Ата-аналар жиналысына уақыт бөліп, белсенді қатысқан барша ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз! 🤝
Сіздердің қолдауларыңыз бен ынтымақтастығыңыз – балалардың жарқын болашағының кепілі. Рахмет сіздерге! 💐
#атырау #балабақша #атыраубалабақша #баламенбірге #
Детский сад Атырау
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Детский сад Атырау, Nursery, Атырау, Atyrau.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ата-аналар мен балалар!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекесі – «Тәуелсіздік күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, азаттығымызды алған күн.
Біздің балабақша ұжымы әрбір баланың бойына отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды дарыту жолында еңбек етуде.
Еліміздің ертеңі – бүлдіршіндеріміз аман болсын, бейбіт күніміз баянды болсын!
Мерекемен!
Ізгі тілекпен: «Хан» балабақшасы ұжымы 🇰🇿✨
#атырау #балабақша #атыраубалабақша
29/10/2025
“Сәлеумай” ересек тобының “Алтын күз” ертеңгілігіне арналған көрнекіліктері 😍🍂🍁
29/05/2025
👩🏫 Бүгін біз сіздерді “Хан” бөбекжай-бақшасының мейірімді жүректі тәрбиешісімен таныстырғымыз келеді — Бралиева Жайнагүл Талғатқызы!
🗓 1993 жылы 8 ақпанда дүниеге келген Жайнагүл Талғатқызы — информатика және бастауыш сынып пәндерінің маманы. 12 жыл ішінде түрлі салада қызмет етіп, мол тәжірибе жинақтаған.
🧸 2024 жылдың тамыз айынан бастап “Хан” бөбекжайында ортаңғы топтың тәрбиешісі қызметін атқарып келеді.
💬 Өзінің айтуынша:
«Тәрбиеші болу — жай ғана мамандық емес. Бұл – дос, психолог, әртіс, әрі балаға екінші ана болу. Мен әр баланың бойындағы ерекшелікті көріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға күш саламын».
🌱 Әр бала — біз үшін бір әлем. Жайнагүл Талғатқызының жан жылуы мен кәсібилігі балалардың күн сайын бақытты әрі сенімді болып өсуіне көмектеседі.
#балабақша #атыраубалабақша #тәрбиеші
27/05/2025
Хан балабақшасының жүрегі – Аружан Мерекеқызы!
Баланың тұлға болып қалыптасу жолында ең алғаш кездесетін жандардың бірі – тәрбиеші.
Аружан Мерекеқызы — осы мамандықты жүрек қалауымен таңдаған, өз ісіне адал, мейірімді тәрбиеші.
Ол “Атырау бизнес және құқық колледжін” «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2024 жылы Аяулым балабақшасынан бастап, қазір Хан балабақшасының ұжымында табысты қызмет етіп келеді.
Қаңтар айынан бастап балалардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, әріптестерімен, ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, жылы атмосфера қалыптастыра білді.
Басты мақсаты — әр баланың даралығын ескеріп, мейірім мен махаббатқа толы ортада тәрбиелеу.
Заманауи педагогикалық әдістерді меңгере отырып, балалардың бақытты да тәрбиелі болып өсуіне үлес қосу.
12/05/2025
Бүгін біз ерекше жанды — Шаханова Мухлиса Шаяхметқызын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Мухлиса Шаяхметқызы — «Хан» балабақшасының ақ халатты мейірімді медбикесі. Ол тек балалардың денсаулығына жауапты маман ғана емес, сонымен бірге әр бүлдіршінге жүрек жылуын сыйлайтын шынайы қамқоршы.
«Еңбек жолымды Исатай ауданында 1984 жылы фельдшер мамандығымен бастадым. 40 жыл бойы фельдшер, фельдшер-лаборант, медбике болып қызмет еттім. Қазір зейнеткер болсам да, өз мамандығымды шексіз жақсы көргендіктен, қол үзе алмай тағы да еңбекке араластым» — дейді Мухлиса Шаяхметқызы.
Мұндай адалдық пен мамандыққа деген шынайы махаббат — нағыз үлгі!
Сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге береке тілейміз!
#медбикелеркүні #құттықтаймыз👏👏👏 #балабақша #атырау
10/05/2025
Жеңіс күніне арналған іс-шарамыздан естелік фотолар🤗🤗🤗
24/01/2025
Ата-аналарымыздың 2гис қосымшасына қалдырған шынайы отзывтары / карусельді жылжытыңыз
Сіздің балаңыз-бізге Аманат!
📍пр. Ермек Серкебаев 1В, Атырау қаласы
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Culinary Team
Attire
Website
Address
Атырау
Atyrau