Onai school

Onai school

Share

Балаларды дамыту орталығы 3-6 жасқа дейін 💚/ Атырау

27/05/2026

Қадірлі ата-аналар!

Сіздерді Onai School ұжымы қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл мейрам – мейірім мен жанашырлықтың, ізгілік пен бірліктің мерекесі. Осы қасиетті күнде шалған құрбандықтарыңыз, жасаған қайырымды істеріңіз бен ақ ниетпен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын.

Әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен тыныштық тілейміз. Балаларымыздың күлкісі әрдайым естіліп, отбасыларыңыз шаттыққа толы болсын.


Коллектив Onai School сердечно поздравляет вас со светлым праздником Курбан Айт!

Пусть этот священный праздник наполнит ваши дома теплом, добром и благополучием. Желаем вашим семьям крепкого здоровья, счастья, мира и согласия. Пусть рядом всегда будут близкие люди, а в каждом доме царят любовь, уют и гармония.

Photos from Onai school's post 26/05/2026

Бүгін біздің сүйкімді Айкөркем 3 жасқа толды 🎂🌸
Кішкентай болса да, көңілді, жарқын мінезімен айналасына жылу сыйлап жүретін Айкөркем, туған күнің құтты болсын! Денің сау, күлкің көп, балалық шағың бақытқа толы болсын. Әрдайым осындай ашық, жарқын, ақылды қыз болып өс! ✨
Біз сені өте жақсы көреміз 💕
Ізгі тілекпен, ❤️

Құрметті біздің кішкентай мақтанышымыз Бауыржан!
Туған күнің құтты болсын! Бүгін сен 7 жасқа толып отырсың. Саған зор денсаулық, бақытты балалық шақ, көтеріңкі көңіл-күй және жарқын болашақ тілейміз. Биыл 1-сыныпқа барып, білім жолындағы алғашқы қадамыңды бастамақсың. Оқуың озат болып, әрдайым биік белестерді бағындыра бер.
Ата-анаңның қуанышы, жақындарыңның мақтанышы болып, ақылды, тәрбиелі, мейірімді азамат болып өс. Барлық армандарың орындалып, жүзіңнен күлкі кетпесін!
Туған күнің құтты болсын, Бауыржан!

Ізгі тілекпен, ❤️

26/05/2026

“Жарты күндік балабақша” тобы дүйсенбі-жұма күндері!

Жарты күндік балабақша - бұл балалар ата-анасыз болуды үйренетін топ, бірақ сонымен бірге олар өздеріне қажетті білімнің бәрін алады 😉

☀️ Балалар мектепте небәрі 4 сағат болады;
☀️ Білім алып, ойын ойнап, жан-жақты дамиды;
☀️ Ең керемет мамандар балапандармен жұмыс жасайды;
☀️ Жеке тұлға ретінде дамиды;
☀️ Шығармашылық жұмыс жасайды;
☀️ Құрдастарымен тіл табысуды, бірге ойнауды, бөлісуді үйренеді;
☀️ Таза ауаға шығып серуендейді;
☀️ Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жасайды;
☀️ Ортаға шығып, өз ойын айтып үйренеді;

Сіздерді дүйсенбіден жұмаға дейін
✅ 2,5-4 жасқа 09.00-13.00 дейін
✅ 4-5 жасқа 14.00-18.00 дейін
✅ Айына 85000 теңге
Мекенжайымыз: Тулебаева стр40 және Нұрсая 5/1

23/05/2026

🎓 9 ай бойы бірге үйреніп, бірге өстік…

Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз мектепке толық дайын болып, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасап жатыр

Осы уақыт ішінде балаларымыз әріп танып, оқып, жазып қана қоймай, өзіне сенімді, тәртіпті, білімге құштар бала болып қалыптасты 🤍

Әр жетістік — үлкен еңбектің нәтижесі.
Біз әр баламызбен мақтанамыз! 🌸

22/05/2026

✨ Бүгін мектебімізде ерекше күн — бітіру кеші 🎓

Біздің кішкентай түлектеріміз мектепке дайындықты аяқтап, енді 1-сыныпқа алғашқы қадамдарын жасамақ 🤍

Бұл — біз үшін үлкен мақтаныш әрі жүрекке жылы сәт…
Ақ жол, кішкентай түлектеріміз! 🌸

21/05/2026

Жарты күндік балабақша

🤩 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды
“Жарты күндік балабақшаға” шақырамыз!

👉Бұл маманмен бірге 4 сағаттық дамыту сабақтары. Ойыншықтармен ойындар ғана емес , сонымен қатар толыққанды бағдарлама, яғни - әр минут жоспарланған.

