02/04/2025
Атырауда алғаш рет!
“BN PRODUCTION” киностудиясы Көне Сарайшық қаласында тарихи балалар киносының түсірілімін бастайды!
“САРМАТТАР ІЗІМЕН”
Сіздің де балаңыз қалыс қалмасын!
Бар болғаны 30 мың төле де, түсірілімге қатыс! Бір айға 50 пайыз жеңілдік!
Одан бөлек,
Актерлік шеберліктен мастер-класс
Дауыс қою, жадыны дамыту, камерамен жұмыс, сөйлеп үйрену бойынша дәріс өтеді.
Білікті мамандар
Кәсіби сценарист
Эпизодтық роль- 30 мың
Қосалқы басты рөл- 100 мың
Басты кейіпкер - 200 мың
Бұл киноның тұсаукесері мамыр айында өтеді.
Уои tube - қа салынады.
Бұл фильм Ташкент еліне өтетін “Көне қалалар” фестиваліне қатысады.
Байланыс нөмері:
+ 7 778 679 53 85
BN PRODUCTION шақырады!
15/02/2024
Ең, алдымен “орталық аппараттан” арықта деген сигнал түсті. Сосын, байыңның бір күн жүрсе, екі күн тұратын жаман тракторын сатып, джип ал деп тапсырма берді. Кезінде ел қызыққан, құрдастарының миығынан қарап менсінбеген, бет біткеннің өңдісі Гүлдерайым, отыз жылда ауылына қымбат көлік жүргізіп бармай ма?
Айтты- бітті. Гүлдерайым “ертеңнен” бастап арықтауға «білек сыбана» кірісті. Оған жеп қалған ауыз көне ме, аяғы ас бөлмеге қарай тартыла береді. Түнде “ертең дым жемеймін” деп ант-су ішкен қасқа, бір қараса сорпаға тыңқиып тойып алып, қарынын қырт-қырт қасып отырады. Миды «бір бес келі түсірсем, арық көріне бастаймын. «Ниче». Тез азамын, әлі-ақ көресің» деп алдап қояды да, кеш батса болды күндегі әдетіне басады. Сонымен, межелі күн жеткенде “арықтау” жоспарының күл-талқаны шыққан Гүлдерайым момын байының күнде миын жеп алған ескі «Сантафені» жүргізгенін місе тұтып ауылға қарай “жортты”.
Қайран ауыл. Саған деген сағыныш үдеп бара ма? Мына жол да жақындаған сайын ұзара түскендей. Жетті-ау әйтеуір.
15/02/2024
Тіс(әңгіме) -2: Бір тісі сынғаны аздай, алты айдан кейін тағы біреуі «барса – келмеске» аттанды. О баста «керамика-отаудың» ішіндегі үшеу біреуінің жоқтығын білдірмей тұрса, қазір төртеудің міндетін атқарған жалғыз «Күрекке» барлық күш түсті. Шықпа жаным, шықпа болып ол жүр. Бұрынғы, бұрынғы ма? Ойнамалы болғаны соншалық, енді сірә былқылдап, түшкіріп-пысқырғанда жерге атып ұрылатын болды. Солай тісі «ел аузына» айналып, сырты да, ішіде түтін-түтін боп жүргенде, «30 жылда» бір басқосайық деп құрдастары шақырмай ма? Бұлар да қатырады. Жұрттың “кләстастары” мамырдың жиырма бесінде жиналса, бұның құрдастары қақаған қаңтарға ұйымдастырып отыр. Бұл басқосудың ерекшелігі сол болмақ, жиналғасын қар атысып, аққала, ақшақар жасап ойын ойнап, “қысқы балл” есебінде өтпек - мыс. Мұны естіген Гүлдерайымның іші қан жылады. Енді ше? Түр болса мынау- беттің жалпақтығы шошқаның жүзінен бетер. Тісі бөлек әңгіме. Кезінде мектепті қызылға бітірген Гүлдерайымның қазір көзі ғана - бренд. Басқа мүшелері болдырып тұр. Көңіл шіркін, алып-ұшып барғысы- ақ келеді. Ақыл болса - тежеуіш. Ақыры…..Ми ұзақ ойланып-толғанып, “гитлерский” план құрды да, барамыз деп шешті.
15/02/2024
Тіс (әңгіме) Гүлдерайымның үш ұйықтаса да түсіне кірмепті. Жеті баласы бар, шашы бит-бит, дауысы шаңқ-шаңқ еткен, денесі шардай үріліп, майы аққан, тісі жоқ қатын болам деп ойламаған еді. Жо-жо тісі бар, бар-ау тек….Осыдан бес жыл бұрын бір дәрігер үш тісін егеулеп, керамика салып берген. Жетіншіні босанып келгенде әлгі жасанды тістің ішіндегі біреуі морт сынды. Содан ол байғұс алынбалы-салынбалы. Жырқылдап күлгенде жерге қарай шошаң етіп қайқаяды. Ол жүреді, инемен құдық қазғандай, жерден аласұрып іздеп. Байғұс тіс жерге құлай-құлай үшке бөлінді қазір. Желімдеп алып, кері құтты орнына қондырады. Келе - келе тісі ағайындардың арасында да «хитке» айналды. Бірде туысқандардың арасында ырқылдаймын деп тісі ұшып кетіп, бәрі сол сәтті бағып отырғандай кетік аузына қарай қалып, масқар а болғаны бар. Сасқанынан жалма-жан жерде бүктісіп, дөңкейіп жатқан тісін кері орнына қонжиттты. Бірақ... Түсінгендері іштей мырс-мырс күліп, түсінбеген күйеу баласы бетіне аңтарылып қарап қалмай ма? Өзінің тісі жоқтығы еске түсіп, сол түннің ертесіне «бешірде» отырған «стомотологияда» жасайтын балдызына барып, маған анау «ақтәтеңдікіндей» алынбалы-салынбалы тіс жасатып бер. Рахат екен. Керек кезде алып, ет тіске тұрған кезде тазалап, кері саласың»- демесі бар ма?
- «Ойбай жезде ол «керамиканы» ішіндегі тісі сынғасын сөйтіп жүр, дұрысы түспеу керек» деп әзер түсіндіріпті әлгі балдызы. «Жоқ деймін, сондай тіс керек» - деп ол да қоймады дейді.
Бір тісі сынғаны аздай, алты айдан кейін тағы біреуі «барса – келмеске» аттанды. (Жалғасы бар)