандыру керектігін айтып өтті.
📌Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкіл бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, бірлесіп атқаратын жұмыстарды талқылады.
.atyrau
29/05/2026
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрім 2026 жылғы 28 мамырда Махамбет ауданында іс сапарда болып, аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының
📌6-тармағына сәйкес ұйымдастырылып, оның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы талаптарды және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелерін түсіндіру, сондай-ақ қызметтік әдеп мәдениетін нығайту болды.
📌Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігіне тоқталып, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға заңмен қатаң тыйым салынатынын атап өтті.
📌Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші өз қызметінде ең алдымен қоғам мен мемлекеттің мүддесін басшылыққа алуы қажеттігін ерекше жеткізді.
📌Сондай-ақ, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударылып отырғанын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік қағидаттарын ұстануы, дөрекілік пен бюрократизмге жол бермеуі, мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасамауы және әлеуметтік желілерде де Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы тиіс екенін еске салды.
📌Кездесу соңында бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды.
29/05/2026
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Ш.Кәрім Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Талғатұлының қабылдауында болып, мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері бойынша Атырау облысы көлемінде атқарылған жұмыстардың есебін баяндады.
Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл М. Талғатұлы алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар мен негізгі міндеттерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтауының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі мәдениеті, қоғаммен коммуникация жасау әдебі және мемлекеттік қызмет беделін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату және мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланды.
08/05/2026
30 сәуірден бастап еліміздегі екі мыңға жуық мектептің 100 мыңнан астам 4-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында білім мониторингі өткізіледі.
Бұл мониторинг - оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі - білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
Мониторинг функционалдық сауаттылықтың оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі аясында білім беруге әсер ететін әртүрлі контекстік факторларды анықтау үшін сауалнама жүргізіледі. Оны оқушылар, педагогтер, мектеп басшылары және 4-сынып оқушыларының ата-аналары толтырады.
Зерттеу рәсімі стандартталған және халықаралық тәсілдерге сәйкес ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі халықаралық RCEC сапа белгісін алды.
С 30 апреля среди учащихся 4 и 9 классов более чем 100 тысяч школьников почти из двух тысяч школ страны будет проведен мониторинг знаний.
Данный мониторинг является отечественным исследовательским инструментом, направленным на оценку качества знаний учащихся. Он позволяет анализировать эффективность учебных программ, выявлять направления учебно-воспитательного процесса, требующие совершенствования. Конечный результат мониторинга заключается в подготовке методических рекомендаций на основе комплексного анализа по каждому региону для повышения качества образования.
Мониторинг охватывает направления функциональной грамотности в чтении, математике и естествознании. Кроме того, в рамках мониторинга образовательных достижений обучающихся проводится анкетирование для выявления различных контекстных факторов, влияющих на образование. Его проходят учащиеся, педагоги, руководители школ и родители учеников 4 классов.
Процедура исследования стандартизирована и организована в соответствии с международными подходами. Напомним, в начале 2025 года мониторинг образовательных достижений обучающихся получил международный знак качества RCEC
04/05/2026
«Білім беру жүйесінде Конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбанда 2026 жылдың 30 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалында кездесу өткізілді.
Кездесуге Департамент қызметкерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты.
Кездесу барысында Департамент басшысы Б. Таишев білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – бұл тек заң нормаларын сақтау ғана емес, ол – қоғамда әділеттілік, теңдік және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі екенін, әсіресе 2026 жылғы конституциялық реформалар аясында бұл бағытқа жаңа серпін беріліп отырғанына тоқталып, конституциялық құндылықтарды оқу сабақтары мен тәрбие жұмыстарының мазмұнына енгізудің тиімді тетіктерін ұсынды.
Сонымен қатар, білім беру жүйесінің басты тірегі – педагогтер қауымы. Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелейтін тұлға. Осыған байланысты педагог мәртебесін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Конституциялық реформалар аясында педагогтердің құқықтық қорғалуы күшейтіліп, олардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылуда. Бұл – ұстаз беделін арттырып қана қоймай, білім беру сапасына тікелей әсер ететін фактор.
Конституциядағы білім саласына қатысты негізгі тетіктер талқыланып, педагогтер өз ойларын ортаға салды.
Нәтижесімен Конституцияның маңыздылығы адам құқықтарының басымдығын бекіту – білім беру жүйесінде әділеттілік пен сенімділікті нығайтады деген қорытындыға келді.
19/03/2026
Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Атырау облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Нариман Биғали тағайындалды.
Нариман Биғали — жоғары білімді. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін “Тарих”, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін “Құқық”, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін “Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасау” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдарда Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясында бас маман, “Нуркапстройгаз” ЖШС директоры, Атырау облысы құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Индер аудандық құрылыс бөлімін, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқарып, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
____________________
Назначен руководитель управления строительства, архитектуры и градостроительства Атырауской области
⠀
Распоряжением акима Атырауской области руководителем управления строительства, архитектуры и градостроительства Атырауской области назначен Нариман Бигали.
⠀
Нариман Бигали имеет высшее образование. Окончил Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова по специальности «История», Западно-Казахстанский инженерно-гуманитарный университет по специальности «Право», а также Казахстанский университет инновационных и телекоммуникационных систем по специальности «Производство строительных материалов, изделий и конструкций».
⠀
Трудовую деятельность начал в 2011 году. В разные годы работал главным специалистом Каспийской межрегиональной транспортной инспекции по Атырауской и Мангистауской областям, директором ТОО «Нуркапстройгаз», главным специалистом отдела строительства управления строительства Атырауской области.
⠀
Занимал должности руководителя Индерского районного отдела строительства, руководителя Махамбетского районного отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог, строительства и жилищной инспекции, заместителем акима Махамбетского района.
⠀
До назначения возглавлял управление государственного архитектурно-строительного контроля Атырауской области.
27/02/2026
ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР!
Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде.
Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие.
* САУАЛНАМА ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
* АТЫ-ЖӨНІҢІЗ БЕН ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ
* ТОЛТЫРУ УАҚЫТЫ 2 МИНУТТАН АСПАЙДЫ
Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және талдау жүргізу үшін жинақталған түрде пайдаланылатын болады.
🔗 Сауалнамаға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз:
👉 https://forms.gle/jpoVpLcUUPcNNP9B6
Қатысқаныңызға алғыс білдіреміз!
27/02/2026
УВАЖАЕМЫЕ ПЕДАГОГИ!
В целях изучения мнений педагогических работников о практике применения норм Закона Республики Казахстан «О статусе педагога», проводится анонимный и добровольный онлайн-опрос среди педагогов.
Опрос носит только общественный, информационно-аналитический характер.
* ОПРОС ПОЛНОСТЬЮ КОНФИДЕНЦИАЛЕН
* НЕ ТРЕБУЕТСЯ ФИО, МЕСТО РАБОТЫ
* ЗАЙМЁТ НЕ БОЛЕЕ 2 МИНУТ
Результаты будут использованы в обобщённой форме для анализа и подготовки предложений по совершенствованию соответствующих мер поддержки педагогов.
🔗 Принять участие в опросе можно по ссылке:
👉 https://forms.gle/jpoVpLcUUPcNNP9B6
Благодарим за участие!