Atyrau Oil and Gas University named after Safi Utebayev

Atyrau Oil and Gas University named after Safi Utebayev

Share

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Photos from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі's post 05/06/2026

🔥🔥🔥

05/06/2026

🌍 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күні

Табиғатты қорғау – бүгінгі күннің талабы ғана емес, болашақ алдындағы жауапкершілік.

ATYRAU OIL AND GAS UNIVERSITY қоршаған ортаны сақтау мен тұрақты дамуды білім беру үдерісінің маңызды бағыты ретінде қарастырады. Университетте жүзеге асырылып жатқан «Green University – Green Society» тұжырымдамасы студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жасыл технологияларды дамытуға бағытталған.

Біз өндіріс пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтай алатын, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосатын білікті мамандарды даярлаймыз. Университеттің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы осы мақсатқа қызмет етеді.

🌱 Экологтарды, ғалымдарды, оқытушыларды, студенттерді және табиғат жанашырларын кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Таза қоршаған орта – ортақ болашағымыз. Жасыл әлемді бірге қалыптастырайық!

05/06/2026

🚀 БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?
Жоғары оқу орнына түсу - өміріңіздегі ең маңызды қадамдардың бірі. Егер сіз сұранысқа ие, беделді маман иесі атанғыңыз келсе, ATYRAU OIL AND GAS UNIVERSITY қуана қарсы алады!
Біз трендтегі және өндіріске ең қажет бағыттар бойынша сапалы білім ұсынамыз. Өзіңізге ұнайтын бейіндік пәндер комбинациясын таңдап, болашақ мамандығыңызды қазірден анықтаңыз.

🎓 БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ:
Бакалавриат (Жоғары білім)
Магистратура (Өндірістік энергетика, Химиялық технология, Автоматтандыру және басқару, Геология және т.б.)
Докторантура (PhD) (Химиялық технология, Мұнай-газ инженериясы)

📞 БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІМІЗ:
📍 Атырау қ., Мұса Баймұханов көшесі, 45А (М. Асаубаева атындағы Креатив орталығы, 1-қабат, №1 кабинет)
📱 Телефондар:
+7 778 707 65 11
+7 701 344 35 47
8 800 080 88 89
8 (7122) 76 60 30
🌐 Instagram:
📧 E-mail: [email protected]

✨ Құжаттарды қабылдау туралы толық ақпарат алу үшін Direct-ке жазыңыз немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз!

04/06/2026

🏆 SAFI QUIZ жеңімпаздары анықталды!

Қазақстан Республикасы Рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбындағы SAFI QUIZ интеллектуалдық сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!

🥇 І орын – «Әділет шырақшылары»
🥈 ІІ орын – «LAB»
🥉 ІІІ орын – «Мұнайшы қыз»

👏 Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен отансүйгіштік рухын насихаттауға қосқан үлестеріңіз үшін рақмет!

🇰🇿 Рәміздеріміз – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы!

Photos from Өңірлік коммуникациялар қызметі - Атырау облысы's post 03/06/2026

🔥🔥🔥
ТАЛАПКЕР НАЗАРЫНА!

Photos from Atyrau Oil and Gas University named after Safi Utebayev's post 03/06/2026

🎓 Уважаемые абитуриенты и родители!

⚡️ Приёмная комиссия ATYRAU OIL AND GAS UNIVERSITY начала свою работу и с радостью ждёт вас!

Мы предлагаем не только традиционные образовательные программы нефтегазовой отрасли, но и современные направления, интегрированные с цифровыми технологиями и элементами искусственного интеллекта (AI).

⚡️ Тесное сотрудничество с индустриальными партнёрами, учебно-производственные полигоны и международные проекты станут надёжной основой для вашего профессионального становления и успешной карьеры.

⚡️ Для того чтобы процесс подачи документов прошёл быстро и удобно, рекомендуем заранее подготовить документы, указанные на изображении.

📞 Если у вас возникнут вопросы, обращайтесь в Приёмную комиссию или звоните по нашим официальным контактным номерам.

Photos from Atyrau Oil and Gas University named after Safi Utebayev's post 03/06/2026

💙 Қымбатты талапкерлер мен ата-аналар!

⚡️ ATYRAU OIL AND GAS UNIVERSITY Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады және сіздерді қуана күтеді! Біз тек мұнай-газ саласының дәстүрлі бағыттарын ғана емес, заманауи трендтерге сай цифрландыру және жасанды интеллект (AI) элементтері біріктірілген озық білім бағдарламаларын ұсынамыз!

⚡️Индустриялық серіктестермен тығыз байланыс, тәжірибелік полигондар мен халықаралық жобалар сіздердің кәсіби тұрғыдан шыңдалуыңызға кепіл болады.

⚡️ Құжаттарды тапсыру барысы жылдам әрі ыңғайлы өтуі үшін алдын ала дайындап қоюды ұсынамыз. Сұрақтарыңыз болса, Қабылдау комиссиясына немесе ресми байланыс нөмірлерімізге хабарласыңыз.

📌Болашақты бірге құрамыз!

Гулзада ШакуликоваРайхан СулейменоваАлмагуль ТурдагалиеваШынар КулмаганбетовнаAkma AbdiAtyrau Oil and Gas University named after Safi Utebayev@

В Атырау начался прием документов в филиал университета им. И.М.Губкина 02/06/2026

🔥 В городе Атырау реализуется один из важнейших проектов в сфере развития инженерного образования. На базе Атырауского университета нефти и газа имени С. Утебаева стартовала приемная кампания для абитуриентов на 2026–2027 учебный год в филиал Российского государственного университета нефти и газа имени И.М. Губкина.

📌

В Атырау начался прием документов в филиал университета им. И.М.Губкина В городе Атырау реализуется один из важнейших проектов в сфере развития инженерного образования. На базе Атырауского университета нефти и газа имени С.

Want your school to be the top-listed School/college in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


M. Baimukhanov, 45A
Atyrau

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00