Жарты күндік балабақша сабақтары кімге қолайлы❓

✅ Балабақшаға әлі бармаған, енді баратын балалар үшін керемет таңдау.

✅Балабақшаға бармайтын балалар үшін құрдастарымен қарым-қатынас өте маңызды.
Ал біздің мектепте бала жарты күнге келіп достарын тауып, уақытын пайдалы өткізе алады.

✅Ал, аптасына 5 рет 4 сағаттан бос уақытын өзіне арнай алатын аяулы аналарымызға жақсы мүмкіндік.

Сіздерді дүйсенбіден жұмаға дейін
✅ 2-4 жасқа 09.00-13.00 дейін
✅ 4-5 жасқа 14.00-18.00 дейін
✅ Айына 85000 теңге
Мекенжайымыз: Тулебаева стр40 және Нұрсая 5/1

Байланыс телефонымыз:
📲87010492666
📲87010492626

20/05/2026

Біз жаз бойы ашықпыз!
Жаз - жаңа бағдарламаны меңгеруге тамаша уақыт.

Ата-аналар жаз мезгілінде сабақты толығымен тоқтатып қателеседі.
Соның салдарынан мектеп басталғалы бала үлгеру үшін көп уақыт пен күш жұмсауға тура келеді.

Баланың миы бұлшықетке ұқсайды: дұрыс жаттығу болмаса, ол өзінің пішінін жоғалтады және тиімділігі төмендейді. Сондықтан демалыс кезінде де миды жаттықтыруды жалғастыру маңызды.

Біздің жаз уақытындағы бағдарламалар:

☀️“Экспресс мектепке дайындық” 5-6 жас
Дүйсенбіден-жұмаға дейін
09.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін
Мекенжайымыз: Төлебаева 40 және Нұрсая 5/1

☀️ Жарты күндік балабақша 2-5 жасқа дейін
Дүйсенбіден-жұмаға дейін
09.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін
Мекенжайымыз: Төлебаева 40 және Нұрсая 5/1

☀️ Бал-бөбек тобы – 1,5–2 жасқа дейін
Сенбі-жексенбі күндері
10.00–11.00 дейін
Мекенжайымыз: Нұрсая 5/1

☀️ Ана мен бала тобы - 2-3 жасқа дейін
Сенбі-жексенбі күндері
12.00–13.30 дейін
Мекенжайымыз: Нұрсая 5/1

☀️3,5-4,5 жас “Бәйтерек”
Сенбі-жексенбі 14.00-17.00
Мекенжайымыз: Төлебаева 40 және Нұрсая 5/1

☀️5-6 жас “Қоңырау”
Сенбі-жексенбі 10.00-13.00/ 14.00-17.00
Мекенжайымыз: Төлебаева 40 және Нұрсая 5/1

☀️ 5-6 лет “Подготовка к школе”
Суббота и воскресенье 10.00-13.00
Адрес: Тулебаева 40

☀️3,5-4,5 “Знайки”
Суббота и воскресенье 14.00-17.00
Адрес: Тулебаева 40

Біз барлық сұрақтарға телефон арқылы жауап беруге қуаныштымыз:
87010492626/66

19/05/2026

✨ Демалыс күндері — тек демалыс емес, даму уақыты!

Біздің «Қоңырау» демалыс күнгі тобы —
ата-аналар үшін ыңғайлы,
ал балалар үшін пайдалы формат 💛

Сенбі-жексенбі күндері балаңыз:
📚 білім алады
🧠 ойлау қабілетін дамытады
🎨 шығармашылықпен айналысады
🇬🇧 ағылшын тілін үйренеді
👫 ортаға бейімделеді

Ең бастысы — бәрі ойын форматында өтеді ✨

⏰ Уақыты:
10:00–13:00
14:00–17:00

👩‍🏫 Әр балаға жеке көңіл
📍 Ыңғайлы локация
💯 Мектепке сапалы дайындық

Балаңыздың демалыс күндерін пайдалы өткізейік!
Топқа алдын ала жазылу ашық 🌿

19/05/2026

☀️ Наша школа работает всё лето — и в будние, и в выходные дни!
Лето может быть не только весёлым, но и полезным 🌿
Записывайтесь — будем проводить лето интересно, активно и с пользой для ребёнка! 💛

📲87010492626/66

Want your school to be the top-listed School/college in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Мукан Тулебаева 40
Atyrau
060000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30
Saturday 10:00 - 17:00
Sunday 10:00 - 17:00