03/04/2018
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ!📝👨🎓
--------------------------------------------------------
Атырау "Білім-Инновация" лицейі білімге құштар, дарынды оқушыға іздеу салады!👍📃🖋
Құжаттарды қабылдау 2-сəуірден басталады!📄
Қажетті құжаттар:
🔹️Туу туралы куəліктің көшірмесі
🔹️ЖСН
⚠️Тіркелуге үміткер оқушының келуі МІНДЕТТІ!
Қабылдау емтиханы Атырау қаласында 29.04.2018
Аудандарда 27.04.2018 өтеді!
Үміткерлерге сəттілік тілейміз! ✌
16/01/2018
Біздің жаңалықтарымызды, қуаныштарымызды, жетістіктерімізді жаңа парақшамыз -нен көре аласыздар! Жіберіп алмаңыздар! 😊
23/10/2017
Қайырлы күн құрметті оқырмандарымыз!
Лицейіміздің атауы өзгеруіне байланысты, жаңалықтарымыз әлеуметтік желілерде жаңа парақшамыз -де шығып жатыр. Сіздермен байланыста боламыз деген үмітпен, бізге жазылуларыңызды сұраймыз. Рақмет.
Атырау "Білім-Инновация" лицейі
20/10/2017
Кеш жарық, құрметті ата-аналар! Қапы қалмаңыздар!
Ертең лицейімізге "Бақытты отбасы" орталығының тренері Елжас ағай келіп, арнайы лицей ата-аналары үшін семинар өткізеді. Жан-жақты тақырыпта сөз қозғалып, сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беретін болады. Басталуы сағат 17:00-де. Лицей ата-аналары үшін семинарға қатысу ТЕГІН. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Бақытты отбасы
Елжас Ертайұлы
31/08/2017
Қыздар лицейінің Facebook парақшасына жазылыңыздар!
Атырау Қыздар лицейі
Атырау қаласында ашылған дарынды қыз балаларға арналған лицейдің ресми парақшасы
25/08/2017
Енді мектептерді жөндеуге қатысты мәселелермен директор айналыспайтын болды (ФОТО) — Атырау газеті
Енді мектептерді жөндеуге қатысты мәселелермен директор айналыспайтын болды (ФОТО) АПТА: ТҮЙІН, Білім, Басты жаңалық, Жаңалықтар 0 2 рет оқылды Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Ол «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үле...
04/08/2017
Тағы да сүйінші!!!
28 шілді - 4 тамыз аралығында Иранның астанасы Тегеран қаласында өткен 29-ыншы Халықаралық Информатика олимпиадасында (IIO) Қазақстан командасы 1 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Айта кететін нәрсе, жүлдегерлердің бәрі "Білім-инновация" лицейлерінің оқушылары екен:
1. Нұрбақыт Мадибеков - күміс - Алматы БИЛ;
2. Санжар Бидайбек - қола - Астана БИЛ;
3. Асхат Жалғасов - қола - Алматы БИЛ;
4. Нұрлыхан Қайырлы- қола - Ақтөбе БИЛ.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алға, Қазақ жастары!!!
22/06/2017
Cүйінші
Оқушыларымыз Республикалық додада топ жарды
Астана қаласы, Назарбаев Университеті базасында ҚР Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен "Транспорт саласы бойынша оқушылар арасында байқау" өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16 команда жасақтарлып, жалпы саны 100-ге жуық оқушы қатысты. Тартысқа толы өткен сайыста Атырау облысының намысын қорғауға аттанған лицейіміздің 10-сынып оқушылары тамаша өнер көрсетіп, Англиядан келген ғалымдардың назарына ілікті. Байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің екі бірдей оқушысы – Айтқали Ануар мен Сұлтан Мадияр жеңімпаз атанып, Лондонға барар жолдаманы жеңіп алды. Енді оқушыларымыз дайындықтарын қайта пысықап, тамыз айында Лондон қаласындағы «Cranfield университетіне» сапар шегетін болады. Оқушыларымызды лицейіміз атынан құттықтаймыз!
Expo 2017 Astana International
Назарбаев Университет
Білім-Инновация Қоры
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК