🎨 МЕН СУРЕТ САЛАМЫН!
Алтын Жұматинаның өнер мектебіндегі сурет үйірмесінен қысқа бейнебаянды ұсынамыз. Сан түрлі түстер әлеміне қош келдіңіздер!
________________
🎨 Я РИСУЮ!
Предлагаем вашему вниманию небольшой ролик о кружке рисования. Добро пожаловать в мир красок и красоты.
Алтын Жұматина өнер мектебі
Творческое пространство для детей и взрослых.
⚜️ Алтын Жұматинаның өнер мектебінде ұлттық мейрам ұлықталды. Наурыз тойы қалай өткендігі жөнінде қысқаша бейнебаянды ұсынамыз!
__________________________
⚜️ Предлагаем вашему вниманию небольшой видеообзор о том, как мы весело провели праздник Наурыз!
24/03/2022
🎼 Баян үйірмесі Алтын Жұматина өнер мектебінде табыс жұмыс істеп келеді. Үйірмеге ақылы және тегін қатысуға мүмкіндіктер қарастырылған. Алғашқы сабаққа келіп музыкалық аспапта орындаудың ғажап әсерін сезініп көріңіз.
📞 +7 701 568 9505
24/03/2022
🎤 Әу демейтін қазақ жоқ. Барлығымыз думанды кештерде немесе караокеде ән шырқағанды ұнатамыз. Ал егер сіздің балаңызда ән айтуға деген қызығушылық болса, дереу бізге хабарласуға асығыңыз. Орындаушылық өнерді тұншықтырмай бойда жатқан зор дауысты сыртқа шығаруға асық болыңыз.
📞 +7 701 568 9505
24/03/2022
⚜️Алтын Жұматинаның өнер мектебіндегі үйірмелер жөнінде таныстыруды одан әрі жалғастырамыз. Кезектегі үйірмелеріміздің бірі - домбырамен ән салу. Бұл үйірмеде оқушыларымыз ұлттық аспапты орындауды игере отырып халық әндерін нақышына келтіріп орындау, вокалдық қабілетті дамыту, музыкалық әуенді тыңдау дағдыларын арттырады.
Домбырамен ән салу үйірмесінде жыраулар өсиеті, халық әндері, дәстүрлі әндер мен жыр-термелер насихатталады. Ендеше қазыналы асыл мұрамызды жаңғыртуға сіз де үлес қоса аласыз.
Үйірмеге жазылу үшін төмендегі нөмірге хабарласуға болады.
📞 +7 701 568 9505
24/03/2022
⚜️ Қорқыт бабаның ізін жалғап, атадан балаға мирас болып келе жатқан көне шертпе өнердің бірі - қобыз өнері.
Аңыз әңгімелерге сүйенсек қобыз үні сырқатқа шипа, жанға дауа болған.
📞 Үйірмеге жазылу үшін +7 701 568 9505
⚜️ Наурыз нақыштары Алтын Жұматинаның өнер мектебінде ⚜️
______________________________
⚜️Праздник Наурыз в школе искусств Алтын Жуматиной
21/03/2022
⚜️ НАУРЫЗ НАҚЫШТАРЫ ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ
Алтын Жұматинаның өнер мектебінде наурыз нақыштары көрініс тапқан мерекелік думан өтті. Үйірмелерде білім алушыларға арналып өткізілген наурыз мерекесіне ата-аналар да атсалысты. Мерекеге орайластырылған сабақтардан соң кіші және орта топтың тәрбиеленушілері ұлттық ойындарға қатысып көңіл күйді көтерді. Өнер мектебінің педагогтары балаларға тақия тастамақ, теңге алу, асық ату, арқан тарту сынды спорттық ойындарды өткізіп, наурыз көжеден ауыз тигізді. Бұл күні қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына сәйкес үлкендерге құрмет көрсетіліп, кішілер мерекелік құттықтауларын арнады.
_____________________________________
⚜️ НАУРЫЗ В ШКОЛЕ ИСКУССТВ АЛТЫН ЖУМАТИНОЙ
В школе искусств Алтын Жуматиной состоялась праздничная встреча в честь Наурыза. В нем приняли участие воспитанники и их родители. После уроков, посвященных празднику, воспитанники малых и средних групп приняли участие в национальных играх, пели песни и исполнили коллективный танец "қара жорға". Педагоги школы искусств провели для детей спортивные игры, такие как тақия тастамақ, теңге алу, асық ату и перетягивание каната.
💐 Праздник международного женского дня в школе искусств Алтын Жуматиной 💐
Поздравляем всех наших любимых воспитанников, дорогих родителей и уважаемых коллег с праздником 8 марта!
Алтын Жуматина
Алтын Жұматина өнер мектебі
09/03/2022
🧎🏻♂️ ОТБАСЫҒА АРНАЛҒАН КӨҢІЛДІ ЖАТТЫҒУЛАР
Алтын Жұматина өнер мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай би үйірмесі "көңілді жаттығулар" атты ашық сабақтарды өткізді. Би үйірмесінің кіші және орта, сондай-ақ жоғары топтардың оқушылары өнер мектебінен меңгергендерін ортаға салды. Ашық сабаққа ата-аналарда қатысып, би жетекшісі Алмагүл Мұқашевамен қазақ, орыс халқының дәстүрлі би өнерінің қимылдарын орындады. Мерекеге орайластырылған ашық сабақта оқушылар өз аналарына жүрек жарды лебіздерін арнап, гүл шоқтарын сыйға тартты.
______________________________________
🧎🏻♂️ ВЕСЕЛАЯ РАЗМИНКА ДЛЯ ВСЕЙ СЕМЬИ
В школе искусств Алтын Жуматиной в честь празднования Международного женского дня 8 марта танцевальный кружок провел открытые занятия «Веселая разминка для всей семьи». Учащиеся младших и средних, а также старших групп танцевального кружка представили свои первые труды которые приобрели в школе искусств. В открытом уроке приняли участие родители, руководитель кружка Альмагуль Мукашева представила традиционные танцы казахского и русского народов. На открытом уроке, приуроченном к празднику, воспитанники подарили своим мамам цветы и открытки.
❤ Анашым, мерекеңмен! 💐
Алтын Жұматина өнер мектебіндегі мерекелік ашық сабақтардан үзінді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Казахстан, Атырау
Atyrau
060004
Opening Hours
| Monday | 08:30 - 19:00 |
| Tuesday | 08:30 - 19:00 |
| Wednesday | 08:30 - 19:00 |
| Thursday | 08:00 - 19:00 |
| Friday | 08:30 - 19:00 |
| Saturday | 10:00 - 17:00 |
| Sunday | 10:00 - 17:00 |