05/09/2023
Тіл мерекесіне орай лицейімізде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктант жазуға лицейіміздің 349 оқушысы қатысты.
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from dosmukhambetov_lyceum, Education, Atyrau.
05/09/2023
Тіл мерекесіне орай лицейімізде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктант жазуға лицейіміздің 349 оқушысы қатысты.
24/08/2023
10 сынып бойынша физика -математика бағыты
Орыс сыныбы -5 орын
Химия -биология бағыты
Қазақ сыныбы -3 орын
Орыс сыныбы-5 орын
11сынып бойынша физика-математика бағыты
Орыс сыныбы-9 орын
Химия-биология бағыты бойынша
Орыс сыныбы -9 орын
Емтихан 28 тамызда өтеді
Өтініш қабылдау 27 тамыз аяқталады
24/08/2023
Атырау облысы білім беру басқарамасының «Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігінің 2020 жылының 20 ақпанындағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымын тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес уақытша бос жұмыс орнына конкурс жариялайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс сыныбына) – 1 маман (1 штат бірлік)уақытша
География пәні мұғалімі (орыс сыныбына)- 1 маман (1штат бірлік) тұрақты
Математика пәні мұғалімі (қазақ сыныбына) 1 маман (1 штат бірлік) уақытша
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немес қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса);
Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;
Наркологиялық ұйымнан анықтама ;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің , педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
Бос лауазымына кандитаттың толтырылған Бағалау парағы.
Орналасқан жері: Атырау қаласы М.Әуезов көшесі 12
Байланыс телефоны:306050
Электронды пошта: [email protected].
30/05/2023
Атырау облысы білім беру басқармасы мен Таланттарды анықтау және қолдау орталығы қолдауымен Республикалық пәндер олимпиадасымен мен ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлерін марапаттау шарасы өткізілді.
14/05/2023
Атырау қаласында өткен BARSY JUNIOR Чемпионат академиясынан лицейіміздің 9 “а” сынып оқушысы Бегімжан Әділет І орынға ие болды. Сонымен қатар, “Үздік ауыр шабуылшы” номинациясы бойынша диплом иеленді. Құттықтаймыз!🏆
13/05/2023
Бүгінгі өткен Атырау облысының чемпионатында жеңіл атлетикадан Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицей ІІІ орынмен марапатталды.
12/05/2023
Жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында өткен “Мағжан оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Жасынан оқу оқып, өнер қуған…” бағаты бойынша жүлделі ІІІ орын алған 9 сынып оқушысы Шора Арайлымды құттықтаймыз!
12/05/2023
Лицейімізде 11 сынып оқушыларына "Ұбт тапсыратын оқушыларға арналған жаттығулар" , "Ұбт-ға бірге дайындаламыз" тақырыптарында оқушы бойына жігер беріп, өзіне деген сенімділігін нығайту мақсатында тренинг сабақтар өткізілді. Мұнда психолог топтық ойын жаттығулар жүргізілді, жаднамалар таратты. Оқушылар тренинг барысында білім сынағы кезінде орын алатын оқушылар бойындағы қорқу мен қобалжудан арылу, оқушы бойына жиналған стрессті шығару жаттығуларын үйренді, өздеріне қажетті ақпараттар мен психолог кеңесін алып, кері байланыс арқылы тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы тілектер арнады.